«синтаксистік стилистика» пәнінің


Тыныс белгісін қолданудың үш белгісі



бет2/3
Дата07.07.2016
өлшемі0.49 Mb.
#183671
1   2   3

1. Тыныс белгісін қолданудың үш белгісі.


2. Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі.

3. Интонациясы мен мағынасы.

Пунктуация системасындағы белгілерді мағынаға қарай дұрыс қолданудың маңызы зор,себебі бір тыныс белгісінің беретін бірнеше мағынасы болады. М. Н. Петерсон «один знак может иметь несколько употреблений и наоборот, одно и то же являние может обозначаться различными знаками», - деп өте дұрыс айтқан. Тыныс белгілерін дұрыс қолдану үшін, мүмкіндігі болғанша, олардың әрқайсысының қызметін даралап, оларға берілетін ережелерді бірыңғайластыру керек.

Тыныс белгілерінің ережелерін бірыңғайластырумен бірге, әрбір тыныс белгісінің бір ғана атпен аталуын да бірыңғайластырған жөн. Мысалы кезінде нүктені «ноқат», «ұлы тыныс» десе, үтірді «қайырма», «кері үтір» деп атаған, ал нүктелі үтірді «үтірлі ноқат», «үтірлі нүкте» деп атаған, сонымен қатар қос нүктені «екі нүкте», «екі ноқат», «қабат белгі» деген терминдік атаумен атаған екен.

Дегенмен ғылыми айналымда қазіргі таңда пайдаланатын терминдеріміз: нүкте, көп нүкте, қос нүкте, үтір, нүктелі үтір, сызықша, тырнақша, сұрау белгісі, леп белгісі және жаңа жол (немесе абзац).

Тыныс белгілері дұрыс қойылмауы да кездеседі. Мысалы, кейде дефис пен сызықша бір көлемде қойылады. Бұдан мағынаға онша нұқсан келмейді, бірақ дефистің морфологиялық белгісін айыра алу керек. Тыныс белгісіне кірмейтін морфологиялық дефис сызықшаның жарты сызығындай ғана көлемде қойылуға тиісті. Осы тәрізді, тырнақшаның алғашқы сыңарын тырнақшаға алынатын сөздің я сөйлемнің бірінші сөзінің төменгі жағынан ашудың орнына, оны сөздің жоғарғы жағынан ашып, екінші сыңарын тырнақшаға алынған сөздің я сөйлемнің соңғы сөзінің нүкте қойылатын жерінен төменірек қоюшылық бар. Леп белгісі мен сұрау белгісінен соң қойылуға тиісті көп нүкте кейде дұрыс қойылмай жүр: леп белгісі мен сұрау белгісінен кейін қасына және екі нүкте қою керек.

Тырнақша ішіндегі сөзге, сөйлемге қатысты леп белгісі мен сұрау белгісін тырнақшаның сыртына қою жиі кездеседі. Жалғыз тырнақша емес, нүктелі үтірдің нүктері мен үтірін қатар қоюды да кездестіруге болады.

Жұп болып келетін тыныс белгілері бір сөзде немесе бір сөйлемде қолданылғанда, сол сөздің я сөйлемнің екі жерінен қойылады. Мұндай тыныс белгісіне жататындар – жақша мен тырнақша. Жақша мен тырнаұша сыңар қолданылмайды. Тырнақшаға алынған сөзді я сөйлемді басқа біреуге оқып бергенде, тырнақшаны (тырнақша ішінде деп) қоса айту керек. Басқа тыныс белгілерінде мұндай ерекшелік жоқ.

Үнемі жұп болып қолданылмайтын, бірен-сараң жерде жұп болып қолданылатын тыныс белгілері де бар. Олар – үтір мен сызықша. Мысалы: сөйлем ортасында келген қыстырмалар екі жағынан үтірмен бөлінеді, төл сөз автор сөзінен бөлу үшін төл сөздің екі жағынан сызықша қойылады. Осылардан басқа тыныс белгілер жұп болып қолданылмайды.

Жақша мен тырнақша үтір мен қос нүкте сияқты емес, олар кез-келген тыныс белгісімен қабат қолданыла береді. Сұрау белгісі мен леп белгісі сөйлем аяғында бірнеше рет қайталанып та қояды, ол неғұрлым қайталанып қойылған сайын, эмоцияның күштілігін арттырады.

Демек, тыныс белгілері – синтаксистік категория, сондықтан да пунктуацияны зерттеу синтаксисті зерттеумен тығыз байланысты. Пунктуация ережелері тілдің грамматикалық құрылысына тәуелді. Өйткені пунктуация – тыныс белгілерін бірыңғай қолдану жөніндегі ережелердің системасы, жазу тіліміздің компасы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Тыныс белгілерін қолданудың неше белгісі бар?

  2. Олардың ерекшеліктерін атаңыз.

  3. Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі неде?

  4. Сөйлемнің интонациясы.

  5. Сөйлемнің мағынасы жайлы не білесіз?

Әдебиеттер тізімі :

1.Р.Сыздық. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы. 1974ж.

2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы. 1940ж.

3.Р. Сыздықова, Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы. 1961ж.

4. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы. 1957

5. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері, Алматы. 1991

6. Әуелбаев Ш. Пунктуацияның қиын мәселелері, Алматы. 1977

7. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар, Алматы. 1988

8.Ысқақов А., Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы. 1951

9.«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі». Алматы. 2005ж

10. Оралбаева Н., Калиев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі курсы бойынша лабороториялық жұмыстар». Алматы. 1991ж.
15-дәріс. Мәтінді стильдік-синтаксистік тұрғыдан талдау.
Тілдік тұлғалардың көркем мәтінде қолданылуын бұлай алып қарастыру стилистикалық талдаудың тілдік және әдебиеттік түрлерін бір- бірімен ұштастырады. Көркем мәтінге қатысты алғанда, тілдік стилистикалық талдау мен әдеби стилистикалық талдауды бір- бірінен ажыратып қарау, біздің түсінігімізше шартты ғана. Өйткені бұл екеуінің де мақсаты – тілдік құралдардың мәтін құрылымындағы көркемдік, көркемдік ұйымдастырушылық қызметін ашу.

Тілдік стилистикалық талдаулар кең мәндегі филологиялық талдауға жол ашады. Басқаша айтқанда, филологиялық талдау- барлық талдаулардың: тілдік, стилистикалық, әдеби талдаулардың синтезі.

Көркем мәтінді талдаудың үлгісі қандай? Кейбір зерттеушілердің пікірінше, алдымен мәтінге тілдік, стилистикалық талдау жасап алып, әдеби талдауға содан кейін ғана көшу керек. Сондықтан алдымен шығарманың тақырып- мазмұнымен, идеялық- көркемдік ой түйінімен жалпылай таныстырып кеткеннің артықтығы жоқ. Одан бұрын жазушы оның дәуірінде шығармаға объекті болған тарихи жағдайға қысқаша шолу жасалса тіпті жақсы. Содан кейін барып мәтіннің тілі талданады.

Көркем мәтінді лингвистикалық тұрғыдан талдау бірнеше міндеттерді шешуге алып келеді.

Лингвистикалық және стилистикалық талдаулар көркем шығарманы түсініп оқудың жоғары мәдениетін қалыптастырады. Көркем туындыны ой мен сезім арқылы белсенді қабылдауға, оқырманды суреткермен бірге толғантып, көркем бейнені бірге сомдауға баулиды. Сонымен қатар оқушының жалпы тілдік мәдениетін көтереді, тілдік құбылыстарға сергектігін арттыврады. Көркем шығарманы өнер туындысы ретінде қабылдап, эстетикалық сезім талғамның ұшталуына жәрдемдеседі.

Әдеби туындының идеялық көркемдік болмысын шынайы тероең түсінуге «бірінші элементін»- тілін талдау арқылы ғана қол жетеді. Бұл тұрғыдан тілдік талдау- стилистикалық және әдеби талдауларға жәрдемші. Олай болатын себебі, тілдік тұлғалар мен категориялар көркем мәтінде өздерінің тікелей ұғымдық мәндерінде ғана жұмсалып қоймайды. Көркем мәтін құрамында жүзеге асатын олардың мән- мағналарының көлемі, беретін ақпараттың ауқымы әдеттегіден әлдеқайда кең болады.

Көр\кем шығарма тілі әдеби тіл фактісі болғандықтан, тілде болып жатқан барлық өзгерістерді өз бойында қамтып отырады.

Көркем әдебиет мәтіні әдеби тілде жазылса да, көркем шығарма түрі мен әдеби тіл арасында принципті ерекшеліктер бар. Олардың ең бастысы әрқайсысының атқаратын қызметінен туындайды. Әдеби тіл коммуникативтік қызмет атқарып, адамдардың күнделікті қарым – қатынас жасауының құралы болса, көркем шығарма құрылымына түскенде ол басқаша қырынан көрінеді.Өзінің бейнелі құралдарпы арқылы оқырманның сезімәіне әсер ете отырып, ол эстетикалық, көркемдік қызметте жұмсалады. Соған сәйкс әдеби тіл нормасы мен көркем әдебиет тілі нормасы арасында да ерекшелік болады. Әдеби тілде нормаға жатпайтын тілдік факті өнер туындысында жазушының алдына қойған мақсатына сай келіп, эстетикалық қызмет атқарып тұруы мүмкін.

Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында мынандай жолдар бар: «Рысқұл қазір тауфихсыз жорыққа шығып бара жатып артына қарап, Ай нұрына малынып манаураған Талғарды көріп, былтырғы оқымысты орыспен соның шыңына шыққаны есіне түсті...»

Көркем мәтінді талдау тілдік тұлғалардың барлық- фонетикалық, лексика- фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік, композициялық –деңгейлерін қамтиды. Олардың әр қайсысы көркем мазмұнды тікелей не жанама қатысты болып келеді.

Жоғарыдағылардың айтылғандардың жинақталатын тағы бір түйін- мәтінді талдаудың бұлжымас шарты, мызғымас заңы- тілдік құүралдарды жалаң емес, шығарманың идеялық мазмұнына қатысты алып талдау керектігі. Бір сөзбен айтөқанда, мәтінді тілдік, стилистикалық талдаулардың негізгі мәні көркем шығарманы идеялық, образдық мазмұнын тереңдей түсіну болып табылады.

Көркем шығарманың тілін талдаудың әдістері сан алуан, көп қырлы болып келеді. Зерттеу әдістерін былайша үш топқа жіктеп қарауға болады: синтетикалық, құрылымдық және статистикалық.

Бұлардың ішінде негізгісі – синтетикалық әдіс. Бұл әдіске тән белгі – сыртқы тұлғалық және ішкі, мазмұндық талдаулардың іштей органикалық түрде бірігуі.

Көркем әдебиет стилистикасында бұл әдіс ең алғаш А.А. Потебня, В.Б. Щерба, Б.А. Ларин, В.В. Вииногардов, Г.О. Винокур сияқты ғалымдардың еңбектерінде қолданыс тауып, кейінгі зерттеулерде одан әрі ұшталып, дамытылды.

Синтетикалық әдістің негізгі белгілерінің бірі- шығарманың жекелей тілдік ерекшеліктерін емес, оның әрбір элементінің эстетикалық маңыздылығын ашу мақсатымен тұтас көркем тілдік болмысын зерттеуге құрылуы. Бұл жағдайда көркем шығарманың кез келген тілдік элементінің ұйымдасу, бір- бірімен сәйкес болу, қарым- қатынаста болу заңдылығы ашылады. Сонда жазушының стилі күрделі байланыстары бар компоненттерге ие көп қабатты композициялық құрылым ретінде түсіндіріледі.

Синтетикалық әдістің екінші бір маңызды белгісі- жазушы қолданған тілдік құралдарды тізбелеп, олардың бар екенін санамалап көрсетіп, кейбір ерекшеліктерін ашып қана қоймай, олардың қолданыстағы жұйелік сиптын да ашуы. Бұл орайда көркем шығарма мәтінінің тілдік ұйымдасуы көркем болмысты бейнелеудің нақты міндетіне бағынған тілдік құралдың жай ғана жиынтығы емес, жазушының сөз қолдану заңдылықтарының сол шығарма көлеміндегі, не тұтас шығармашылық контексі көлеміндегі көрінісі ретінде қаралады.

Көркем шығарма тілін талдауда синтетикалық әдістен басқа құрылымдық және сандық әдістерді де қолдануға болады. Бірақ бұлар негізгі емес, синтетикалық әдіске көмекші ғана, онымен бірлікте қолданылып, оны толықтырады.

Құрылымдық әдіске жататын дистрибутивті талдауды көркем мәтіндегі жалпы мағналық процестерді зерттеу кезінде пайдалануға болады. Құрылымдық әдістің келесі түрі- трансформативтік әдісті біртұтас көркем дүниені стилистикалық талдауда абайлап қолданбаса, ол стилистикалық талдауды таза кестелердің жиынтығына айналдыруы мүмкін. Өйткені, көркем шығарманың көп қабатты, көп қырлы мағналық құрылымын түсіндіруге ерекше дәлдікті қажет ететін бір қабатты құрылымдық талдау жеткіліксіздік етеді.

Құрылымдық әдістің тағы бір көрінісі – мәтіндік құрылымдық иммананттік талдаудан көрінеді. Біз үшін бұл әдістің тиімсіз жағы – көркем шығарманың идеялық мазмұны, жазушының көзқарасы, танымы мұнда зерттеу аймағынан шартты түрде болса да шығып қалады. Бұл жалпы құрылымдық әлістің түрлеріне де тән.

Статистикалық әдіске келетін болсақ, оның қатаң есепке құрылған тәртібін пайдалана отырып, сөздердің белгілі бір топтрдың, синтаксистік құрылымдардың жазушы стилінде алатын орнын анықтауға болады. Мысалы, қаламгердің бірі сын сапаны, оның белгілі бір түрін білдіретін сөздерді жиі қолдануға бейім болса, енді бірі қимыл мәнді сөздерді пайдаланады, ал үшіншісі олардың екеуін де ұштастырып, қолдануы мүмкін. Сондай- ақ мазмұн мен форманың байланысын ашуда поэзияда кейбір дыбыстардың ара салмағын анықтау да оң нәтежие беруі мүмкін.

Сонымен, көркем әдебиет стилистикасында жоғарыдағы әдістердің бірін көп дәрежеде, бірін аз дәрежеде, бірін негізгі етіп, қалғандарын көмекші етіп- барлығын да қолдануға болады. Көркем шығарманың тілдік құрылымын эстетикалық қызмет атқарудың нәтежиесінде ерекш түрде ұйымдасқан тілдік қолданыс деп қарайтын болсақ, ол құрылымның өзіндік ерекшелігі оны талдауда көптеген факторларды- таза тілдік, әдебиеттік, тарихи, психологиялық, жалпы эстетикалық ескеруді қажет етеді. Демек, жоғарыдағы әдістердің қай- қайсысын қолданғанда да тілдік және тілден тысқары жағдайларды бір- бірімен қабыстыра білу қажет. Оның үстіне ол әдістерді жетілдіріп отыру керектігі түсінікті.

Көркем әдебиет тілін зерттеудегі негізгі мақсат- көркем туындының бейнелі құрылымның өзіндік ерекшелігін ашу. Көркем мазмұнды бейнелейтін тілдік құралдардың қызметін көрсету. Ал алғышарттарына келер болсақ, олар мыналар: 1) көркем шығарманың мазмұны мен формасын бірлікте алып зерттеу; 2) көркем шығармадағы тілдік құбылыстардың өзара және көркем шығарманың басқа компоненттерімен байланыс, қарым- қатынасын ескеру; 3) бейнеленетін мазмұнға автор қатынасын ескеру; 4) шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ескеру; 5) тілдік қолданыстардың әдебиет тарихындағы дәстүрлілігін, жалғастылығын ескеру; 6) ғылыми дамудың жаңа бағыт- бағдарларына сүйену т.б.

Көркем шығарманың тілі көркем сөз өнеріне ғана тән мазмұнды бейнелейді. Оны ашу стилистикалық талдау арқылы жүзеге асады. Сонда көркем әдебиет тілін стилистикалық талдаудың мазмұны көркем шығармада қолданылған тілдік тұлға бірліктердің мағна мәндерін барлық ендіктегі, тереңдіктегі ауытқулармен бірге ашудан тұрады. Екінші сөзбен айтқанда, тілдік тұлға бірліктердің шығарма мазмұнына қатынасын айқындау- міне, стилистикалық талдаудың мазмұны осы. Көрем шығарманың идеялық бейнелі мазмұнын автор бейнесімен байланыста болатын, өздерінің мағыналық қабаттасулары арқылы біріккен, қызметі жағынан сараланған тілдік тұлғалар жүйесі құрайды. Сонда стилистикалық талдау арқылы көркем шығарманың идеялық бейнелі мазмұнын бейнелейтін тілдік тұлғалардың қызметтік, эстетикалық өзгеру, ұйымдасу заңдылықтары ашылды.

3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

1. Синтаксистік стилистика туралы жалпы түсінік.

2.Сөз тіркесінің стильдік ерекшелігі.

3.Сөз тіркесінің байланысу формалары.

4.Сөз тіркесін топтау. Сөз тіркестерінің құрылысы туралы.

5.Сөйлемді құрайтын –элементтер.

6.Жай сөйлем.Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері

7.Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі.

8.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

9.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

10. Құрмалас сөйлемге тән белгілер. Салалас құрмалас сөйлемнің стильдік-синтаксистік ерекшелігі.

11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің стильдік-синтаксистік ерекшелігі.

12. Аралас құрмалас сөйлем. Күрделі синтаксистік тұтастық.

13. Стильдік-синтаксистік қателер.

14. Пунктуация мәселесі.

15. Мәтінді стильдік-синтаксистік тұрғыдан талдау.

4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


    1. Cөз тіркесінің құрылысы : Сатылы, ортақ

    2. Сөздердің байланысу тәсілдері. Аналитикалық тәсіл. Синтетикалық тәсіл.

    3. Айқындауыш мүше. Қосалқы, қосарлы, оңашалаған айқындауыш мүшелер

    4. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Бірыңғай мүшелердің арасына келетін жалғаулықтар.

    5. Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер

    6. Оқшау сөздер. Қыстырма, қаратпа, одағайлар

    7. Қыстырма сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарына қарай топталуы. Қыстырма сөз тіркестерінің грамматикалық құрылысы.

    8. Қыстырма сөйлемдер

    9. Қаратпа сөздер. Қаратпа сөздің құрамы.

    10. Атаулы сөйлем. Жасалуы. Құрылымы. Мағыналық түрлері

    11. Жақты, жақсыз сөйлемдер

    12. Бөгде сөз. Төл сөз, цитата, төлеу сөз.

5. ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

Өзгерістің рет нөмірі

Құжаттың тарауы пункті

Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу)

Хабарламаның нөмірі және күні

Өзгеріс енгізілді

Күні

Аты-жөні, қолы, қызметі



















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет