9
5-БӨЛІМ. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АТЫС ҚАРУЫН
ҚОЛДАНУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы
(23.11.2015 ж. жағдайы бойынша)
61-бап. Атыс қаруын жəне өзге де қаруды қолдану
1. Қызметкерлердің атыс қаруын жəне өзге де қаруды:
1) жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сол
сияқты кепiлге алынғандарды босату;
2) қызметкерлерге жəне олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тəртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
жəне қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамдарға
жасалған
шабуылға тойтарыс беру;
2-1) құқық қорғау органының атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнайы көлік құралын тартып алу əрекеттерінің
жолын кесу;
3) жеке тұлғалардың тұрғын үй-жайларына, құқық қорғау органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттік ұйымдардың
үй-жайларына жасалған шабуылға тойтарыс беру, қызметтiк немесе əскери нарядқа жасалған шабуылға тойтарыс беру;
4) қарсылық көрсететін не қылмыс жасау кезінде үстінен түскен, қамаудан қашқан адамдарды (əкiмшiлiк қамақта
ұсталатындардан басқа) ұстау, қаруланған адамдарды ұстау;
5) егер көлік жүргiзушi қызметкердiң заңды талаптарына бағынбаса жəне жеке адамдардың
өмiрi мен денсаулығына
қатер төндiрсе, көлiк құралдарына ақау келтіру арқылы оларды тоқтату;
6) адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану;
7) қару қолдану ниеті
туралы азаматтарға ескерту, дабыл сигналын беру немесе көмекке шақыру үшін;
8) қажетті қорғаныстың жəне аса қажеттіліктің барлық өзге де жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Əйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға, жасы белгілі немесе анық болған кезде кəмелетке
толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге, көлiк құралдарын,
оның iшiнде əуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым
салынады.