«Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары сырдария ауданы



жүктеу 0.85 Mb.
бет1/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
  1   2   3   4   5
Сырдария ауданы әкімдігінің

«__» қаңтар 2011 жылғы №__

қаулысымен бекітілген

«Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық

ЖОСПАРЫ

Сырдария ауданы

2011 ж.

МАЗМҰНЫ

1. Міндеттер мен пайымдаулар. -3


2. Ағымдағы жағдайға талдау -3


  1. Негізгі стратегиялық бағыттар, міндеттер, мақсатты

индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелік көрсеткіштер. - 8

4. Бөлімнің функционалдық мүмкіндіктер дамуы. -21


5. Ведомоствоаралық қатынастар -23
6. Ықтимал тәуекелдерді басқару. -25
7. Бюджеттік бағдарламалар. -27

«Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары



  1. Міндеттер мен пайымдаулар



Бөлімнің міндеттері:

- ауданда мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру арқылы мемлекеттілікті, ұлт бірлігі мен ішкі қоғамдық- саяси тұрақтылықты одан әрі нығайту, азаматтардың болашаққа сенімін қалыптастыру.


Бөлімнің пайымдауы:
- ақпараттық кеңістік, дамыған үкіметтік емес сектор, этносаралық және конфессияаралық келісім, белсенді жастар қозғалысы, жастар құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерінің толықтығы.


  1. Ағымдағы жағдайды талдау

Сырдария ауданы әкімдігінің идеологиялық бөлімі ретінде мекеменің аумақтағы мемлекеттік саясатты іске асыру міндеттері: -билік пен қоғам арасын байланыстыру, ақпараттық кеңістікті дамыту, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық, дінаралық келісімді нығайту, мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру.

Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстарды талдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:

-аудан тұрғындарының ішкі саяси көңіл-күйін зерттеуге бағытталған әлеуметтік сауланамалар жүргізу;

-ішкі-саяси жағдайларға белсенді араласатын және қоғамдағы беделді тұлғалар жайлы қор қалыптастыру;

- бұқаралық ақпарат құралдарының контент-талдауы;

- әлеуметтік шиеленісті ошақтар картасын қалыптастыру және жаңартып отыру;


  1. Стратегиялық бағыт.

Мемлекеттік саясатты тиімді ақпараттық қолдау және ауданда ақпараттық кеңістіктің дамуын қамтамасыз ету.
Аудан аумағында бір ғана бұқаралық ақпарат құралы - аудандық «Тіршілік тынысы» газеті 2500 даналық таралыммен аптасына 2 реттен шығады. Басылымның құрылтайшысы аудан әкімдігі және «Тіршілік тынысы» газетінің редакциясы. Басқару органы – Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі. Басылым мемлекеттік тілде газет редакциясының компьютер орталығында теріліп, беттеліп, Қызылорда қаласындағы «PRINT» баспаханасында офсеттік тәсілмен басылып шығарылады.

Аудандық «Тіршілік тынысы» газеті 2004 жыл қорытындысымен облыстық «Аудан өмірінің айнасы», ал 2008 жыл қорытындысымен «Астана айшықтары» атты номинациясымен ең үздік аудандық басылым ретінде танылып, арнайы дипломмен марапатталды.

Сырдария ауданы бойынша «Мемлекеттік ақпараттық саясатты газеттер арқылы жүргізу» бағдарламасының қаржыландырылуы бойынша: 2007 жылы –3700,0 мың теңге, 2008 жылы – 3458,0 мың теңге, 2009 жылы – 4600,0 мың теңге 2010 жылы - 5700,0 мың теңге бөлініп игерілсе, 2011 жылға 6099,0 мың теңге бөлініп отыр.
Аудан тұрғындары «Қазақстан», «Хабар», «Еларна», «КТК», «Астана», «Қоғам ТВ» телеарналарының хабарларын көріп отыр. Ал облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы хабарларын ауданның 80 пайыз тұрғындары көре алмайды. Жалпы аудандағы 7306 отбасы түгел телевизия хабарларын көреді. Оның 437-сі ғана, яғни 6,0 пайызы спутниктік антенна пайдаланады, ал кабельдік хабар тарату әзірге жоқ.

Ауданда «Мемлекеттік ақпараттық саясатты телеарналар арқылы жүргізу» бағдарламасы бойынша алғаш рет 2010 жылы -1400,0 мың теңге қаржы қаралып, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы 150 минут, «Қоғам ТВ» арқылы 200 минуттық ақпараттар көрсетілді. 2011 жылға -1500,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр.


2010 жылдың басынан бастап Сырдария ауданы әкімдігінің www.syrdarya. kz веб-сайты жұмыс жасауда.

Негізгі проблемалар:

- ауданда баспаханалық қызметтің жоқтығы,

- газет редакциясының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі,

- редакция ғимаратының тарлығы,

- ауданда тәуелсіз басылымның жоқтығы,

- сандық телехабарлар таратудың болмауы.

Сыртқы факторлар:

- пошта қызметінің тарифін төмендету мүмкіндігі,

- «Сыр-медиа» холдингі қызмет аясына кіргізу.

Ішкі факторлар:

- газет редакциясының материалдық базасын нығайтуға қаржы бөлу.



2. Стратегиялық бағыт.

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту.
2.1 Үкіметтік емес ұйымдардың дамуы
Ауданда азаматтық қоғам институттарына аудан әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп келеді. Аудан орталығындағы бұрынғы кинотеатр ғимаратын қайта жөндеп, кент мәдениет үйі статусында «Үкіметтік емес ұйымдар орталығы» етіп құрып, онда ардагерлер Кеңесі, әйелдер Кеңесі, «Мирас» жастар ұйымдарына арнаулы бөлмелер беріліп, оргтехникамен жабдықталған. Арнаулы дөңгелек үстел өткізетін бөлме жабдықталған.
Аудан көлемінде ресми жұмыс жасайтын 24 үкіметтік емес ұйымдар бар. Оның ішінде: 7-қоғамдық бірлестік, -2 қоғамдық қор, -15 селолық тұтыну кооперативтері тіркелген. Сонымен қатар 1 саяси партия филиалы, 21 кәсіподақ ұйымдары (негізінен білім, денсаулық салаларынан), облыстағы қоғамдық бірлестіктердің 5 өкілдігі жұмыс жасайды. Ауданда бюджеттен 2010 жылы алғаш рет ҮЕҰ – дың әлеуметтік жобаларына 2064,0 мың теңге қаржы бөлініп 5 жоба бойынша «аудан жастарына патриоттық тәрбие беру» әлеуметтік жобасын- «Аудандық ардагерлер Кеңесі»қоғамдық бірлестігі, «Салауатты өмір салтын насихаттау» жобасын- «Сыр ұрпақтары» қоғамдық қоры, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау» жобаларын- «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы, «отбасылық құндылықтарды қалыптастыру» жобасын- «Аудандық әйелдер Кеңесі»қоғамдық бірлестігі ұтып алып жұмыс атқарды. Ал 2011 жылға аудандық бюджеттен ішкі саясат бөлімі арқылы ҮЕҰ-дың 5 әлеуметтік жобаларына 2119,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр.

Үкіметтік емес секторлар белсенділігі артып, дамып келеді. «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігі 2010 жылы облыстан екі жоба ұтып алып, жұмыс жүргізуде.


«Қызылорда облысы Азаматтық альянсы», «Туған жер қоғамдық қозғалысы», «Жастар бастамаларын қолдау» қауымдастықтары тарапынан дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіліп, аудандағы үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсетіп келеді.
Ауданда өткен халық санағы есебі бойынша 39713 тұрғын болса, оның 99 пайызы қазақтар. Одан басқа 20-дан астам өзге ұлт өкілдерінің басым бөлігі орыс, шешен, кәріс, молдавандар. Аймақтағы ұлтаралық келісім мен қатынас тұрақты сақталып келеді.


2.2 Этносаралық және конфессияаралық келісім
Аудан бойынша тұрақты діни ахуал қалыптасып отыр. Аудан әкімдігі жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің іс-шаралар жоспарына сәйкес, конфессияаралық татулықты сақтау мен нығайту, азаматтардың конституцияда көрсетілген діни бостандықтарының сақталуы бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі күнге аудан бойынша Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің филиалы ретінде тіркелген 12 - мұсылман мешіті, 1 - «Қызылорда қаласы «Бүкіл әлемдік Толық Інжілдік Христиан-Пресвитериандық қауымы» діни бірлестіктері жұмыс істеп тұр. Он мешіт әділет басқармасында тіркеліп, екеуінің құжаттары тіркеуге өткізілген. Аудан көлемінде діни заңдылықтарды бұзу, заңсыз миссионерлердің келу оқиғалары байқалмайды. Діни экстремизм көріністері, конфессияаралық қақтығыстар болған жоқ. Дегенмен ҚМДБ патуа жасаған «уахабизм», «тариғатшылар», «зікіршілер» ағымдары өкілдері бар. «Ата жолы» ұйымының бір өкіліне сот арқылы әкімшілік шара көріліп, айып салынды.

Аудандағы діни өкілдер мен тұрғындар қатыстырылып бір рет облыспен интернет-конференция, бір рет «діни секталар мен ағымдарға қарсы күрес» тақырыбында жиын, бір рет «діни әдет-ғұрыптар» тақырыбында семинар өткізілді.

Барлық атқарылған шараларды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде түрлі тақырыптарда 16 арнайы материалдар жарияланды.

Аудандық бюджеттен 2010 жылы алғаш рет ҮЕҰ – дың әлеуметтік жобаларына 2064,0 мың теңге қаржы бөлініп игерілсе, 2011 жылға - 2119,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр.
Негізгі проблемалар:
- үкіметтік емес сектордың белсенді әрекеті тек аудан орталығында жүреді, ауылдық елді мекендерде де ұйымдастыру қажет,

- ҮЕҰ негізінен бюджеттен бөлінген қаржы негізіндегі әлеуметтік жобалар аясында жұмыс жасауда,

- елді мекендердегі діни бірлестік филиалдары жетекшілігіне сауатты кадрлар жетіспейді.
Ішкі және сыртқы факторлар:
- билік пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайту үшін ҮЕҰ-мен байланыс тетіктерін дамыту қажет,

- дінаралық келісімді сақтауда түрлі ағымдар мен жалған діндердің енуі жағдайды күрделендіріп отыр.




3. Стратегиялық бағыт.

Ауданда тиімді жастар саясатын жүзеге асыру, жастар қозғалысын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
Жалпы аудан бойынша барлық 14 мен 29 жас аралығындағы жастар саны 11673 адам, яғни жалпы аудан тұрғындарының санына шаққанда 29,8 % пайызды құрайды,

Ауданда мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттен 2007 жылға 1200,0 мың теңге, 2008 жылға 1990,0 мың теңге, 2009 жылға 2159,0 мың теңге, 2010 жылға 2260,0 мың теңге бөлініп игерілсе, 2011 жылға 2430,0 мың теңге бөлініп отыр.

Сырдария ауданы бойынша «мемлекеттік жастар саясатын іске асыру» бағдарламасы аясында екі жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс атқаруда.

«Мирас» жастар қоғамдық ұйымы - жастар шығармашылығын дамыту, жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, жастардың әлеуметтік дамуы, еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау, құқықтары мен мүдделерін қорғау, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру бойынша, ал «Сыр ұрпақтары» қоғамдық бірлестігі «жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» жобаларын жүзеге асыруда. Сонымен қатар аудан ардагерлер Кеңесі ҮЕҰ әлеуметтік жобасы аясында «жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу» жобасын іске асыруда.

2010 жылы желтоқсан айында аудандық V-жастар форумы өткізілсе, мамыр айында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты марафон эстафетасын қолдау акциясы өткізілді.

Ауданда жастар саясаты төмендегі ұстанымдар мен өңірлік ерекшеліктер арқылы жүзеге асырылады:


- жастар қоғамдық бірлестіктерінің жұмысын ынталандыру;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастарға көмек көрсететін түрлі қызметтердің жұмысын ұйымдастыру;

- дарынды, шығармашыл жастар өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсету;

- жастар саясаты саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдарының жүйелі және үйлестірілген қызметі;

- жастарды отансүйгіштікке, ұлттық салт-дәстүрге сай тәрбиелеу, ұлттық

дәстүрлерді насихаттау.

Негізгі проблемалар:

- жастар саясатының жүзеге асыруда сапалы әрі санды іс-шаралардың жетіспеушілігі;

- жастардың төмен біліктілігі мен кәсіптік дайындық деңгейінің төмендігі;

- жастар сарайының, орталықтарының, спортпен шұғылданатын орындарының аздығы;

- жастар қоғамдық бірлестіктері орналасуына ғимарат жоқтығы

  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет