Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі


Ұйымдастырушы қызметінің негізгі бағыттары қандай?



бет20/22
Дата28.11.2023
өлшемі456 Kb.
#484731
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сынып жетекші материалдар

Ұйымдастырушы қызметінің негізгі бағыттары қандай?
Ол ең алдымен, сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлайды және ескереді, жалпы мектеп көлемінде «Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс» бөлімін әзірлейді және безендіреді. Мектеп директорымен және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен тізе қоса отырып ұйымдастырушы алдыңғы оқу жылындағы тәрбиенің негізгі міндеттерін анықтайды, оқушылар тартылып, айналысатын іс-әрекеттердің түрлерін қарастырады және мектеп көлеміндегі негізгі тәрбиелік шараларды белгілейді. Бұдан бұлай ұйымдастырушы жоспардың қалай орындалатынын қадағалайды, тәрбие жұмысының нәтижелерін ескеріп отырады.
Ұйымдастырушы жұмысындағы бағыттардың бірі-сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің тәрбиелік іс-әрекетін үйлестіру, оларға әдістемелік көмек көрсету. Ол сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерін таңдауға жәрдемдеседі, мұғалімдердің күш-жігерін біріктіреді, олардың тәрбиелік іс-әрекеттеріне бағыт береді. Мектеп директорының тапсыруы бойынша ұйымдастырушы сынып жетекшілерінің жоспарларын қарап, бекітеді. Оған әдетте сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігіне басшылық жасау, олардың педагогтық шеберліктерін арттыруына көмектесу де жүктеледі. Осы мақсатпен ұйымдастырушы тәжірбие алмасуды жүргізеді, педагогикалық әдебиеттегі жаңалыктарды ұсынады, тәрбие мәселелері жөніндегі мейлінше қызықты кітаптарды талқылауды жүргізіп отырады. Мектеп директорымен және директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасарымен бірге ұйымдастырушы сыныптан тыс жұмысты өткізуге барлық мұғалімдерді және мектептің басқа да қызметкерлерін (ұзартылған күн топтарының тәрбиешілерін, мектеп кітапханашысын, дәрігерді) тартады. Сыныптан тыс жұмыс (коғамдық-саяси, туристік-өлкетану немесе спорттық жұмыс) бөлімдерінің бірін ұйымдастырушының өзі басқарғаны жақсы. Мұндай жағдайда ол мектепте және одан тыс жерде сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға күштірек әсер ете алады.
Ұйымдастырушы өз қызметін тәрбие жұмысын жүргізумен ғана шектейді де оқу процесінен босатылады деп ойлауға болмайды. Оқытудың тәрбиелік ролін арттыру – оның міндеттерінін бірі. Ол басқа мұғалімдердің сабақтарына жүйелі түрде қатысып отырады. Мұндай қатысу ең алдымен тәрбиелік мақсатта жүреді. Ұйымдастырушы мұғалімнің тәрбие міндегтерін қалай шешетінімен, бұл үшін қандай формалар және әдістер қолданатынымен, оқушылар ұжымына қалайша сүйенетінімен танысады. Бұл озат мұғалімдердің тәжірибелерін қорытып-талдауға және таратуға, жұмысты жаңадан бастағандарға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушының іс-әрекет міндегі тағы бір бағыт - оқушылардың тұратын жерлерінде тәрбиелеу. Бұл үшін мектептердің кіші аудандарында бар тәрбиелік мүмкіндіктерді пайдаланудың маңызы үлкен (мәдени ағарту, мектептен тыс мекемелермен, кәсіпорындары және мекемелердің қоғамдық ұйымдарымен, тұрғын үй коммуналдык бөлім жанындағы ата-аналар активімен т.б. байланыс орнату). Соңғы уақыттарда сенбі және жексенбі күнгі клубтар кең етек жайып келеді. Олар жұртшылыктың белсене қатысуымен балалар тұратын жерлерде ұйымдастырылады. Ұымдастырушы оларға экскурсияларды және туристік жорыктарды, әр түрлі мәдени көпшілік шараларды өткізуге көмектесе алады.
Ұйымдастырушының мектеп, отбасы. жұртшылық, өндіріс ұжымдарының тәрбиелік күш-жігерін тұтастыруды қамтамассыз етудегі ролі ерекше зор. Ол нақты жағдайларды есепке ала отырып, ата-аналар жиналыстары, оқушылар мен жас жұмысшылардың бірлескен еңбек істері, оқушылардың өндіріс озаттарымен кездесулері, ата-аналарды үйірмелерге, секцияларға, өнерпаздар клубтарына жетекшілік етуге тарту сияқты формалар мен әдісті шығармашылықпен пайдаланады, кәсіпорындардағы отбасыға және мектепке көмек көрсету және мектеп кіші ауданындағы тәрбие жұмысы тұрақты байланыста болады. Балаларды тәрбиелеуде бірлескен жұмыстың табысты болуы ата-аналардың, ата-аналар комитеттері, мектепке көмек көрсету, көне тұратын жерінде көмек көрсету мүшелерінің педагогикалық мәдениетін көтеруге көп байланысты. Сондыктан да сыныптан тыс мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінде педагогикалық бітімдерді насихаттау ерекше үлкен орын алады. Бұл жұмысты ол мектептен тыс мекемелермен, кәсіпорындары және мекемелердің қоғамдық ұйымдарымен тығыз байланыса отырып өткізеді.
Өндірістік ұжымдар ұйымдастырушыға оқушыларға кәсіптік бағдар беру жөніндегі жұмыста, олардың кэсіптік таңдауына, әр түрлі кәсіптерге арналған тақырыптың кештер, өндірістік экскурсиялар өткізуге айтарлыктай көмектерін көрсете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет