Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының 2013 жылғы 1-тоқсандағы бақылау қызметінің негізгі қорытындысы


Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының негізгі нәтижелері



бет2/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#130509
1   2   3   4

1. Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының негізгі нәтижелері:


1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жүргізілген бақылаудың қорытындысы республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің экономиканың 2012 жылғы үлесі 52,8%-ды, соның ішінде шикі мұнай өндіруде 49,7%-ды құраған шикізат секторын қамтамасыз ететін түсімдерге тәуелділігі сақталып отырғанын көрсетті.

2012 жылы салықтық түсімдер 2 975,6 млрд.теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 25,6 млрд.теңгеге азайды.

Банкротқа ұшыраған кәсіпорындарға салықтық әкімшілік етудің тиімділігінің төмендігінен, салықтық берешекті өндіріп алу ол туындағаннан кейін ұзақ мерзім өткен соң жүзеге асырылуда. Кәсіпорындардың қайта құру жолымен салықтық міндеттемелерін орындаудан жалтару схемасын қолдануының 6 оқиғасы бойынша бюджет 10, 5 млрд.теңге шығын шеккен.

Түркияның аумағы арқылы Грекия мен Кипрге қара металл сынықтарының жалған экспорты схемасы пайдаланылуда. 2009-2012 жылдары қара металл сынықтарының экспорты кезінде кедендік әкету баждары бойынша преференциялар 1,9 млрд.теңгені құрады.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен шұғыл шығындарға арналған қаражат жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жеткілікті дәрежеде негіздемей ұсынған есептеулерімен бөлінген.

2009-2012 жылдары «КААЖ» и «Электрондық кеден» ақпараттық жүйелерін әзірлеуге елеулі бюджет қаражаты бөлінгеніне қарамастан, аталмыш ақпараттық жүйелер өндірістік пайдаланылуға енгізілмеген. «Қазынашылық – клиент» ақпараттық жүйесін кең ауқымды енгізу жүзеге асырылмаған.

2012 жылы жергілікті атқарушы органдар 17,8 млрд.теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферттерді және 8,6 млрд.теңгенің бюджеттік кредиттерін пайдаланбаған. Республиканың бес облысында пайдаланылмаған трансферттер уақтылы қайтарылмаған.

2) Маңғыстау облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау барысында анықталғандай, жекелеген инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігі төмен, нысаналы трансферттер жөніндегі келісімдердің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге тиісті шаралар қабылданбаған, бюджеттік жоспарлау тиімсіз жасалған.

Жалпы сомасы 34,2 млрд.теңгеге бюджет, салық және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды.

Бірқатар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру техникалық және авторлық қадағалаумен сүйемелденбей, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылған.

Ақтау қаласын электрмен және жылумен жабдықтау, Бейнеу ауданын газбен жабдықтау бойынша 2012 жылға жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылмаған. Ауылдық елді мекендерде халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға және сапалы электрмен жабдықтауға қол жеткізу қамтамасыз етілмеген, Жаңаөзен қаласындағы «Жұлдыз» ықшамдауданында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы аяқталмаған.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылып жатқан жобаларды іріктеу және іске асыру жұмысы тиісінше жүзеге асырылмауда. 2012 жылы шағын және орта бизнесті дамытуға көзделген қаражаттың жалпы сомасынан қаржының 88%-дан астамы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бөлінген.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберіндегі медициналық қызметтер толық көлемінде көрсетілмеген.

3) Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау кезінде жалпы сомасы 14,2 млрд.теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды, бұл қаржы тәртібінің төмендігін көрсетеді.

Сотталғандарды түзеу мекемелерінде (бұдан әрі – ТМ) ұстау шарттарын сипаттайтын көрсеткіштерге қол жеткізілмеген:

- ТМ-де бұзушылықтардың санын жыл сайынғы төмендетудің үлесі 1%-ға жоспарланғанымен, 4,2%-ды құрады;

- ТМ-де ұсталатын адамдарды психокоррекциялық және психопрофилактикалық іс-шаралармен қамтуды ұлғайтудың үлесі 83,3%-ға жоспарланғанымен, 73,9%-ды құрады;

- сотталғандардың арасында туберкулезбен науқастанғандардың көрсеткіші 100 мың адамға есептегенде 765 адамға жоспарланғанымен, 941 адамды құрады;

- бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың арасындағы жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға есептегенде 3,41%-ға жоспарланғанымен 4,3%-ды, ал тергеу изоляторындағы 38 өлім жағдайын ескере отырып, аталған көрсеткіш 6,1%-ды құрады.

Мекемелерді ұялы байланыс жүйелерін басып-бәсеңдететін жабдықтармен жарақтандыру іс-шаралары іске асырылмаған. «Алматы облысының Заречный кентінде 1500 орынға арналған қатаң режимдегі түзеу колониясын реконструкциялау» объектісі бойынша 33,8 млрд.теңгенің жобалау-сметалық құжаттамасын түзету орындалмаған.

2011-2012 жылдары бостандыққа шыққан 56,5 мың сотталған адамның тек 935-і немесе 1,7%-ы ғана жұмысқа орналасқан.

17 ТМ-нің 5-уінде жүктерді және адамдарды қарап тексеретін рентген-телевизиялық қондырғыларды пайдалануға лицензиялар болмаған, жабдықтардың жалпы құны 214,6 млн.теңгені құрайды.



Сотталғандар барак типтес ғимараттарда 40-120 адамнан тұратын отрядтарда тұрып жатыр, бұл қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сай келмейді. ТМ-нің негізгі қоршауынан 50 метрлік айыру аймағын белгілеу талаптары сақталмай отыр.

Білім алу қағидасын бұза отырып, 94 ТМ мен тергеу изоляторының тек 55-інде ғана жалпы білім беретін оқу мекемелері жұмыс істеп тұр.

240 қылмыстық-атқару инспекциясының 180-інде пробация жүйесі бөлімдері құрылған. 2012 жылы пробациялық бақылауда тұрған 2180 шартты сотталған адамдардың тек 185-іне әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген.

Қылмыстық-атқару жүйесінің барлық департаменттерінде сотталғандарды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі жасалмаған, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің штаты жасақталмаған.

Жекелеген ТМ-лердің медициналық бөлімдерінде медициналық қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік лицензиялар алынбаған.

4) Тарифтік саясат және бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаларды бағалаудың қорытындысы бойынша Тарифтік саясат жөніндегі бағдарламаны іске асыру тиімділігінің төмендігі, сондай-ақ Бәсекелестікті дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жасалмағаны атап өтілді.

Тарифтік саясат жөніндегі бағдарлама мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (бұдан әрі – ТМРА) стратегиялық жоспарындағы көрсеткіштердің қайталануына жол берілген, осы орайда Бағдарламаның одан әрі іске асырылуының орындылығы мәселесі туындайды.



Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық және өндірістік бағдарламаларды іске асырғанына қарамастан, тиісті ресурстардың нормативтік ысыраптарының пайызы төмендемей отыр.

Тарифтік саясат жөніндегі бағдарлама мемлекет іске асырып жатқан шекті тарифтерді арттыру жөніндегі саясатты көрсетпейді.

Тиісті ұйымдардың инвестициялық міндеттемелеріне арналған шекті тарифтер аясында бағалардың өсуінен түсетін кірістерді жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауға және электр энергиясына бағыттау тетігі айқын емес. Шекті тарифтердің артуының өзіндік құнның өсуіне тигізетін әсеріне талдау жасалмайды.

Бағдарламада магистральдық құбырлармен мұнай және газ тасымалдау саласындағы тарифтерді белгілеуді жетілдіру қарастырылған болатын, алайда ұсыныстар әзірленбеген.

Бәсекелестікті дамыту жөніндегі бағдарламаның іс-шаралары 2011-2012 жылдары толық көлемінде орындалмаған.

Коммуналдық меншікті басқаруға жеке инвестицияларды тарту, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану туралы ұсыныстар енгізу жөніндегі іс-шара орындалмаған.

Жоспарда көзделген іс-шаралардың толық орындалмауына Бәсекелестікті дамыту жөніндегі бағдарламаны орындаушылардың арасында мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, жергілікті атқарушы органдардың қызметінің айқындығын арттыру, әкімшілік кедергілерді қысқарту және кәсіпкерлік қызметті дамытуға қажетті инфрақұрылымды құру бойынша іс-қимылдардың келісілмеуі себеп болған.
5) Қазақстан Республикасында атом саласын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші кезеңінің іске асырылуы жеткілікті дәрежеде тиімді емес деп белгіленді.

Жалпы сомасы 3,2 млрд.теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берілген, 2,3 млрд.теңге тиімсіз пайдаланылған.



Көзделген 46 іс-шараның 25-і немесе 54%-ы орындалмаған.

Курчатов қаласында «Тоқамақ ҚТМ» қазақстандық термоядролық материалтану реакторы әлі күнге дейін құрылмаған, оны 2010 жылы бітіру жоспарланған болатын. Нәтижесінде құны 2,6 млрд.теңге тұратын бірегей және аса қымбат жабдық пайдаланылмай тұр. Кейбір жағдайларда өнім жеткізуші фирмалардан, әзірлеушілер мен өндірушілерден бұрын сатып алынған жабдықтар мен олардың жинақтаушы бұйымдарының кепіл берілген мерзімдері аяқталуға жақын.

Ядролық медицина және биофизика орталығының радиофармпрепараттары өндірісінің корпусы пайдалануға берілмеген. Сол себепті, құны 2,3 млрд.теңге тұратын жабдықтар пайдаланылмай тұр, олардың бір бөлігі жеткізілмеген, ал бір бөлігі оларға бейімделмеген үй-жайларда сақталуда.

Бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауытының аумағында радиациялық жағдайды жою бойынша құны 54,0 млн.теңгенің жұмыстары толық көлемінде жүргізілмеген.

БН-350 реакторының пайдаланудан шығарылғанына байланысты, радиациялық қауіпті жою бойынша 743,0 млн.теңгенің жұмыстары орындалмаған.

Сот дауы созылып кеткендіктен, «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру жөніндегі құны 1,7 млрд.теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары екі жыл бойы жүргізілмей келеді.

Осылайша, атом саласындағы ірі ауқымды жобаларды уақтылы бітірмеу олардың қымбаттауына және Қазақстан Республикасында атом саласын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасының тиімсіз іске асырылуына алып келуде.
6) Техникалық және кәсіптік білім беруді (бұдан әрі – ТжКБ) дамытудың тиімділігін бақылаудың қорытындысы бойынша 1,2 млрд.теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды, 881,9 млн.теңге сомасындағы қаражат тиімсіз пайдаланылған.

Бақылаумен қамтылған 847 оқу орнының бірде-біреуі білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сай келмейді. ТжКБ-ның 96 ұйымында мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен оқу құралдары болмай шықты.

Республиканың 20 колледжінде апатты жағдайдағы ғимараттарда білім берілуде. 335 колледжде мемлекеттік тапсырыспен оқып жатқан шәкірттер жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілмеген.

Жалпы республика бойынша ТжКБ саласын оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету орташа алғанда 30%-ды құрайды.

Білім беру қызметінің тиісті сапасы қамтамасыз етілмеген, оқытудың озық әдістері іс жүзінде қолданылмайды. 2010-2012 жылдары жаңа ұрпақтың оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары әзірленбеген және шығарылмаған.

Соңғы 10 жыл ішінде оқытушылардың саны 2 еседен астамға ұлғайғанына қарамастан, жоғары санатты оқытушылардың үлесі – 4,3 есеге, ал бірінші санаттағылардың үлесі 5 есеге қысқарған.

Мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру республика өңірлерінде мамандықтар бойынша олардың қажеттіліктеріне талдау жасалмастан жүзеге асырылуда.

«Технологияларды коммерцияландыру» жобасын іске асыру созылыңқы сипатқа ие, оны орындау мерзімі 2015 жылға дейін ұзартылған. Жоғары сыныпты жабдықтарды сатып алу үшін Ұлттық зертханалық кешен және Материал енгізу бойынша халықаралық орталық құру 2012 жылға деп жоспарланғанымен, қазіргі кезге дейін жүзеге асырылмаған.

Жалпы алғанда, ТжКБ жүйесінде оқу орындарының қызметін үйлестіру бойынша ведомствоаралық өзара тиімді іс-қимыл жасалмағаны атап өтіледі. ТжКБ саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар мен олқылықтар орын алған. ТжКБ жүйесін дамытуға және жаңартуға бағытталып қабылданған мемлекеттік бағдарламалық құжаттардың іс-шаралары орындалмауда.



Еңбек нарығында білікті мамандарға деген тапшылық болғанымен, ТжКБ оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасу проблемасы сақталуда, бұл олардың білімдері мен біліктіліктері сапасының төмен деңгейде болуына байланысты туындап отыр.
7) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылу барысын бағалау оны іске асыру тиімділігінің төмендігін, жергілікті атқарушы органдардың жекелеген көрсеткіштер мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбегенін, сондай-ақ нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерде көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалмағанын көрсетті.

Бюджет және өзге де заңнаманың анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 39,1 млрд.теңгені құрады.

2011-2012 жылдары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген 196,3 мың адамның 161,4 мыңы әлеуметтік келісімшарттарға қол қойып, олардың 111,7 мыңы жұмысқа орналасқан, 59,5 мыңы (36,8%-ы) оқуларын аяқтаған.

Ведомстволық статистикалық деректердегі алшақтықтың болуы тиісті мониторингінің және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жоқтығын көрсетіп отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрлігінің жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына негізделген деректері бойынша, «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» Бағдарламасының бірінші бағытына қатысып, 2011-2012 жылдары оқудан өткен 59,5 мың адамның 49,7 мыңы (83,5%-ы) жұмысқа орналасқан. Сонымен бірге Білім және ғылым министрлігінің де жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйенген ақпаратына сәйкес, аталған кезеңде оқудан өткендердің саны – 4,0 мың адамға, ал жұмысқа орналасқандарының саны 18,6 мыңға аз.

Бұл ретте «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық базада Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу жүзеге асыратын деректердің негізінде жұмысқа орналасқандардың жалпы саны 22,5 мың адамды құрайды.

Бағдарламамен қамтылған адамдардың саны жөніндегі есепті деректерді ұлғайту мақсатында, Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушылардың құрамына ағымдағы жылғы 9-11 сыныптардың түлектері, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт жасалған, алайда Бағдарламаға қатыспаған адамдар енгізілген.

Өткен жылмен салыстырғанда, 2012 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,4%-дан 5,3%-ға төмендегенімен, Бағдарламаның қатысушысы ретінде тіркелген жұмыссыздардың саны 32,4 мың адамға, соның ішінде жастар - 25,4 мың адамға немесе 173%-ға өскен.

Кадрларға деген қажеттілікті ұзақ мерзімді кезеңге болжау жүзеге асырылмайды, кадрларды дайындау саласындағы заңнамалық базаны, техникалық бағыттағы оқу орындарында білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру бойынша тиісті жұмыс жүргізілмеуде. Нәтижесінде, әлеуетті алайда қажет етілмеген қызметкерлер көп болғандықтан, кәсіпорындар білікті кадрларға деген қажеттілікті жалғастыруда, шетелдің жұмыс күшін тартудың ұлғаю серпіні байқалуда.


8) «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының қызметін бақылаудың барысында жалпы сомасы 9,3 млрд.теңгеге бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары анықталды.

«ҚазАгро» Холдинг» АҚ Ұлттық қордың 2 млрд.теңге мөлшеріндегі қаржысын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың орнына ағымдағы шығыстарға бағыттаған, бұл бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану болып табылады.

Ұлттық қордың қаражатын игерудің төмендігі атап өтіледі. 2013 жылғы 1 қаңтарға «ҚазАгро» Холдинг» АҚ-ның есеп айырысу шотындағы Ұлттық қор қаражатының қалдығы 17, 9 млрд.теңгені құрады.

2012 жылы «ҚазАгро» Холдинг» АҚ Ұлттық қордың 2011 жылы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға астық сатып алуға бағыттаған 40,0 млрд.теңге қаражатын қайтаруды қамтамасыз етпеген.

2009-2010 жылдары экономиканы тұрақтандыруға бөлінген бос қаражаттың пайдаланылуы және Ұлттық қорға қайтарылу тетігі регламенттелмеген.

«ҚазАгро» Холдинг» АҚ-ның жекелеген еншілес ұйымдарының бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбегені анықталды.



«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ «Астана қаласының азық-түлік белдеуі шеңберінде жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін дамыту», «Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің (өңірлік терминалдары бар) көтерме базарын салу» және «Еліміздің оңтүстік өңірлерінде тамшылатып суаруды қолдана отырып, жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін дамыту» атты инвестициялық жобаларға бөлінген бюджет қаражатын толық көлемінде игермеуде, бұл жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілмеуіне әкеп соқты.

«ҚазАгроФинанс» АҚ Еуропа мен Ресейдегі эпизоотикалық ахуалға талдау жасамастан, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңды бұза отырып, Австрияның «Klinger GmbH» фирмасынан 1 989 мың еуроға 700 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алып, кейіннен оларды жойған, есептен шығарған және ұйымның шығыстарына жатқызған.


9) Есеп комитеті 2012 жылғы қыркүйек – 2013 жылғы ақпан аралығында Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитетімен және Ресей Федерациясының Есеп палатасымен бірлесіп, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы уәкілетті органдарының Кеден одағына кедендік әкелу баждарын (өзге де баждарды, баламалы әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімді сақтауы мәселесі бойынша бақылау жүргізді.

Тексерудің қорытындысы үш елдің жоғары қаржы бақылау органдары алқасының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 10К (901), №4 хаттамасына сәйкес бірлескен шешімімен бекітілді.

Жалпы алғанда, тексерудің нәтижелері кедендік әкелу баждарын есепке алу мен бөлу тәртібінің тиімділігі мен тепе-теңдігін көрсетті. Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары кедендік әкелу баждары түсімдерінің оқшауланған есебін ұйымдастырған.

Үш елдің де уәкілетті органдары бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының болмауы, оларды аудару мерзімдерінің бұзылуы жайттарын анықтамаған. Кедендік әкелу баждарын бөлуге және бюджетке аударуға байланысты бұзушылық фактілері тіркелмеген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет