|
-
Жариялаған Қонақ
-
пт, 04/08/2011 - 11:44
-
Жауап:
-
1. «Айқындағы» мақаланың зиялы ортада пікір тудырғаны мені қуантады. Ол – әшкерелеуге емес, ой қозғауға арналған мақала. Ал ол деректерді ғылыми айналымға түсіру – сол саланы зерттеп жүрген және сол деректерді архивтен тапқан ғалымдардың еншісі. Оған менің кірігуім әдепсіздік. Ол оқымыстылар өзінің пікірін толық қорғай алатын толық ғалымдар. Мен өзімнің пікіріме керекті дәйекті ғана алдым. Шындығына көшсек, бұл ешқандай жабық деректер емес. «Алаш қозғалысы» атты көп томдыққа кірген. Ресейдің «Архив құжаттары» деген жинақтық басылымдарында жарияланған, ғылыми сипаттама берілген, ғылыми диссертациялар қорғалған ашық деректер. Ал оның қазақ баспасөзінде жарияланбауына, ол деректерді шындыққа жетудің құралы емес, әшкерелеуші материал деп үрейлене қарайтын белгілі бір топтар мен билік иелерінің ықпалы тиіп отырғаны анық. Бір топ зиялының сол деректерді айналымға түсірген диссертанттың соңынан арыз жазып, бекіттірмей тастауы, соның бір айғағы.
-
2. Ал кімдердің, қандай дәлелмен қарсы мақала жазғандарын білмеймін. Оқығамын жоқ. Не десе де, факті біреу ғой. Және сол мақаланы оқып, қарсы пікір жазғанмен де, олардың пікірі өзгере қояды деп есептемеймін. «Күндестігін қоздырып, Әуреге қалма езбеден», – деп Абай айтқандай, олармен тәжікелесетіндей менің уақытым да, ықыласым да жоқ. Архивтен қарап, шындығына көзі жетіп, көңілімен пікір білдірсе, рахметтен басқа айтарым жоқ. Алкеуделей берсе, бетінен жарылқасын.
-
3. Егерде сіздің бір ғалым ағаңыздың сізге: "Тұрар да, Сәкен де: «Қазақстанды қазақ басқара алмайды» деген емес, дәл сол сөзді 1919 жылы Ахмет Байтұрсынов Сталинге айтқан» – деп айтқаны рас болса, онда ол адамды ағаңыздың қатарында қалдырыңыз да, ғалымдардың есебінен сызып тастаңыз. Себебі, мектеп оқулығынан мәлім мына хрониканы есіңізге салайын.
-
Қазақстан автономиясы қай жылы құрылды, қай жылы териториясы бекітілді, оны жүзеге асырған кім? – 1920 жылы, тамыз – қазан айларында Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың тікелей кеңесші дауысы арқылы Ә.Ермековтің баяндамасының негізінде бекітілді. А.Байтұрсынов – 1919 жылы Қазақ өлкелік әскери революциялық кеңесінің мүшесі, яғни, үкімет басында отырғанның бірі өзі. Егер Ленин солай сұрай қалса: «Бөкейханов!» – деп жауап беретіні сөзсіз. Бөкейханов тұрғанда және ол «Алашорда» үкіметін басқарып тұрғанда, сол үкіметтің атынан өзі Ленинмен уәкіл ретінде сөйлесуге барғанда, басқаша жауап беруі мүмкін бе? «Лениннің өмірінің хроникасында» әр сөзі қағазға түскен. Бір жылдан кейін Қазақ автономиясының териториясы мен мемлекеттік құқын Лениннің алдында жоғарыдағы үшеуі үкімет комиссиясының мүшесі және бас баяндамашы ретінде қорғады. Пестковский, Жанкелдин, Меңдешев, Сейфуллин т.б. жергілікті ревкомитеттің өкілдері ретінде шақырылып, мәжіліске қатысты. Оларға сөз де берілмеген (Пестковский анықтама ғана берген, оның өзінде Ә.Ермековтің «подсказкасына» сүйенген). Талқылауға да қатыспаған. Бөкейханов кеңестен соң Ленинмен он бес минут жасырын есік жағдайында кеңескен. Екі күннен соң қол қойылған Сонда, әлгі ағаңыз, осылардан тыс Қазақстанды билейтін қандай адам туралы айтып отыр? Ол кездегі Қазақ өлкесі мен Алашорда үкіметіне қатысты қазақ даласындағы қайраткерлердің аты жоғарыда түгелдей аталды. Енді кім ұсынылуға тиіс еді?
-
Ал Түркістан өлкесі атқару комитеті мен «Мұсбюро», «Түріккомиссиясы», шартты түрде айтқанда, Ташкент үкіметі (Қоқан, Бұқара, Хиуа үкіметінен тыс) туралы мәселе басқа. Оған кейінгі сұрақтармен сабақтастыра жауап бергенім дұрыс болар.
-
4. Соңғы кездері: «Алашорда» – қазақ мемлекетінің жауы, Бөкейханов – қазақтың дұшпаны; алаш идеясы – қазақтың тәуелсіздігі идеясына қайшы келеді. Тәуелсіздік мәселесі – 91 жылы ғана қозғалды. Сол жыл ғана Қазақстан орнады – деген сандырақтар белгілі бір «жандайсымақ» тарихшылардың авторлық оқулықтарына, жоғары оқу орындарының бағдарламаларына еніп кетті. Референдум тұсындағы өрекпулер сияқты жоғарыдағы сандырақтарды таратып жүргендер де сол өрекпіген «сымақтар». «Сымақ» демеске болмайды. Өйткені, оларда бет жоқ, сүлдер бар. Тек әлдеқайда кіріп бара жатқанда, не шығып келе жатып жалт бұрылғанда «құйрықтары ғана» шолтаң етіп көрініп қалады. Сол екі ортаның өзінде «пыс» еткізіп үлгереді. Егер бұл сұрақ Мұхтар Мағауинге берілсе, оларды «Сүмелектер!» – деп атар еді. Оған біздің дәтіміз барса да, кегежеміз жібермей тұр.
-
#
-
минус
-
0
-
плюс
Ассалаумағалейкүм, Тұрсын аға! Сіздің жақын ініңіз Саят Ыбырай абақтыға қамалғанына жарты жылдан асты. Оған араша түсіп хатқа қолқойғаныңызға үлкен рахмет. Саят Ыбырай Иассауи жолының көрнекті қайраткері. Шығыс Қазақстан топырағынан туған тұлғалардың барлығы дерлік осы жол үшін күресіп келе жатқан азаматтар деп ойлаймын. Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай арасындағы келіспеушілікте осы тұстан шыққандай көрінеді. Өйткені Мұстафа Шоқайдың нақышбандияның өкілі Зәки Уәлидимен ымы-жымы бір болған. Екеуі дос болды. Әлихан қазақтың сарттанып кетуінен қауіптенді. Сол себептен орта азиялық одақты құптамады.Әлі ерте деп есептеді. Өзге діни ағымдар қазақ ұлтшылдарының жауы. Нағыз ұлтшылдар тек Иассауи жолынан шығады. Сіз бұған қалай қарайсыз?
|
|
-
Жариялаған Қонақ
-
пт, 04/08/2011 - 11:46
-
Жауап беру
-
#
-
минус
-
0
-
плюс
Сіздің "Ұраным Алаш" зерттеу еңбегіңіз қашан жарыққа шығып, халықтың қолына түседі, "Алашорда" туралы фильмге сценарий жазу туралы жоспарыңыз бар ма. Сол Алашорда арыстарының деректі фильмдегі бейнетаспалары мен үнтаспалары архивтерде бар ма екен. Рақмет
Нариман
|
|
-
Жариялаған Қонақ
-
пт, 04/08/2011 - 12:04
-
Жауап беру
-
#
-
минус
-
0
-
плюс
Тұрсеке! Байқаймын бұра тартып жүрсіз. Алаштықтарды түркістандықтарға қарсы қойып, артық көресіз бе, қалай? Арқа деп бөлектеп, бүйрегіңіз бұратындай ма, қалай өзі? Рысқұловты тым көтеріп жүргеніміз рас. Ал Қожанов, Төреқұлов кімнен кем? Кеше алаштықтар Түркістан, Ташкентке тығылып, бас сауғалағанда, Мағжан мен Жүсіпбекке, Мұхтарға қамқор болған арыстар емес пе? Ежелден татар билеген Семей ешуақытта Түркістаннан аса алмайды. Осыны да ескеріп жүргейсіз. Түркістандық бауырыңыз
|
|
-
Жариялаған Қонақ
-
вт, 04/12/2011 - 09:12
-
Жауап беру
-
#
-
минус
-
0
-
плюс
Деңгейің төмен екен бауырым! Даңғойлықты қою керек қой? ел болғың келсе
|
|
|
-
Жариялаған Қонақ
-
пт, 04/08/2011 - 12:41
-
Жауап беру
-
#
-
минус
-
0
-
плюс
Қазақтар! Тарих бізге бір-бірімізден өш алу үшін емес, САБАҚ алуымыз үшін керек. Өткен - өтті. Сол өткеннен сабақ ала отырып, қазіргі АЛАШЫМЫЗДЫ (ҚАЗАҒЫМЫЗДЫ) қалай көркейтеміз, бұрынғы қазақылығымызды қайтадан қалайша жаңғыртамыз деген мәселені шешуге жұмсайық та күшімізді. Негізгі сұрақ: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Тұрсын аға, айтыңызшы, не істеуіміз керек? Өткенде өзіңізбен аз уақыт қана сөйлесе алдым. Құмарым қанбады...
Нағашыбай Есмырзаев
|
|
-
Жариялаған Қонақ
-
пт, 04/08/2011 - 13:19
-
Жауап беру
-
#
-
минус
-
0
-
плюс
Cақ ханзадасы Анахарсис туралы не білесіз? қандай жақсы материялдар бар?
|
|
|
-
Жариялаған Қонақ
-
пт, 04/08/2011 - 13:37
-
Жауап беру
-
#
-
минус
-
0
-
плюс
Тұрсын аға, алаштанушы ретінде біршама еңбектеніп жүрсіз, алаш атынан рахмет! Алайда, зерттеушіге тән салқынқандылық пен байсалдылық жетіспей жүрген секілді сізге, өзіңіз осыны ойланбайсыз ба? Менімше сіз алаштанушылардың ағасы болып бәрін біріктіргеніңіз орынды және соны бастасаңыз екен. Сонда билікті иліктіріп, бәлкім, грант алып тиянақты дүние шығар. Әйтпесе, сіздің еңбегіңізді өзіңіздің эмоцияыңыз басып, дұшпан көбейтіп жүргендей әсер бар. Аман болыңыз, алашқа керексіз!Жершілдікке шыдамды болыңыз...
|
|
-
Жариялаған Серікжан
-
пт, 04/08/2011 - 13:39
-
Жауап беру
-
#
-
минус
-
0
-
плюс
Еліміздің "Қазақстан Республикасы" деген қазіргі атын өзгертіп, болашақта "Алаш Республикасы" деп атасақ қайтеді. "Алаш автономиясын" құруды мақсат еткен арыстарымыз осы Алаш атауымен болатын елді арман етті емес пе.
|
|
-
Жариялаған Қонақ
-
пт, 04/08/2011 - 18:06
-
Жауап беру
-
#
-
минус
-
0
-
плюс
Тұрсын аға! Өзіңіз еңбек ететін ЕНУ-дің ректоры Б.Әбдірайымды біз өте жек көреміз, ал сіз ше?
Студент
|
|
-
Жариялаған Қонақ
-
пт, 04/08/2011 - 19:55
-
Жауап беру
-
#
-
минус
-
0
-
плюс
Тұрсын аға, "Он ғасыр жырлайды" антологиялық кітабында Абайдың өлеңдері өзгеріске ұшырады. Ғалымдар өздерін қорғап ақталды. Мәселен, А.Сымақова: "Абайдың қолжазбасында Аллаһ деп жазылған!" деді. Абайтанушы ретінде Сіз бұған не дей аласыз? Сіз де Айгүл секілді: "Бір әріпті қозғағандардың артында үлкен ұйымдар тұр!" деп ойлайсыз ба? Жеке азамат ретінде ойыңызды айтсаңыз. Жалтақтықты жаным сүймейді. Бибүгіл Жексенбай бұл мәселені 7-арнадн көрсетті. Сөз кезегі Сізде!
|
Достарыңызбен бөлісу: |