Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері пәнінің контенті



бет26/41
Дата03.01.2022
өлшемі0.72 Mb.
#450656
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
УМКД СКЖӨТ 2020-2021

Алакөл (1998 ж.) қорығында (Алматы облысы, Алакөл ауданы) Алакөлге құятын өзендердің сағасындағы сулы-батпақты аймақтыњ табиғаты, өсімдіктіњ 323түрі, балықтың 16 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардыњ 4 түрі, құстардыњ 283 түрі, сүтқоректілердің 40 түрі қорғалады.


Биосфералық қорықтар. Қорықтардағы қоршаған Эртаның күйін бақылау мақсатында жануарлар мен өсімдіктердің өміріне, өлі табиғаттың құбылыстарына жан-жақты үнемі бақылаулар жүргізіп отырады. Сайып Келгенде табиғатта барлық қорғауға жататын учаскелер (кіші және үлкен қорықтар, табиғат ескерткіштері, заказниктер мен резерваторлар, ұлттық парктер) биосфераның қасиеттерін жан-жақты керсете білетін үлгі зетінде қызмет көрсетулері керек.

Мұндай мақсатты іске асыру тек арнайы үйымдастырылған биосфералық қорықтарда ғана болады. Мүндай қорықтарды ұйымдастыру бірінші рет 1971 жылы «Адам және биосфера» цеп аталатын халықаралық бағдарлама бойынша ұйымдастырылды. Қазір дүние жүзінің 70 елінде 300-ден артық биосфералық қорықтар бар. КСРО-да бірінші жеті биосфералық қорықтар кәдімгі қорықтардың негізінде 1980 жылы ±йымдастырыл-ды. Олар Орталық қаратопырақты

Березин, Кавказ, Сарышелек, Репетск, Сихотэ-Алин Приокско-Террас. Биосфералық қорықтардыц алдында тұрған басты мақсат: экожүйенің өзіне тән жеке үлгісін қорғау және қалпына келтіру, олардың генофондысын сақтау; экологиялық мониторинг жүргізу; экожүйеге эсер ететін антропогендік факторларды зерттеу; табиғатты қорғау жайында білім және оку ағарту жұмысын жүргізу. Биосфералық қорықтардың кәдімгі басқа қорықтардан айырмашылығы, оларда адам қызметінің әсері тиетін арнайы жерлері болады.Сондықтан биосфералық қорықтардың терриоториясын бірнеше зонаға бөледі. Бірінші «Ядро зонасы»— ешкім тиіспейтін қорғалынатын территория. Екінші —«Буфер зонасы»— қорғалынатын жерді (қорықтың территориясы) тікелей антропоген әсерлерден сақтайды. Үшінші —«экожүйені қалпына келтіру зонасы»— белгіленген уақытта шаруашьи жұмысын жүргізетін зона. Төртінші — шаруашыльп пайдаланылатын жер — сол жердің шаруашылық қызметіне сәйкес келетін жерлер.Сайып келгенде, биосфералық қорықтар қорымен жұмысымен қатар, адамның тікелей экожүйені пайдалануымен, жаңартуы жайында өте кең мәселелермен шұғылданады. Биосфералық қорықтар адамның тіршілік ететін ортасы биосферадағы антропогендік өзгерістерді зерттейді, бақылайды, алдын ала болжап отырады. КСРО Жоғарғы Кенесінің 1972 жылғы қыркүйектін 20-да қабылданған «Табиғат қоргауды одан әрі жақсар-ту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы» қаулысы. Бұл бүкілодақтық тұңғыш табиғат қорғау заңы. Табиғат қорғау саласында Қазақстанда арнайы уәкілдігі бар мемлекеттік органдар да бар. Олардың қатарында жер қорғау, кен қадағалау, су қорғау, орман сақтау, балық ресурстарын қорғау, хайуанаттарды қорғау, атмосфералық ауаны қорғау органдары және санитарлық ұйымдары бар. Осы ұйымдардың табиғат қорғау қызметі, жүйелері мен кұрамдары, праволары мен міндеттері жаңа Конституция негізінде бұдан да күшейе, нығая түседі.

Конституция Қазақстан азаматтарының негізп пра-воларын белгілей отырып: «Қазақстанның азаматтары табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті» (65-статья) деп ерекше атаған. Қоғам үшін, табиғат қорғауды қамтамасыз ету үшін бұл конституциялық талаптың маңызы зор.

Табиғат қорғау және оның ресурстарын пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың үйлестірілуін жақсартып, тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстанда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік ко­митет құрылды.

Сонымен бірге, Қазақстанда табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді. Қоғам езінің жұмысын мьіна бағытта жүргізеді:

1. Табиғатты қорғау ілімін жете үгіттеп-насихаттау, табиғатты қорғау жайында 2) МүмкіншілІгінше табиғатты шыққан қаулыларды іске асыру бағытында жұмыс жасау; қоргау жұмысына неғұрлым өз еркімен істейтін кепшілікті қамту; 3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау және дұрыс пайдалану үшін халық бақылаушыларын ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Қогам мүшелері, бастауыш ұйымдар кең көлемде үгіт жұмыстарын орындайды, тікелей қала мен елді мекен-дерді кегалдандыру жұмысына араласады, ағаш отыр-ғызады, эрозияға қарсы жұмыс, ауа мен судың тазалығына бақылау жасайды.

Жүргізілетін езекті жұмыстьң бірі — қалын, көпшілікті табиғат байлығына өз меншігіндей қарап, оны қадірлей, бағалай білетіндей етіп, тәрбиелеу мәселесі. Қала, облыс, аудан, колхоздар мен совхоздардың барлығында да табиғат қорғаудың мемлекеттік маңызы туралы лекциялар оқылуы керек.

Республикалық табиғат қорғау қоғамынан басқа да табиғатты қорғайтын қоғамдар бар. Жастар, профсоюз ұйымдарында да арнайы табиғатты қорғау жөнінен онық идеясын кеқінен таратуда көп жүмыс жасап жатқан «Білім» қоғамы.

Қоғамдық табиғат қорғау жұмысынын, барысында та-биғатты қорғау достығынын, ролі зор болды. Бірінші табиғатты қорғау достығынын, 1960 жылы Москва университетінің арасынан шықты, 1962 жылы В.И. Ленин атындағы Москва мемлекеттік пединститутынын, студенттері ұйымдастырды. Қазір олардың саны 80 мыңнаі асып отыр. Студент жасағына қатынасып жүрген болашақ мамандарға жәрдемі тиеді. Республикада педаго­гика институттары мен университеттерінің биолог-сту-денттері мектеп окушыларьшың, жастар мен ауьи азаматтарының арасында өсімдік пен жануарлардь қорғау туралы лекциялар оқиды. Ауыл шаруашыльп институтынын, студент жасакшылары эрозияға қарсь жұмыс, дала алқабын қорғайтын ағаштар отырғыз; жүмыстарына қатынасады. Алматы малдәрігерлік-зооинженерлік институтында да студенттер табиғат қорғау жұмыстарына белсене қатынасуда.

Аң шаруашылығын тиімді жургізу орман ауыл шаруашылығынан қосымша өнімдер алуды қамтамсыз етеді. Кейбір аудандарда кєсіптік жєне спорттық аулаулар тундра, тайга ,таулы- және шөл-дала зоналарының биологиялық ресурстарын халықшаруашылық айналымға енгізу ањ шаруашылығысыз мүмкін емес. Еліміздегі жєне шетелдегі ањ шаруашылығы тєжірибелері көрсетіп отырғандай жабайы жануарлардың өнімділігін арттыру үшін қажет болып ғылыми негізделген яғни жерлерді игеру барысында жеке түрлердің популяция сандарыныњ өзгеруін ескере отырып аулауды реттеу болып табылады.

Сонымен қатар көптеген кәсіптік маңызы жоқ жануарлардың да мањызы алуантүрлі және үлкен, атап айтқанда топырақ омыртқасыздары оларсыз топырақ түзілу процестері мен гумустың жинақталуы жүрмейді. Ауыл жєне орман шаруашылықтарының зиянкестерімен биологиялық күресуде көптеген жануарлар түрлерінің құндылығы сөзсіз. Эволюция процесі барысында жабайы жануарлардың гендік аппаратында арнайы орта жағдайларына бейімдеушілік қалыптасты, оларды жабайы жануарлар түрлерін гибридизация жєне селекция үшін ауылшаруашылық жануарларыныњ жања породаларын шығаруда қолдануға болады. Осыған байланысты жабайы жануарлардың дүниежүзілік генофондын сақтау қажеттілігі туады, бірінші кезекте сирек жєне жойылып бара жатқан түрлер, адам қызметінің нәтижесінде мекен ету орталарының бірден нашарлауы көрінеді.

Соңғы уақытта көптеген елдерде шаралар қолдану жүйесі жұмыс істейді, олар қорғаудың құқықтық нормалары жєне фауна ресурстарын пайдалану , сонымен бірге практикалық іс- шаралар, оның мақсаты болып жабайы жануарлардың түрлік көтүрлілігін сақтау шаруашылыққа пайдалы жануарлардың сандық көрсеткішін кемітпей оптимальді түрде ұстап тұру.



Негізгі әдебиеттер: [1-5] (298-331)

Қосымша әдебиеттер: [1-2] (86-97)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет