|
Мұғалім сөзі: Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән - ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
1 – маусым
Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20 – қараша
Балалардың дүниежүзілік күні
10 – желтоқсан
Адам құқығы күні
(Оқушылар ойын тыңдау)
Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?
Сонымен қатар елімізде бала құқығының сақталмауы, яғни бұзылуына байланысты келеңсіз оқиғаларда кездеседі. Солардың бірімен танысайық. Сіздерге ақпарат құралдарында жарияланған «Темірланның хатымен» таныстырғым келеді.
«Темірланның хаты»
«Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция!
Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру»
Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ.
Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін.
Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.
Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.
Сәлеммен Темірлан.»
- Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Темірланға қандай сипаттама берер едің?
Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі?
Өздеріңмен қатар Темірлен атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
Балалар, әркім өз атына Темірланға хат жазып, жүректер шыққан сөздерімізді қағаз бетіне түсірейік.
«Темірланға хат» жазу. Оқушыларға 5 - 6 мин уақыт беріп, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік беру.
|
- Мен мектепке баруға, оқуға, хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.
- Мен қыста сырғанауға, ойнауға, сурет салуға, бестік баға алуға құқықтымын.
- Мен демалуға құқықтымын.
- Мен ауырып қалсам, дәрігер шақыруға, емханада жатып емделуге құқығым бар.
- Мен өз елімнің еркін азаматы болуға, мектепке баруға, өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.
- Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға, серуендеуге құқығым бар.
- Мен дүкенге баруға, ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.
- Ойнауға, туыстарыма қыдыруға құқығым бар.
«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?
- Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар. Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей. тек жақсылық істеуге құқықтымын.
- Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға, қыдыруға құқықтымын.
-«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес, бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.
- Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.
«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан кесіп ………..
- Кішкене баланы …………
- Қыз баланы …………..
- Сабақтан ………………………
- Сыныпта …………………….
- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні …………………………(сыйлау керек)
- Үлкеннің ……………………………(тілін алу керек)
- Үлкендерге …………………………(сәлем беру керек)
- Кішілерге …………………………………(қамқорлық жасау керек)
- Аналарды, апаларды ……………(сыйлау керек)
- Оқу құралдарын ………………………(күтіп ұстау керек)
Оқушылардың пікірі тыңдалады.
|
Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі, ҚР Конституциясы.
|