Сызганбаева С. А


Магистрант: Фархат Б.Қ. Педагогикалық практика жетекшісі



бет2/18
Дата21.09.2023
өлшемі1.63 Mb.
#478238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Пед тәжірибе есебі Бехруз

Магистрант: Фархат Б.Қ.
Педагогикалық практика жетекшісі: Сызганбаева С.А.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультеті
«7М01501 – Физика» оқу бағдарламасының 1 курс магистрантының
педагогикалық практика бойынша
ЕСЕБІ
Мен Фархат Бехруз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультеті, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында педагогикалық практиканы педагогикалық практика жетекшісі, педагогикалық практиканың пән оқытушысы Бастыоква Н.Х. және эдвайзері Тәжен Ә.Б. жетекшілігімен өттім. Педагогикалық практика барысында «6B05309– Компьютерлік физика» мамандығының студенттерімен 1 тәрбиелік іс-шара, 1 психологиялық сабақ жүргіздім, соның ішінде 2 ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Педагогикалық практика барысында жинақтаған тәжірибелерім мол деп айтуға болады. Себебі, эдвайзер ретінде практиканың бастапқы уақытында студенттермен тәрбиелік іс-шаралар өткізіп, топ студенттерге педагогикалық-психологиялық мінездеме жазуға бақылаулар жүргіздік. Кейіннен, топ кураторы ретінде практика барысында студенттерге сабақ беріп, оларға дәріс оқу, олармен жұмыс істедік. Мен бұл практика кезеңінде өз білімімді толықтырып ғана қоймай, сонымен қатар, сабақ беру әдістеріне көңіл бөлдім. Бұл өз кезегінде маған үлкен тәжірибе болды. Студенттерге сабақ беру күрделі жұмыс болды, жұмыстың жауапкершілігі мол, студенттерге тақырыптар түсінікті болу үшін өзін сол мазмұнды терең әрі толық игеріп, өз ойымды толықтай жеткізіп, сапалы сабақ беру керек болды. Сонымен қатар, студенттің назарын аудару үшін, дәріс түсінікті болу үшін әртүрлі қызықты мысалдармен түсіндіріп, инновациялық технологияны қолдануды ескере отырып, ақпараттық жүйелерді қолданып үйрендім. Сабақ беру кезінде жетекшілерімнен сын пікірлерді дұрыс қабылдап, қатемді, кемшіліктерімді мұқият талқылып, оларды түзетуге тырыстым. Студенттер тарапынан сабақ өткізу кезінде белсенділік және пәнге деген қызығушылықтары жоғары екені байқалды.
Педагогикалық практика барысында өзіме қажетті көптеген тәжірибелер жинақтадым және болашақ мамандығымды уақытында қолдану ерекшеліктерін игеріп, өз мамандығымды одан әрі сүюге, бұрыннан да білімді шыңдай түсуге тәжірибелер жинадым. Топты педагогикалық-психологиялық бақылау жүргізу барысында топ студенттерімен көптеген сұрақтарды талқылап, олардың кәсіпке, мамандыққа қызығушылықтарының себептерін айқындадым.
Педагогикалық тәжірибе өте қызу өтті. Болашақ оқытушы ретінде тәжірибе барысында көптеген қажетті мәліметтер алып, оларды келешекте өз керегіме жарату жақсы оқытушы болып қалыптасуыма алғышарт болып табылады деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет