2-тапсырма
1.«Ұл бала мен қыз бала тәрбиесі»
Венн диаграммасы
(ата-аналар мен мұғалімдер)
2. «Менің отбасымның дәстүрлері»
Постер жасау
(оқушылар)
|
«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп Елбасымыз атап өткендей біздің балаларымыздың рухани тамыры отбасында жатыр.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөз бар. Қазіргі қоғамда ұл мен қыз тәрбиесіне көп сын айтылып жатады. Міне, менің оқушыларым 5-сыныпқа өтіп, үлкен аға-әпкелеріне қарап бой түзеп келеді. Осы тұста ата-аналар мен ұстаздар тарапынан балаларымызға ақыл кеңесті айтып отыруымыз заңдылық. Қазір ата-аналар мен ұстаздар балаларға арнап ұл мен қыздың тәрбиесі туралы кеңестер жадынамасын жасап шықсаңыздар.
Оқушылар «Менің отбасымның дәстүрлері» атты постер жасайды.
|
Ата-аналар мен ұстаздар Венн диаграммасы арқылы ұл бала мен қыз бала тәрбиесі туралы жадынама жасап шығады.
Балалар бірлесе отырып әрқайсысы өздерінің отбасыларындағы жақсы дәстүрлерді естеріне түсіріп, постерге жазады.
|
10 минут
|
3-тапсырма
«Туған жерім –тұғырым»
«Есіл ауданының киелі жерлерінің картасы»
(ата-аналар)
«Есіл ауданынан шыққан атақты адамдардың тізбесі»
(мұғалімдер)
«Мен Отаныма не беремін» эссе
(оқушылар)
|
Әр бала ана тіліне, салт-дәстүрге сыйластықпен, сүйіспеншілік қарауға үйренеді, Отанды сүю, оған қамқорлық көрсету осы отбасынан қалыптасатынын біледі. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді жадында сақтайды.
«Туған жерім – тұғырым» деп аталатын келесі тапсырманы орындамас бұрын Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан үзінді келтіре кеткім келеді: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атаулының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс».
|
Достарыңызбен бөлісу: |