Сынып сағаты Мектеп атауы



бет4/44
Дата06.04.2023
өлшемі0.58 Mb.
#471837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
472 тәрб сағ

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең
/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әркеті

Ресурстар



13.09

Бүгінгі «Семей полигоны - тарихтың қасіретті беттері»атты экологиялық кешімізге хош келдіңіздер!
(Интерактивті тақтадан «Детство»күйі ойнап жатады. Әсем күйдің ырғағымен интерактивті тақтадан қазақ елінің көркем табиғаты көрсетіліп жатады)
1949 жылы тамыздың 29 бұл қазақ халқына таңба салған күн болды, әсіресе Семей жұртының жүрегіне жазылмас жара болып жабысқан қаралы сәт. Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлттық ақыл- ойдың алыптарын өмірге акелген ұлылар мекені, қазақ руханияты мен мәдениетінің орталығы Семей жері қырық жыл бойы жүргізілген сынақтар салдарынан экология бұзылып , халық адам айтқысыз зардап шекті.Бір сәтте ешкімнің келісімісіз ұлы ақын елі ұлы атом еліне айналды Бұл жойқын жарылыс Абыралының Дегелең тауын тітірете теңселтті. Семей полигоны зардабы қырық жылға созылды .
Олай болса, келесі кезекті экрандағы бейнетаспаға назар аударайық.


Сұрақ-жауап кезеңі:
1.: -полигон аумағында түрлі зерттеу,эксперименттік жұмыстар жүргізілгенін білеміз. Түрлі тәжірибе алаңдары болғандығы айтылып жүр, сол туралы тоқталсаңыз?
Жауап: Ең бастысы «Тәжірибелік алаң». Осы алаңда 1963 жылға дейін ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Екіншісі, «Дегелең» тәжірибелік алаңы, онда жер асты ядролық жарылыстары жасалды. Үшіншісі, «Балапан» алаңы, онда жер асты жарылыстары жасалды.
2.Семей қаласында «Бурцелезге қарсы 4-ші диспансер» деп аталған больницада кімдер емделді? Адам бойында радиацияның мөлшері қаншаға жеткенде қауіпті жағыдай туады?
Жауап: Онда науқас адамдарды емдеген жоқ, ғылым мен келешек үшін деген желеумен радиацияның тірі организмге тигізген әсерін зерттеді. Кейін де бұл «диспансер» жұмыс істей берді, бірақ, «Радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институты» деп аталады. : Медициналық өлшем бойынша әр адам жылына 0,5 бэрден артық радиация алуына болмайды. Бүл рак, ақ қан, жүрек-қа

1 - оқушы:
Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің!
2-оқушы:
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы өте ауыр болды.. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын .1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. «Заман - ай»- Қазақстандағы Семей полигонының қасіретіне арналып шығарылған ән. Бұл әннің өлеңін жазған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулетов, әнін жазған қазақ халқының сазгері Төлеген Мұхамеджанов сынды ағаларымыз елінің қасіретін барша әлемге жеткізді.
Тарихшы:
Семей ядролық полигонын ашу туралы КСРО Министрлер Кеңесі шешімі 1947 жылы 2 тамызда қабылданды.1948 жылдың шілде айында полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастады. 1949 жылы 29 тамыз күні Семей ядролық полигонында алғашқы жарылыс жасалды. Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіп кешені Қазақстан тұрғындарына қарсы жарияланбаған соғысты бастап кетті. Бұл қасірет 40 жылдан астам уақытқа созылды. : 1989 жылы ақпанда « Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Осы қозғалыстың нақты жетістіктерінің бірі-өте қысқа мерзім ішінде халықтың бас көтеруі арқасында Семей полигонындағы ядролық жарылыстың санын азайтуға көмектесті. Ол қозғалыстың жетекшісі — О.Сүлейменов. 1989 жылы 6 тамызда – Қарауыл ауылы жанында «Невада-Семей» Қозғалысының ұйымдастыруымен митинг өткізілді. Қаралған мәселе: КСРО мен АҚШ .Сынаққа бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылдады.
Физик:. 1949-1953 жылдар аралығында жасалған сынақ Долон, Белтерек, Саржал, Қарауыл және Қайнар елді мекендерінің аумағында 150 рентген-сағатқа дейін білінді.1949 жылы Қайнар мен Белтеректегі радиоактивті фон 130-140 р-сағ.. нақты деректер бойынша 248 р-сағ. болды. 1951 жылы сәулелік зардап шегу дозасы Қайнарда 248 рад., Саржалда 220 рад., Қарауылда 260 рад. көлемінде болды. Қазақстан аумағында барлық жиынтық қуаты 50 мегатоннадан асатын 470 ядролық жарылыс жасалды.
Философ:
Семей поигонының ықпалы көш-қон мәселесіне де қатты әсер етті.1990 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 32,4 мың адам Семей облысына сырттан келсе, 37,8 мың адам тұрғылықты жерден, яғни, Семей өңірінен басқа жаққа орын ауыстырған. Тек1990 жылы ғана облыстан 18,9 мың адам сыртқа қоныс аударса,12,8 мың адам көшіп келген. Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының халық саны да өте көп мөлшерде азайған.





1. Интерактивті тақта материалдары
2. Эмблема: Экология және балалар
3. Ядролық жарылыстар - видео фильмдер, ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың суреттері - слайдтар.
4. Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев т. б. суреттері мен кітаптары.
5. Ұлы адамдар сөзінен цитаталар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет