Сызба альбом



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата26.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#496565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Оқ ату кітабы

Дағдыларына ие болу:
Ø автомат пен тапаншадан атыс
жүргізу;
Ø шектеулі
уақыт 
ішінде
тапанша мен автоматтан дəлдеп
атыс жүргізу;
Ø - əр түрлі жағдайлар мен
қалыпта жылдам атыс жүргізуді
орындай білу


6
3-БӨЛІМ. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДА АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ІІО атыс дайындығы бойынша тəлімдемесін
бекіту туралы: ҚР ІІМ 05.03.2013 ж. №10 ҚБПҮ
бұйрығының №2 қосымша
ҚР
ІІО
қаруландыру
қызметінің
нүсқаулығын бекіту туралы: ҚР ІІМ
28.12.2012 ж. №705 бұйрығы
Қазақстан Республикасы ІІО-ның бұйрықтарының талаптары мен
ережелеріне сəйкес ІІО қатардағы жəне басшы құрам арасындағы қызметтік-
жауынгерлік дайындық аясында жүргізіледі


7
4-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998
жылғы 30 желтоқсандағы N 339 Заңы ( 01.01. 2015 ж. жағдай бойынша)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) атыс қаруы - оқ дəрi немесе өзге де заряд қуатының əсерi нəтижесiнде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып
шығаратын қару;
2) белгi беру қаруы - дыбыс, жарық жəне түтiн белгiлерiн беру үшiн пайдаланылатын қару;
3) газды қару - қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тiтiркендiргiш заттарды пайдалануға негiзделетiн қару;
4) криминалистiк талаптар - азаматтық жəне қызметтiк қару мен оның патрондарына, оларды сəйкестендiру жəне заңсыз қолдан
жасау мүмкiндiгiн болғызбау мақсатында қойылатын арнайы техникалық талаптар;
5) қару - конструкциялық жағынан алғанда тiрi немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгi беруге арналған
құрылғылар мен заттар;
6) қару айналымы - қаруды өндiру, құрастыру, қайта жасау, өткiзу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға
қалдыру, иемденiп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан
Республикасының аумағына əкелу жəне оны Қазақстан Республикасының аумағынан əкету;
7) қару жасап шығарушы - қаруды əзiрлеуге, өндiруге, өткiзуге, жөндеуге, сатып алуға лицензиясы бар ұйым;
8) қаруды пайдаланушы - қару иесiнен қаруды уақытша пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға;
9) қаруды иемденiп алу - сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретiнде алу;
10) қару иесi - лицензияның немесе қару иемденiп алуға, алып жүруге жəне сақтауға рұқсаттың негізiнде қаруды иеленген жеке
немесе заңды тұлға;
11) қару өндiрiсi - қаруды зерттеу, əзiрлеу, жасап шығару, сынақтан өткiзу, құрастыру, көркемдеп əрлеу, жөндеу, қайта жасау
жəне жою, патрондар жəне олардың құрамдас бөлiктерiн жасап шығару;
12) лақтырылатын қару - нысананы тiкелей зақымдайтын құралы, адамның бұлшық етi күшiнiң немесе механикалық құрылғының
көмегiмен бағытталып, қозғалысқа түсетiн қару;
13) оқ-дəрi (патрондар) - конструкциялық жағынан қарудың тиiстi түрiнен ату үшiн жəне нысананы зақымдауға арналған
құрылғылар немесе заттар (бұдан əрi - патрондар);
14) пневматикалық қару - нысананы зақымдайтын құралы сығылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдың қуаты есебiнен
бағытты қозғалыс алатын қару;
15) суық қару - нысананы тiкелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық етi күшiнiң көмегiмен қозғалысқа келтiрiлетiн қару;
16) электрлi қару - қолданылуы электр разрядының күшiне негiзделiп арнайы бейiмделген тетiк.


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет