Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі


Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар



бет19/22
Дата28.11.2023
өлшемі456 Kb.
#484731
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сынып жетекші материалдар

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар.
Сыныптан тыс сабақтардын тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бір қатар талаптарды сақтауга байланысты. Ең алдымен олардың коммунистік нысаналылығы мен саяси бағыттылығын камтамасыз етудің маңызы зор. Бұл талапты сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерін таңдаған кезде, оны жоспарлау және ұйымдастыру процесінде, қорытынды шығарган кезде сақтау қажет.
Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың ен маныздыларының бірі- оның өмірі мен, коммунистік құрылыс практикасымен тыгыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуга және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.
Сыныптан тыс сабақтардың мазмұны мен ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Үйірмелік және бұқаралық сыныптан тыс жұмыс үшін жалпы білімді және политехникалық дүниетанымды кеңейтуге, адамгершілік және еңбек тәрбиесін беруге, саяси сананы, эстетикалық талғамды және дене қуатын дамытуға септігін тигізетін материал іріктеудің маңызы үлкен.
Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыруға қойылатын маңызды талап -олардың қолдан келерліктей, шама жетерліктей болуы. Шама жетпейтін сабақтар қажетті нәтиже бере алмайды. Олар оқушылар үшін қызыкты емсс, оларды еліктірмейді. Олардың бастауыш сыныптарда қолдан келерліктей болуын қамтамасыз ету ерекше қажет. Бұл сыныптардағы үйірмелік және бұқаралық жұмыстарда әр түрлі ойындар және бұқаралық жұмыстарда әр түрлі ойындар мен ересектер, романтика элементтері үлкен орын алады. Мұнда қарапайым қол жұмысымен айналысу, сыныппен немесе оқушылардың топтарымен жүргізілетін жалпылама жұмыс формалары мен әдістерінің оқушылардың даму деңгейіне сәйкес келуі - педагогикалық талаптардың бірі.
Акырында, сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі-олардың алуан түрлі және жаңа болуы. Оқушылардың бір сарынды, біркелкілік пен іш пыстыратын іске төзбейтіні белгілі. Олар бір сарынды сабақтарға ынта көрсетпейді. Оларға қатыспайды, оларды өткізген кезде тәртіп бұзады. Оқушылар үйірме сабақтарына, ертеңгіліктерге, оқушылар
конференциясына ықыласпен барулары үшін онда тартымдылық, алуан түрлілік, жаңалык болуы керек.
Сынып жетекшісі- оқушылардың сыныптағы тәрбиесін
ұйымдастырушысы. Сыныптағы тәрбие жұмысын барлық мұғалімдер жүргізеді. Оның негізгі ұйымдастырушысы - сынып жетекшісі. Ол сыныптың оқушылар ұжымын топтастырады және тәрбиелейді, мұғалімдердің немесе оқушылардың ата-аналарының және жұртшылық өкілдерінің тәрбиелік күш-жігерін біріктіреді. Мұның өзінде ол осыны сынып ұжымының ерекшеліктерін және тәрбиеленушілердін жеке-дара ерекшеліктерін, олардың дамуы мен тәрбиелік деңгейін есепке ала отырып істей алады.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен тәрбиелеу, оқушыларды сыныптан тыс тәрбиелік іс-әрекеттің әралуан түріне тарту. Оның назары, әрине сыныптағы оқу жұмысын ұйымдастыру, білім сапасын арттыру мәселелеріне де ауып отырады. Бірақ оларды шешуге ол ең алдымен тәрбиеші ретінде қарайды және бұл үшін тәрбиенің әр түрлі формалары мен әдістерін пайдаланады. Бастауыш ұжымын ұйымдастыра және топтастыра отырып, сынып жетекшісі сабақтан тыс іс-әрекет процесінде бүкіл мектептік ұжыммен және оқушылардың басқа да бірлестіктерімен оның дұрыс өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің негізгі бөлімдері мыналар болып табылады: оқушыларды зерттеп білу, сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу, білім сапасын арттыру және тәртіпті нығайту, сабақтан тыс (сыныптан тыс) жұмысты, қоғамға пайдалы әр түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру және өткізу, мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттерін үйлестіру, ата-аналармен, жұртшылық ұйымдары өкілдерімен тұрақты байланыс, оларды балаларды тәрбиелеуге тарту. Осы бөлімдер жинақтала келіп сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесін құрайды. Осылардың біреуінің өзін алып тастаса, жұмыс жүйесі бұзылады. Мәселен, егер сынып жетекшісі оқушыларды күн сайын зерттеп біліп тұрмаса, оқушылар ұжымын тәрбиелеу мен ұйымдастыру міндетін ойдағъдай шешу оның қолынан келмейді. Сынып ұжымдарын топтастырмайынша, сынып тәрбие жұмысын ұйымдастыру тіпті мүмкін емес. Отбасы мен ата-аналар талаптарының бірлігіне қол жетпейді. Жалпыға бірдей орта білім беру жағдайында сынып жетекшісі жұмысының жүйесінде оқушыларды кәсіптік саналылықпен таңдауға, материалдық өндіріс саласында белсене еңбек етуге әзірлеу ерекше үлкен орын алады.
Сыныптан тыс жәнс мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы. Мектептерде сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының ақымының кеңейуі жәнс тәрбиені мектептен тыс жерлерде де жүргізу қажеттілігі сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының қызмет орнын өндіруді талап етті. Оның іс-әрекетінде ұйымдастырушылық, әдістемелік және әкімшілік қызметтері табиғи үйлесіп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет