Сырт бейнесі емес, жан жүниесі Құдайдың адамы болған ғана Оның таңдаулы халқына жатады. Сондай адамның сүндеттелуі тәнінде ғана емес, жан дүниесінде болуы керек



бет3/4
Дата17.07.2016
өлшемі368 Kb.
#205502
1   2   3   4

Жүрегіммен мадақтаймын Тәңірді
Жер мен көкті жаратушы тек Өзіңсің Тәңірім,

Жүрегіммен, болмысыммен мен Өзіңді таныдым.

Құдіретті Рухыңменен жетелейсің Сен мені,

Тереңірек ұғынуға берші маған тағылым.


Жан – дүниемді босаттың ғой, ерік берді көз жасым,

Көктегі Ием – жұбанышым, жанымды ұғар сырласым.

Тағзым етем мен Өзіңе, жүрегімнің кілті – Сен.

Сиынамын Сен арқылы, Сен қатысты болғансын!


Тәңірім Сен, сиынамын Сенің еркің болсыншы,

Сүйіспеншілік Рухың менің жүрегімде толсыншы.

Сусындайын сөздеріңмен, күш-қуат бер жаныма,

Жат қылықтар, жамандықтар табаныңда жаншылсын!


Сүйіспеншілігің жарқыратар жүрегімді сенемін,

Жараланған жан-дүниемнің тауып бердің Сен емін

Қасиетті сөздеріңмен құдіреттіңді таныттың,

Өзіңді Иса өмірімнің Иесі деп білемін.


Киелі атың қастерленсін, тарасыншы әлемге,

Мадақтайық есіміңді, қосайықшы Сені әнге.

Арқа сүйер Көктегі Әкем – панамызсың мәңгілік,

Қасиетті Құрбандығың тек біз үшін төленген.


Тәңір Ием, аспандағы жерге Адам боп келдің Сен,

Мәриам қыздың құрсағына «Сөз» арқылы ендің Сен.

Тіршіліктің дәнін ектің адамзатқа адасқан,

Күнәлардан азат етіп, құтқарылу бердің Сен.


Асқақ үнді Тәңір Ием – Сен әлемнің Нұрысың,

Сен арқылы көзімді аштым, ашылды кең тынысым.

Жан-тәніммен қуанамын, жолын аштың шындықтың,

Сенсің менің сусын нәрім, Сенсің өмір, ырысым!


Бастауы Сен өмірімнің құдіретіңді таныттың,

Жүрегімді иелендің, сеніміңді дарыттың.

Сүйем Сені Тәңір Ием, сүйем шексіз көңілмен,

Тек Сенімен махаббатым, кеудемдегі Жарық Күн!


Тәңір Ием, Жарығымсың жүрегімді жылытқан,

Тазаладың бар күнәмнан, бар ұнамсыз қылықтан.

Тәй-тәй басқан нәрестедей жетегіңе ерейін,

Көз алдымда айқыш ағаш, ағып жатыр жылып қан.


Ұмыта алман сол бір сәтті, қаның ақты жазықсыз,

Сол арқылы адамзатқа мәңгілік жол салыпсыз.

Қасиетті Сенің қаның – ұлылықтың куәсі,

Өсиетіңді Ұлы Ұстазым, қастерлейік танып біз.


Сенімен бірге болсам
Есігіңді қаға алмаған,

Сенімді іздеп таба алмаған,

Көп қой жерде пенделер,

Адасумен олар сенделер.


Аласұрып қиналумен,

Бір күні отқа шарпылар.

Өзіңді Иса сүйетіндер,

Сенетіндер емделер!


Тізгінімді бердім Саған,

Өзің мені жетеле,

Шөліркеген жүрегімді,

Сусын беріп мәпеле.


Қалауымды өмірдегі,

Сеніменен шешейін.

Сөздеріңде берік тұрып,

Мен рухани өсейін.


Қуаныштан жарылардай,

Құшағыңа көмілдім.

Құтқарушым жыр боп бүгін,

Жүрегімнен төгілдің.


Ізденіс
Өмірдің шым-шытырық соқпағында,

Бөгеліп, шаршап бір сәт тоқталдың ба?

Жүгенсіз бұл дүниенің жетегіне,

Ілінсең керегі жоқ ноқтаның да.


Жанымды тілгіледің үнсіз жылап,

Тірелер көкейге кеп мың бір сұрақ.

Сұм дүние, жетелейсің шыңырауға,

Таба алмай жан дүниеме демеу қуат.


Бұл өмір арқалатты ауыр жүгін,

Шегі жоқ, шуағы жоқ дауыл күнін.

Жан дүнием астан-кестең, сыртым бүтін,

Жүрегімді торлады шегі жоқ мұң.



Таңдадым Тәңірімді
Тағдырдың тәлкегіне ұшырадым,

Жат жанға сыр айтуға қысыламын.

Қиналып қапас өмір қақпасында,

Сүрініп, құлап бір күн ысылармын.


Түршігіп камерада дірілдедім,

Айқасқанмен кірпіктер ілінбедің.

Қасіретін түсінбей бұл өмірдің,

Өз-өзімнен шошынып, түңілгенмін.


Дос-жаранның жайылған құшақтарын,

Қоя алмадым еріксіз тұсап бәрін.

Аш бөрідей жармасқан тіршілікте,

Мен өзімді еріксіз ұсақтадым.


Өзгеріпті байқасам түрім менің,

Қандай болмақ келешек күнім менің.

Сол бір сәтте бір Жарық терезеден,

Нұр шашты даеріксіз күлімдедім!


Таң атты ма, әлде бір түс көрдім бе?

Жаратушым әлде Сен күш бердің бе?


Табыстырдың Киелі кітабыңмен,

Бұл дүниенің тәрк еткен үстемдігін!


Қасиетті сөздеріңнен қуат алдым,

Сезіндім Тәңірімнің жұбатқанын.

Жүрегім жамандықтан жиренгендей,

Тәңірімнің таңдадым ұнатқанын.


Өмірімнің Иесі Сен
Темекінің қышқылтым түтініндей,

Тағат жетпей сораптап бітіруге.

Қолға алуға асығам Кітабыңды,

Шақыратын Сенім мен бітіміне!


Оқи бердім тынысым ашылғандай,

Бұл мен үшін күтпеген тосын жағдай.

Әлсіреткен бойдағы дерттің бәрі,

Құдіретімен сөзінің басылғандай.


Күндіз-түні Өзіңді дәріптедім,

Қалт жібермей әрбір сөз әріптерін.

Қуаныштан мөлдіреп қос жанарым,

Жазғанда Ием, мүсәпір – ғаріптерін.


Өмірімді ертеңге қалдырмайын,

Өз қолыммен тозаққа жандырмайын.

Құтқарушы өмірімнің Иесі – Сен,

Өзіңді Иса жүрекпен қабылдайын.


Өмірімнің шешуші кезеңінде,

Жігерленіп Сөзіңмен төземін де.

Бар күнәмнан Сен мені азат еттің,

Ащы дертін өртеген өзегімнің.


Құрбан болдың мен үшін
Кешір мені Тәңірім, кешір мендей ұлыңды,

Ұмытылды лайсаң, өткен өмір бұрынғы.

Тізе бүгіп, бас ием мен Өзіңнің алдыңда,

Қасиетті қаныңменақтап, мені жуындыр.


Құрбан болдың мен үшін, төктің адал қаныңды,

Жазықсыздан айқышқа жапа шегіп таңылдың.

Осылайша Тәңірдің ұлылығын көрсеттің,

Адамзатты шын сүйген, шырақ болып жағылдың!


Құдіретімен Исаның, Тәңіріммен жарастым,

Тәубе еткенде тіліммен, мәңгілікке жол аштың.

Ұлылықтың Иесін сонда ғана танып мен,

Киелі Рухың дем беріп, еркіңменен санастым.


Өмірімді өзгертіп, шындық жолын таныттың,

Семіп қалған жүректі жібітті бір жарық Күн.

Ғұмырыма таусылмас жан тыныштық сыйладың,

Мендей болсын бар ұлың, көзін аш бар халықтың.


Тәңірімнің еркімен жаңа өмір бастадым,

Көкжиекте күн күліп, жарқырап тұр аспаным.

Жауапты істің шешімін, сеніп Ием тапсырдың,

Ірге тасын бекітіп, құрып бердің жоспарын.


Сүйіспеншілік жүрекпен сенім отын үрледім,

Қандай қиын сынақта Жан Иеммен біргемін.

Ізгі хабар таратып, бауыр таптым – ізгі дос,

Мәңгі ғажап өмірдің бірге аттадық сүрлеуін.


Кентаудағы Киелі үй
Таңғажайып өмірдің құпиясы шешілді,

Қиянаттың шынжыры бір жолата кесілді.

Ашып беріп Киелі үй Кентауымның төрінен,

Қалың қазақ тоқталсын, естіп асқақ үніңді.


Ізгілікті ісіңе бақташы етіп таңдадың,

Үмітіме серік қып, сенімімді жалғадым.

Қайырылмадым артыма, Сенің Сөзің – Қорғаным,

Кедергідей тайсалмай бұзып өттім жолдағы.


Таңдаған ұл-қыздарың сая тапты бағыңнан,

Шырақсың Сен мәңгілік, әр жүректе жағылған.

Есіміңді қастерлеп, мадақтаймыз әнменен,

Сенің Құдіретіңмен бүршік атсын дарындар.


Әр балаңды Тәңірім, шомылдыршы Нұрыңмен,

Ұлы салтанатыңда бірге болшы ұлыңмен.

Сабырлық пен сенім бер барлық сынақтарыңда,

Сенің ұлылығыңа лайықты ет, ұғым бер.


Өмірімде жарық нұр берген Иса Тәңірім,

Мәңгі есімде сақталсын, Сенің берген тәлімің.

Сүйем ыстық көңілмсен, жан-тәніммен Өзіңді,

Әлі есімде қапастан мені оятқан Жарық Үн.


Өмірімді, еркімді бердім Сенің қолыңа,

Өсиетің Киелі, нәр аламын толыға.

Ақиқатсың, ұлысың, Сенің жолың – мәңгілік,

Аспан патшалығында күн болар ма жолығар.


Адасқан бір ұлың едім жырақтағы,

Жан Әкем, Өзіңе кеп тұрақтадым.

Жылытып жүрегіме жылу бердің,

Өзіңсің көп іздеген шуақ таңым.


Әлімбеков Ғалымжан 1973 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Ғалымжан жастайынан Жаратқан Иенің бар екеніне сенгенімен, бірақ бұл сенімінің негізсіз екенін кейін түсінді. Ер жете келе: «Дүние қалай жаралды, қазір қандай заман және болашақта не болады?» – деген сұрақтары да көбейе берді, бірақ ол сауалдарғажауап таба алмай, жүрегі өмірдегі әрқилы әділсіздіктерге, озбырлықтарға налыды. Ол әр сауалдар жетегінде жүргенде, қолына көне өсиет деген кітаптан сұрағына жауап алды. Кейін оған сиыну үйіне барудың да сәті түсті.

Сиыну үйіне барып, Құдай Сөзін естіген сайын, Ғалымжанның жүрегі Құдай Сөзі мен Оның Иса Мәсіхті күнәһарлар үшін жерге жібергені турасындағы шындыққа тола берді. Бірде ол Иса фильмін көру арқылы өзінің күнәһар екенін толық түсініп, Құтқарушы Иса Мәсіхті жүрегіне қабылдады. Сол сәттен бастап, жүрегіндегі таусылмастай болған талас-тартыс тоқтап, күнәлары үшін кешірім алып, болашаққа деген зор үмітке ие болды әрі жаны Иса берген тыныштыққа бөленді.

Бүгінде Ғалымжан Құдайды өлеңдерімен мадақтап, дәріптеуде.
Өмір мәні
Мына өмір – соғып өткен жел болса,

Жел ұшырған қураған бір шөп болдым.

Қулық, сұмдық, жамандыққа – бар болсам,

Ізгілік пен жақсылыққа жоқ болдым.


Мына өмір – ашырқанған аң болса,

Ал мен одан қаша алмай, жем болдым.

Адамдарды жүрегімде жек көріп,

Кісі өлтірген адамдармен тең болдым.


Мына өмір – патша болса, би болса,

Бұйрығынан шыға алмай құл болдым.

Кісі өлтіріп, қиянат істемесем де,

Елді алдаған, қуыс кеуде қу болдым.


Өмірдің шын мағынасын білмедім,

Ішіп-жеумен ойын-сауық іздедім.

«Өмір бізге бір-ақ рет берілген», –

Осы-ақ болды өмір жайлы білгенім.


Енді, бүгін бұрынғыдан басқа күн!

Жүрегімде шырқалады асқақ үн,

Ескі өмірмен біржолата қоштасып,

Исаменен жаңа өмір бастадым.


Менде бүгін бұрынғыдан басқа күн!

Бар күнәмды еңсе басқан тастадым.

Күнәларым қара бұлттай төнуші еді,

Енді бүгін шайдай ашық аспаным.


Менде бүгін өзгеше күн басқа күн!

Тауып алдым мәңгі өмірдің бастауын.

Кеше ғана танымастай басқа едім,

Енді бүгін, одан мүлдем басқамын.


Енді білдім мағынасын өмірдің.

Жүрек толды сөздерімен Тәңірдің.

Жамандықтан жан-дүнием тазарып,

Жиркенішті кірі кетті көңілдің.


Соқыр едім – Ис ашты көзімді.

Саңырау едім – сауыққаным сезілді.

Сөз жетпейді-ау суреттеуге тіліммен,

Жүректегі сұлу, ғажап сезімді!


Осы Исаға сенде келсең болады.

Жүрегің мол қуанышқа толады.

Күнәңді айтып, тәубе қылсаң, басыңа

Жаратқанның ақ батасы қонады.


Мені сонша сүйетіндей кім едім?

Тозақ отқа кетейін деп тұр едім.

Иса берді біржолата бостандық,

Құмарымның құлдығында жүр едім.


Исаға кел, ашылады көздерің,

Ере бермей айтқанына өзгенің,

Мен сияқты сен де аласың бостандық,

Егер оның қабылдасаң сөздерін.


Ата-аналарға
Тыңдашы әке, бірер сәтке ұлыңды,

Өзіңе арнап кіші-гірім жырымды,

Құлақ салшы, Ізгі хабар айтайын,

Бұл туралы естіп пе едің бұрын-ды?


«Сен кімсің?» деп баласынып, сөкпеші

Аз өміріңді ысырап қып төкпеші,

Құдай бізге жіберіпті Мәсіхті,

Мәсіхсіз сен о дүниеге өтпеші.


Құдай беріп Құтқарушы Мәсіхті,

Көкке кірер «есікті» Ол ашыпты.

Ашық есік жабылмастан тұрғанда,

Тәубе қылып, тез кіруге асықшы.


Мына өмірдің мәні жайлы ойлашы,

Бар ма екен деп мағынасы, пайдасы.

Жан бағыс та, күн көріс те болар-ау,

Бірақ мәңгі өмірден құр қалмашы.


Сен де ойлашы тағдырыңды анашым,

Құдайға тек Исаменен барасың.

Иса арқылы тәубе қылсаң Құдайға,

Сонда ғана жан тыныштық табасың.


Күнәмізден жалығыпты Ол, жеріпті,

Құтқаруға Иса болып келіпті.

Адамзатты сүйгендігі соншалық,

Өзін-өзі құрбандыққа беріпті.


Бізді өсіріп, қақтың, бақтың-баптадың,

Әдет-ғұрып, ырымдарды сақтадың.

Осылайша құтқарылам дейсің сен,

Бірақ бұлай құтқарылу таппадың.


Алла дейсің, дұрыс, бірақ сол Аллаң,

Бар билікті берген екен Исаға.

Сен де аласың кешірім мен мәңгі өмір,

Исаға кел жалтақтама, жасқанба.


«Мадақтаңдар Тәңірді барлық халықтар!

Даңқтаңдар Оны барлық ұлттар»

(Зәбүр 116)


Мадақтаңдар Тәңірді,

Құдіретті Сөзі үшін.

Адамзат түзу жүрсін деп,

Салып берген жолы үшін.


Мадақтаңдар Тәңірді,

Өмір үшін, жан үшін,

Тыныш ұйқы, бейбіт күн,

Әрбір атқан таңы үшін.


Мадақтаңдар Тәңірді,

Суы менен наны үшін.

Табиғатты жаратып,

Оған берген сәні үшін.


Мадақтаңдар Тәңірді,

Жұлдыз бен ай, күн үшін.

Күнәміз үшін біздердің,

Құрбан еткен Ұлы үшін.


Мадақтаңдар Тәңірді,

Қысы менен жазы үшін.

Қуаныш пен әрине,

Қиыншылықтары үшін.


Мадақтаңдар Тәңірді,

Қиналсаң берер қол ұшын.

Алғысқа тек Ол лайық,

Мадақтаңдар сол үшін.


Бет бұрыңдар Тәңірге,

Бала мен жас, кәрің де.

Исаның берген сыйлығын,

Қабылдаңдар бәрің де.


«Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш

жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа

да ортақ: бүгін Дәуіттің қаласында сендердің

Құтқарушыларың дүниеге келді.

Ол-Иеміз Мәсіх!»

(Інжіл, Лұқа 2:10, 11)


Бүгін Иса туылды,

Көк пердесі түрілді.

Періштелер аспанға,

Топ-тобымен жиылды.

Ақырда жатқан сәбиге,

Малшылар кеп үңілді.

Данышпандар Исаның

Алдына кеп иілді.

Бұны көріп сұм шайтан,

Риза болмай күйінді.

Құдай бізге Исаны,

Қабылдауға бұйырды.

Біздер үшін Ол өліп,

Үш күннен соң тірілді.

Амалы бітіп сұм шайтан,

Жеңіле жерге жығылды.

Ғолготада – айқышта,

Жеңіс туы тігілді.

Сол айқышта біз үшін,

Қыршын жаны қиылды.

Пәк қанымен Исаның,

Бар күнәміз жуылды.

Айтыңдаршы адамдар,

Кім осылай туылды?!


«Балалардың Маған келуіне жол беріп,

кедергі жасамаңдар! Себебі Құдай Патшалығы

сондайлар үшін»

(Інжіл, Лұқа 18:16-17)
Иса қайтіп келеді,

Оны бәрі көреді.

Тәубе қылсаң саған да,

Мәңгі өмір береді.


Иса жақсы бақташы,

Мәңгі өмірдің «қақпасы».

Ата-анамды, өзімді,

Жамандықтан сақташы.

***

Қорғаушымыз Құдайды,



Мадақтаймыз ұдайы.

Өмір беріп бізге Ол,

Қуанышты сыйлайды.

***


Біз бақытты баламыз,

Жырлап әнге саламыз.

Қиындықтар кезіксе,

Тек Исаға қараңыз.

***

Мен Исаның қызымын,



Өмірдің нұр, тұзымын.

Арманым біреу – Исаның,

Соңынан жүрем ізінің.

***


Мен Исаға сенемін,

Жетегінде келемін.

Сұрағың болса Ол жайлы,

Саған да айтып беремін.

***

Қауымым менің жанұям,



Сыртта жүрсем сағынам.

Қауымға кеп, қол жайып,

Бір Құдайға табынам.

***
Ендібаев Қаржау балқашұлы 1960 жылы Жизақ облысы Мырзашөл ауданында туылған.

1966 жылы Иса Мәсіхті Құтқарушым деп қабылдағаннан бері оның өмірі түбегейлі өзгеріп, Құдайды мадақтаған өлеңдер жаза бастады.
Иса бізді сүйеді
Иса бізді сүйеді,

Аты Оның Киелі.

Күнәмізді кешіріп,

Болдық өмір тиегі.


Орта жолда тоқталмай,

Қуанайық шаттанып.

Иса Мәсіх жолымен,

Мәңгілікке аттанып.


Иса Сені сағындық,

Айтқаныңа бағындық.

Құтқаршы деп халқымды,

Өзіңе біз жалындық.


Бұл өмірде жарқырап,

Жарық берер нұрысың.

Құдай Әкеміз жіберген,

Құтқарушым Ұлысың.


Иса менің Тәңірім
Құрбандыққа шалынған,

Қызыл қанға малынған.

Күнәларын кешір! – деп,

Біздер үшін жалынған.


Құдай айтқан жалпыңа,

Жар саламын халқыма.

Исаға сеніп еріңіз,

Күнәні Оған беріңіз.


Иса Мәсіх Тәңірім!

Орындалсын әмірің.

Күнәларын кешірдің,

Халықтардың бәрінің.


Жақсылыққа үйреткен,

Қолына шеге түйреткен.

Айқыш ағаш басында,

Шайтан рухын күйреткен.


Сен сол қалпы тірісің,

Киелісің, Ұлысың,

Жетуге Саған асықтым,

Құтқарушым Мәсіхсің.


Балаң болып атандым,

Өзіңнен мен бата алдым.

Қаныңменен ақталдым,

Күнәлардан тоқталдым.


Шындықтан біз қайтпайық,

Ескі әуенді айтпайық.

Інжіл сөзін жаттайық,

Жүректерде сақтайық.


Аузыма Рухы сөз салған,

Білмесімді үйретіп,

Өмірімді қолға алған,

Құрметтейік Мәсіхті.


Сен биік ғарыштасың
Мекен-жайың Көктегі ғарыштасың,

Абыройың арта берсін шарықтасын.

Тәубе етіп алдың кеп біз жығылдық,

КиеліРухың төбемізде қалықтасын.


Есігіңді қақтым тағы бізге ашқан,

Жүзіңді көргім келіп, нұрды шашқан.

Киелі Рух көгершін боп қонған кезде,

Жаман рух жалтарып бізден қашқан.


Көктегі Әеміз! – деп, ардақтаймыз,

Әнге қосып атыңды мадақтаймыз.

Ізгі хабар, Інжілдей Кітабыңнан,

Тәлім алып, әрдайым парақтаймыз.


О, Құдайым жиналысты Өзің басқар,

Рухыңмен айтқаныңды бәрі қостар.

Сарқырап аққан таудағы өзен болсаң,

Болайық арнаңдағы малта тастар.


Қол жайдым, Көктегі Әке бергін бата,

Қанатыңмен жаман рухтанӨзің сақта.

Айтқаныңыз орындалып той-тойлайық,

Жерде біздер, ал Өзіңіз алтын тақта.


Оспанов Қуандық 1980 жылы қазан айының 10-шы жұлдызында Шығыс Қазақстан облысындақарапайым қазақтың отбасында дүниеге келді.

Жас та болса қуандықты бұл өмірдің мәні мен мағынасы неде деген сұрақтар жиі мазалайтын. Уақыт өте күнә туралы да ойсыз қалмады. Әрдайым күнәдан арылу жолын ойлайтын. Күнәға деп талай рет қарсы шықса да, оны жеңе алмады.

Бірде қасындағы жолдасы екеуін бір бейтаныс адам сиыну үйіне кино көруге шақырады. Олар мына заманда бұл не деген тегін кино деп таң қалса да, баруға келісті. Фильмнің Құдай туралы екенін киноның аты айтып тұр еді. Олар фильмнен Құдайдың әлемге Өз сүйіспеншілігін қалай дәлелдегенін көрді және сол жерде өтіп тұратын жиналыстарға қатыса жүріп, Құдай жайында тереңірек біле бастады. Көп ұзамай Қуандық күнәдан тазалап, кешіретін Иса Мәсіхті Құтқарушым деп қабылдап, тәубеге келді. Содан бастап Қуандықтың өмірі мән-мағынаға толып, іздегенін тапты. Ол осы өмірде тапқан тірі бұлақ көзін мына бір өлеңмен жеткізеді.
Киелі кітап
Сөзіңді алдым қолыма,

Жарық боп жанған жолыма.

Әлсіреп әлім таусылса,

Күш-қуат берер бойыма.


Киелі кітап – ырысым,

Күнәға қарсы қылышым.

Тастай боп қатқан жүректер,

Сөзіңді оқып жібісін.

Мұздай боп тоңған көңілдер,

Оларды оқып жылысын.


Ашықсам оқып нәр алам,

Нәріңе мұқтаж әр адам.

Жол етіп оны жұмаққа,

Адаспай тауып бара алам.


Сөзіңді берген жерге Сен,

Су етіп ішем шөлдесем.

Киелі Сөзің болмаса,

Өмірдің мәнін білмес ем.


Тәңірдің «тірі» сөзісің,

Кеудеме тұнған тынысым.

Тастай боп қатқан жүректер,

Сөзіңді оқып жібісін.

Мұздай боп тонған көңілдер,

Олар да оқып жылысын.


Сөзіңді Сенің сүйеніп,

Жығылсам қайта тұра алам.

Күнәмнің құны өтелді,

Сөзіңнен оқып біле алам.


Мақұлбеков Көшікбай 1952 жылы дүниеге келді. Ол Ферғана облысы Марғұлан қаласында арнайы араб тіліндегі оқу орнында оқып жүргенде, Құранның қазақ тіліндегі аудармасынан Иса Мәсіх жайында жазылған кереметтер – Оның Киелі Рухтан Мәриам есімді таза қыздан туылуы, адамдарды аурулардан сауықтырғаны, өлген адамдарды тірілткені жайында оқып, оларға ерекше көңіл бөледі. Бұл тапқан қазыналары Киелі кітапты оқығанда тереңінен ашылып, 1996 жылы Иса Мәсіхті жеке басының Құтқарушысы деп қабылдады.
Бір Құдайдың ұл-қызымыз
Жан Иемді жаным деймін,

Рухани нанын жеймін.

Күнәміздің өтеуі ғой,

Айқыштағы қаның деймін.,

Өлгеніңе сенбестен,

Түйрелді ғой тәнің деймін.

Үш күннен соң тірілтті ғой,

Құдай Өзі жанын деймін.

Құдай сөзі қарап тұрсаң,

Жанып тұрған жалын деймін.

Бір Құдайдың ұл-қызымыз,

Осы отырған бәрің деймін.

Киелі Рух айт деген соң,

Соны сізге мәлімдеймін.


Қайта туу
Қайта тудым, міне қайта таң атты,

Құдай бізге жаратыпты жәнатты.

Құдай сөзі рухани нанымыз,

Күнделікті жемесек те тамақты.


Құдай сөзі – рухани нанымыз,

Құдай сөзі – айқыштағы қанымыз

Құдай сөзі – түйрелген сол тәніміз

Имандылар бұл сөзіме наныңыз.


Ібіліс те ағашта айқыш ұтылды,,

Күнәһарлар күнәсынан құтылды.

Жан Иеміз көз жұмғанда айқышта,

О, керемет! Күннің көзі тұтылды.


Үш сағаттай, күннің көзі тұтылды,

Киелі Үйде, қалың перде жыртылды.

Үш күннен соң, Иса Мәсіх тіріліп,

Қуантты ғой, қуантты ғой жұртымды.

***

Адасқан қойдай еді сандалғандар,



Исаның отары ғой таңдалғандар.

Біздерге түк ете алмас, жанды алғандар,

Біздердің жандарымыз жәнәтта ғой,

Киелі кітапты оқып аңғарғандар.

***

Құдайды мойындаса ел бетімен,



Жүреді Исаға ұқсап көл бетімен,

Ұшады бұлттарменен тербетілген,

Иемді танымаса келбетімен,

Түп-түзу жүру қиын жер бетімен.


Алғаш рет
Алғаш рет қазақтың,

Інжіл мектебі ашылды.

Иса жайлы ғажап тым,

Кереметтер айтылды.


Қасиетті Інжілден,

Айтып тұрмын нақылды.

Адамзаттан көрмедім,

Иса сынды ақылды.


Тірідей қақты айқышқа,

Аямай оны қинады.

Күнәсіздігін жасырып,

Бостандығын басқаға сыйлады.


Орнына Оның босатты,

Бараббадай масылды.

Үш сағаттай түнек боп,

Күн де көзін жасырды.


Иса Мәсіх біздерге,

Беріп жатыр жолдама.

Бір Исадан басқаны,

Тәңірім деп, қолдама.


Көктегі Әке билігі,

Демеңіз тек Сонда ма?

Иса берсе дарынын,

Іске асыр қолдана.


Жүрегіңе орнықтыр,

Сол дарынның сарынын.

Құдай – Сөзі тірі Нан,

Ашпайды еш қарының.


Қабылдаңдар Исаның,

Бойындағы жалынын.

Бағушысы болыңдар,

Қой менен қозы малының.

***

Құдайдың әрбір Сөзі бір ән болып,



Көмейден туындайды жыр, ән болып.

Жазылады жүрекпенен шын ән болып,

Тарайды жер бетіне мың ән болып,

Дәуітше өлең шіркін мұрам болып.

Сөз боп еніп, Мәриам қыздың құрсағына,

Сәби боп осы өмірде туылыпты.

Шындық үшін айқышқа қуылыпты,

Күнәһар Адам-Ата ұрпағының,

Жүрегі Киелі қанмен жуылыпты.
Иса жақсы Бақташы
Иса жақсы Бақташы,

Сен де Оны жақташы,

Жаратушы Иемді,

Жүрегіңде сақташы.


Диқан тұқым шашқанда,

Құнарлы жерге түскен дән.

Бақташы қозы баққанда,

Ерекше қарап күткен жан.


Астарлы сөзбен айтқанда,

Рухани піскен Нанымыз.

Қараңғыны жарық қып,

Түнекте атқан таңымыз.


Иса біздің Иеміз,

Өзәңді шын сүйеміз.

Рухыңа Киелі,

Басымызды иеміз.


Екі мың жыл
Екі мың жылдай ертерек,

Адам боп жерге келіпсің,

Мойныңа алып күнәмді

Мен үшін азап шегіпсің.


Көп күнә жасап мен білмей,

Жүргенім саған мәлім-ді.

Кітаптан таптым Інжілдей,

Арайлап атқан таңымды.


Дүниеге Иса жарықсың,

Мәңгілік өмір беретін.

Айқышқа барып қағыпсың,

Тозақты біздер көретін.


Мейірім шашқан көзіңнен,

Құдайдың нұрын сеземін.

Киелі Сенің Сөзіңне,

Күш-қуат алып келемін.


Кешігіп қалмай тұрғанда,

Кешірімін Оның алуға

Асыққын сен де, бауырым,

Жұмақта мәңгі болуға.


Бір Шындық
Бір шындық бар бізге жеткен,

Ол шықпайды біздің естен.

Күнәсін кешірген адамзаттың,

Мәсіхті күтеміз біздер Көктен.


Ардақты Құдайымсың!

Өзіңді ұғайын шын.

Нәр берер тағдырыма,

Тайсылмас бұлағымсың.


Өмірім Сеніменен солмайтындай,

Мәсіғім мәңгілік қорғайтындай,

Киелі Рухың қонған кезде,

Өн бойым балқиды қорғасындай.


Сөзіңде ағат жоқ Сенің мүлде,

Қызық қой өмірге келуің де.

Туыпты Мәриам, тап-таза қыз,

Шын әкең Құдай боп өміріңде.


«... есімдеріңнің көктегі кітапқа тіркелгеніне

қуаныңдар»

(Інжіл, Лұқа 10:20)
Ассалаумағалейкум, жастарымыз!

Қосылып ртыр міне, бастарымыз,

Құдайға санаулы тұр шаштарымыз,

Домалап өрге өрлесін, тастарымыз.


Исаның әр Сөзінің астарымыз,

Аспанда жазулы тұр аттарымыз,

Осыған имандылар шаттаныңыз!

Исаның асыл сөзін ап қалыңыз.


Әзәзілдің жолынан сақтаныңыз,

Тек Құдайдың жолына аттаныңыз.

Киелі Рух еркімді Саған бердім,

Өмірімді енді Өзің басқарыңыз!


Роза Әшірбек қызы Аяпбергенова Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған кішкентай ғана қарапайым ауылда туып өсті. Ата-анасының пікірі бойынш: «Құдайдан сұрап алған жалғызы».

Роза Құдайдың алдында есеп беретінін ата-анасынан жиі еститін әрі өзінің Құдай берген түйсігімен сезіп білетін. Әкесі жұмаққа өтетін қыл көпір туралы әңгімелегенде, оны сол қыл көпірден қалай өтемін деген ой мазалап, түңіліп сарыуайымға түсетін. Құдайдың шынайы жолын іздеуді білмесе де Оның жазасынан құтылудың амалын іздестіретін. Сөйтіп бірде Құдайдың жазасынан құтылудың бірден-бір жолы бүкіл адамзат баласының күнәсі үшін айқышта жанын қиған, оны да, басқаларды да шексіз сүйетін Құдайдың жалғыз Ұлы Иса Мәсіх туралы естіп, қуанышпен қабылдады.

Роза құтқарылу жолын іздеп жүрген көпшілік оқырман қауымға Құтқарушы Иса Мәсіхті қабылдаңыздар деп тілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет