Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет8/8
Дата05.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#179076
1   2   3   4   5   6   7   8

Электр энергиясы: Қазіргі таңда Сырдария ауданының электроэнергиямен жабдықталу сыртқы электр жабдықтаушы көздерінен қамтамасыз етіледі. Олар, Жамбыл қалалық электр тарату желісі, «АЕS Екібастұз» Және Қызылорда жылу электр жабдықтау орталығы.

Аудан территориясында 12 дана ПС 35/10 кв подстанциялары орналасқан. ТП, КТПН – 10/04 кв – 188 дана.

Электртарату желілері ВЛ – 35 кв – 280,7 км, ВЛ – 10 кв – 350, 815 км. ВЛ – 0,4 КВ – 438,82 км.

Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы 2010 жылдары «Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту» жобаның ЖСҚ-на облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба дайындалды.

Соның бірі осы «Сырдария ауданы орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту» жобасының құрылысы. Аталған жобаның жалпы құны-120 157 мың теңге, жоба бойынша КТП-10/0,4 кВ-2 комплект, РП-10 кВ-1 шт, ВЛ-10 кВ-3,897 км, ВЛ-0,4 кВ-5,580 км электр желісінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. 2011 жылы Тереңөзек ауданы бойынша аталған жобаға ресубликалық және облыстық бюджеттен 20 158 млн. теңге қаржы бөлініп, аталған жоба бойынша КТП-10/0,4 кВ-1 комплект, ВЛ-10 кВ-0,5 км, ВЛ-0,4 кВ-4,8 км электр желісінің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының биылғы жылғы «Қызылорда-Тереңөзек арасындағы ВЛ-35 кВ, Л-49, Л-42 қайта жаңғырту» жобаларының ЖСҚ дайындауға, мемелекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 47,5 млн теңге бөлініп жасалуда және осы қаражат есебінен Тереңөзек кентіндегі 35/10 қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстары қаралған.


Бағыт 4Ауылдық аумақтарын дамыту.

Мақсат: Жоғары даму әлеуеті бар елді мекендерінің тұрғындарына жағдай жасау.





Мақсатты индикаторлар /тікелей нәтижелер көрсеткіші/

Өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындаушылар

нақты

Жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

37

Мақсатты индикатор

Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын ұлғайту




Елді мекендер саны

7

8

9

9

9




Міндет1. Елді мекендерді дамыту

37.1.

Білім беру саласының мамандарын ауылға тарту

.адам

10

9

8

8/

8

АШБ

37,2.

Денсаулық сақтау саласының мамандарын ауылға тарту

адам

12

8

8

8

8

АШБ


Қойылған мақсат пен міндеттерді шешу жолдары:

Ауылдық елді мекендерге оқу бітіріп келген мамандарды тарту жұмыстары жалғасады.


Бағыт 5. Мемлекеттік қызмет көрсету

Мақсат: Мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту.





Мақсатты индикаторлар

Өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

Жаупты орындаушылар

нақты

Жоспар

жоспар

Жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

. Тұрғындарға қызмет көрсету процестерін жетілдіру

38

Халыққа сапалы әлеуметтік мәнді мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі көрсеткіш

%

-

65

70

75

80

Аудан әкімінің аппараты-

40.1.

Әлеуметтік мәнді мемлекеттік қызметтерді электрондық қалыпқа аудару.


%

-

44,4

100

100

100

Аудан әкімінің аппараты-



Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары.

2011-2015 жылдарда Сырдарияі ауданындағы мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:

Маслихат пен әкімдік жұмыстарының тиімділігін жоғарылату

Мемлекеттік қызметкерлер жұмысын дамыту және жетілдіру

Электронды әкімдіктің базалық құрауыштарын жасау / дамыту/

- әкімдік аппаратының жұмыс тиімділігін арттыру;

- ақпараттық электрондық қызмет санын ұлғайту.

Электронды құжат айналымын дамыту және қостау / электронды құжат айналымы жүйесіне аудандық / қалалық деңгейде қосылу/. Электронды құжат айналымды сүйемелдеу және дамыту.


6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы (одан әрі бағдарлама) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын басты стратегиялық құжат болып табылады.Осының ізімен жасалған салалық бағдарламалар өңірлік дамудың іріктелген стратегиялық курсына сәйкестендірілетін болады.

Бағдарлама стратегиялық басқару жүйесін қалыптастыру негізін жасайды және өңірді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жету үшін әкімшіліктің ағымдық қызметінің қажетті бағдарларын анықтайды.

Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарды қамтитын аумақтық даму Бағдарламасын оның әр кезеңдерінде орындау облыс аумағында даму Бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық және операциялық даму жоспарлары, инвестициялық жобалар болып табылады

Бағдарламаны басқару процесі мына сатыларды қамтиды: аралық және нақты нәтижелерге мониторинг, бағалау мен бақылау жүргізу.

Мониторинг жүргізу үшін іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар , өздерінің құзыреттілігі шегінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне есептік кезең біткен соң екі апта мерзім ішінде Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жедел есеп ұсынады.

Мониторинг «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер,мақсаттық индикаторлар және нәтижелік көрсеткіштер» бөлімінде ұсынылған міндеттер көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар өздерінің құзыреттілігі шегінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне есептік жылдың бірінші жарты жылдығы мен есептік жыл біткен соң бір апта мерзім ішінде жедел есеп тапсырады.

Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі Бағдарламаға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жалпы есеп береді,

Мониторингтің қорытылған нәтижесі бағдарламаны іске асыруға қатысқан әр түрлі тараптардың өзара әрекеттестігіне талдауды ескере отырып дайындалған өзекті қорытынды, сондай-ақ осы бағдарламаның іске асырылуына сыртқы факторлардың ықпалы мен жоспарланған іс-шаралардың тиімділігін жоғарылатуды, алға қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін барабар шаралар қабылдау болып табылады.



Бағдарламаның іске асырылуына бақылау жасау мониторингін, Бағдарламаны іске асыру бойынша бақылау іс-шараларын бағалау және жүргізу негізінде жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет