Сызганбаева С. А



бет15/18
Дата21.09.2023
өлшемі1.63 Mb.
#478238
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Пед тәжірибе есебі Бехруз

Практикант-магистрант _________________ Фархат Б.Қ.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің
«7М01501 - Физика» оқу бағдарламасының
1 курс магистранты Фархат Бехрузға
мінездеме


«7М01501 - Физика» білім беру бағдарламасының магистранты Фархат Бехруз 3-14 апта аралығында КФ-217 топ студенттеріне «3D моделдеу және компьютерлік графика» пәнінен сабақтар өткізді. Сол уақыт аралығында 3 дәріс және 3 семинар сабақтарын және бір ашық дәріс сабағын өткізді.
Дәріс және семинар сабақтарын өткізу барысында, Бехруз тақырыптарды еркін меңгергендігі мен кәсіби біліктілігінің жеткілікті деңгейде екенін көрсетті. Дәріс, семинар сабақтарында студенттермен кері байланыс орнатып, студенттердің білімдерін жетілдіруіне толықтай көмектесті.
Педагогикалық практикадан графикке сәйкес уақытылы өтті. Уақытылы берілген тапсырмалар мен ескертпелермен жұмыс жасады, педагогикалық практика кезеңінде «3D моделдеу және компьютерлік графика» пәнінен атқарған жұмыстарын ескере келе ______ деген бағаға лайықты.
Сөзімді қорытындылай келе, Бехруз тапсырылған жұмыстарға ұқыптылықпен қарап, уақытында өткізе алатындығы оның іскерлігін және студенттермен жұмыс кезінде ынтымақтастық ортаны қалыптастыра алатындығын көрсетті.
Педагогикалық практика жетекшісі: Сызганбаева С.А.

«3D моделдеу және компьютерлік графика»


пән оқытушысы, PhD, доцент: Бастыкова Н.Х.


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Физика-техникалық факультеті
«7М01501 - Физика» оқу бағдарламасының 1 курс магистранты
Фархат Бехрузға


МІНЕЗДЕМЕ


Фархат Бехрузға педагогикалық тәжірибиеден әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті физика-техникалық факультетінің плазмалық физика, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында 23.01.2023ж. – 29.04.2023ж. аралығында өтті. Іс-тәжірибие барысында Бехруз «6B05309– Компьютерлік физика» мамандығының 217- топ студенттеріне жетекшілік етті. Аз уақыттың ішінде топ студенттерімен тез тіл табыса алды және оларға білмегендерін үйретіп, әрдайым көмек қолын соза білді. Әрбір студентке жеке-жеке назар аударды. Студенттердің сабаққа қатысуы, сонымен қатар әлеуметтік жағдайларымен де таныс болды. Тәрбиелік маңызы бар іс- шаралар мен кураторлық сағаттарды жоғары деңгейде өткізді. ІТ маманымен бірге ашық дөңгелек үстел, өткізіп студенттерге маңызды ақпараттармен бөлісті. Әрбір тәрбиелік іс- шаралардың тақырыбы мен мазмұны студенттерді адамгершілікке тәрбиелеуге, білім-ғылымға көңіл бөлуге, досқа адал болуға, үлкенге құрмет көрсету мен салт-дәстүрлік құндылықтарды жоғары бағалау сынды тәрбиелік маңызы бар құндылықтармен байланысты болды және оны студентерге жеткізе білді.
Бехруз педагогикалық іс-тәжірибиеден өту уақытында, әрқашанда ізденіспен болды. Өзінің білмегенін кафедраның басқада оқытушыларынан сұрап алдына мақсат қоя алды және сол мақсатына жете білді. Жіберген қате кемшіліктерін тез қалпына келтіре алды. Сондықтанда магистрант Бехруздың педагогикалық іс-тәжірибиесін «өте жақсы» деп бағалаймын және болашақта жақсы маман болады деп сенім білдіремін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет