Сызба альбом


-бап. Атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдану шарттары



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата26.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#496565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Оқ ату кітабы

62-бап. Атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдану шарттары
1. Атыс қаруы жəне өзге де қару, арнайы құралдар, дене күші осы Заңда көзделген жағдайларда қалыптасқан жағдай
негізге алына отырып қолданылады.
2. Қызметкерлер атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдануға байланысты жағдайларда
əрекеттерге жарамдылығына арнайы даярлықтан, мерзімдік тексеруден өтуге міндетті.
3. Қажетті қорғаныс жəне аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстаған кезде қызметкер
өзінде қажетті арнайы құралдар немесе қару болмаған кезде қолда бар кез келген құралды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда
белгіленген негіздер бойынша жəне тəртіппен жарақтандыруда тұрмаған өзге де қаруды қолдануға құқылы.
4. Атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолданған кезде қызметкерлер:
1) атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдануды кешіктіру азаматтардың,
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін, өзге де ауыр салдарларға əкеп соқтыруы мүмкін болатын
немесе қалыптасқан жағдайда мұндай ескерту орынсыз немесе мүмкін емес болып табылатын жағдайларды қоспағанда, атыс
қаруын жəне өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдану ниеті туралы ескертуге, бұл ретте оларды қолдану
көзделіп отырған адамдарға өзінің талаптарын орындау үшін жеткілікті уақыт беруге міндетті.
Атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнайы құралдарды жəне дене күшін бөлімшенің (топтың) құрамында қолданған
жағдайда, көрсетілген ескертуді бөлімше (топ) басшысы немесе арнаулы атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы жоғары
қызметкер жасайды;
2) жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін
қажетті шаралар қолдануға, атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей
басшыға дереу баяндауға міндетті.
5. Адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр салдарға əкеп соққан атыс қаруы жəне өзге де қару, арнайы құралдар,
дене күші қолданылған əрбір оқиға туралы прокурорға дереу хабар беріледі.
6. Қызметкерлердің атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін өз өкілеттіктерін асыра
пайдалана отырып қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады.


11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет