Наурызым қорығы. «Табиғат лабораториясы» атанған бұл қорық Қостанай облысындағы Наурызым және Жетікөл аудандарының территориясында 1934 жылы ұйымдастырылды.
Қорықтың жерінде, қарағай, қайың, көктерек жән мойыл ағаштары өседі. Онда ақ қоян, елік, саңырауа немесе меңіреу құр, ақ құр еркін жайылады. Орманғ шектес жерде жусан, боз селеу, бетеге сияқты шептер, өсімдіктер өсетін жазық дала жатыр. Мұнда да суьр, ақ қоян, елік, ақ құр өріп жүреді, өте сирек дуадақ және безгелдек кездесіп қалады. Қең далада кейде мойыл мен жиде ағаштары анда-санда көзге шалынады.
Қорықтьщ территориясындағы әр түрлі аймақтард, аңдардың 30-ға жуық түрі, құстардың 150 түрі, балықтың 8 түрі, кесіртке мен жыланның 7—8 түрі таралған. Қорық байлығының әр алуандығы еліміздің ғалымдарының назарын ерекше аударып отыр.. Қорық жерінде ұзақ уақыт бойы бірнеше ғылыми экспедияциялар жұмыс істеді. Қорықтың өзі бір кезде Москва университетінің биолог ғальмдары мен студенттерінің оқу-тәжірибе өткізуіне тұрақты база болып саналды.
Достарыңызбен бөлісу: |