24-тарау. Әуе компрессорларын пайдалану
407. Пневматикалық құрылғылар, автоматты реттеу және бақылау жүйелері үшін мынадай талаптарға сәйкес келетін сығылған ауа пайдаланылады:
1) шық нүктесіндегі температура – 40 ° С кем емес;
2) қысымы – 0,8 МПа аспайды;
3) су мен майдың құрамы сұйық күйінде пайдаланылмайды;
4) қатты қоспалардың құрамы – 2 мг/м3;
5) жекеленген қатты бөліктердің өлшемі – 10 мкм аспайды.
408. Сығылған ауа кептіру және ауа тазарту қондырғысы бар ауа компрессорынан пневматикалық автоматты реттеу және бақылау жүйелеріне беріледі.
409. Сығылған ауаны беру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде белгіленген тәртіпте бекітілген кесте бойынша күн сайын тексеріс және жоспарлы жөндеу жүргізіледі.
410. Ауа беру жүйесін пайдалану төлқұжаты құрылады.
411. Кептіру, ауаны тазарту қондырғыларын және ауа компрессорлық қондырғысын пайдалану дайындаушы зауыттардың төлқұжаттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
25-тарау. СКСГ объектілерінде жұмысты ұйымдастыру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
412. Объектіде жұмысты қауіпсіз жүргізу тәртібін белгілейтін технологиялық регламенттер құрылады және бекітіледі, жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
413. Ұйым басшысы өндірістік бақылауды жүзеге асыратын жұмысшыларды тағайындайды.
414. Басшы персоналды орындалатын жұмыстың сипатына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
415. Жұмысшыларға берілетін жеке қорғаныс құралдары тексеріледі, ал жұмысшыларға оларды пайдалану үйретіледі.
416. Ауа алу орындарында ауа алғыштарға СКСГ буының түсуіне әкелетін жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
417. Резервуарларды олардағы газ қысымын газ фазасын атмосфераға жинау жолымен СКСГ толтыруға жол берілмейді.
418. Автокөлік баллондарын толтыру геометриялық көлемінен 90 % аспайды.
419. Резервуарлар мен газ өткізгіштер жөндеу алдында газдан, буланбаған қалдықтардан босатылады жәе буландыру, инертті газбен үрлеу немесе оларды газ өткізгіштерден ажыратқаннан кейін жылы сумен және тығындаманың көмегімен сұйық фазамен толтыру жолымен қайта өңделеді.
420. Газ өткізгіштердің қосқыштарының бөлшектері электрохимиялық қорғаныс қондырғыларын ажыратқаннан, шунтирлік қалқаларды монтаждағаннан және газ өткізгіштердегі артық қысымды алғаннан кейін орындалады.
Қысыммен жұмыс істейтін ернемек қосқыштарды тартуға жол берілмейді.
421. Газ өткізгіштерге орнатылатын бекітпелер 1,6 МПа қысымға есептеледі және ернемектердің шегінен шығыңқы ұштары болады.
Ұштарына газдың қысымы мен газ өткізгіштің диаметрі көрсетілген таңба салынады.
422. Газ пайда болған кезде жөндеу жұмыстары тоқтатылады, ал жұмысшылар қауіпті аймақтан шығарылады.
Ауадағы газдың қауіпті қосылымы деп жалынның таралуының төменгі қосылым шегінен 10 % тең қосылым есептеледі.
423. Жөндеу жұмыстары газды кемуін жойғаннан және қалпына келтіргеннен жұмыс аймағындағы ауадағы газдың қауіпті қосылымының болмауын талдағаннан кейін қалпына келтіріледі. Жұмыс істеп тұрған технологиялық жабдықтағы газдың кемуін қалпына келтіруге жол берілмейді.
424. Жабдықтар мен газ өткізгіштерді олардың тоқтауымен газдың сөнуімен байланысты техникалық қызмет көрсетуден және жөндеуден кейін, оларды іске қосу СКСГ объектісі басшысының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.
425. Бекітпелерді алу газ өткізгіш пен жабдықтың ажыратылған учаскесін бақылау түрінде нығыздағаннан кейін жүргізіледі.
426. Газ өткізгіштің зақымданған учаскелері мен өзгертілген ернемек қосқыштарының ұзындығы кемінде 200 мм орамамен алмастырылады.
427. Газ өткізгіштерді үрлеу кезінде СКСГ бу фазасын түсіру атмосферадағы газдың ең көп таралуын ескере отырып жүзеге асырылады. ғимараттар мен құрылыстардың жанына немесе жанаса орналасқан желдетілмейтін учаскеге жақын СКСГ лақтыруға жол берілмейді.
428. Апатты, кезінде және құю - ағызу жұмысы барысында ауысымды қабылдау және тапсыру тәртібі технологиялық операцияның үздіксіз аяқталу мүмкіндігін қарастырады.
26-тарау. Технологиялық жабдықты іске қосу және тоқтату
429. Технологиялық жабдықты іске қосу және тоқтату технологиялық регламент бойынша СКСГ объектісі басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Жабдықты жұмыстағы бір ауысымнан астам үзілістен кейін қосу резервуарлар мен газ өткізгіштерді тексергеннен кейін жүзеге асырылады.
430. СКСГ объектілерінің технологиялық жабдығын (компресорларды, сорғыларды, буландырғыштарды) іске қосқаннан кейін мынадай операциялар орындалады:
1) жабдықты іске қосқанға дейін 15 минут бұрын ағынды-сору желдеткіші қосылады және бөлмелердегі ауа ортасының жай - күйі тексеріледі;
2) жабдықтың, арматура мен газ өткізгіштердің, сақтандыру клапандарының және бақылау-өлшеу аспаптарының ақаусыздығы мен герметикалығы, іске қосу және жерге қосу құрылғыларының ақаусыздығы тексеріледі;
3) жабдықтың тоқтау себептері анықталады (журналға жазылады) және ақаулықтың қалпына келтірілгені қадағаланады;
4) анкерлік бұрандамалар (компрессорлардың, сорғылардың, буландырғыштардың, электрқозғалтқыштардың) тексеріледі және тартылады;
5) қауіпсіздік автоматикасы мен бұғаттағыштың ақаусыздығы тексеріледі.
431. Компрессорды іске қосу кезінде мынадай операциялар орындалады:
1) иінді білік қолмен айналдырылады;
2) картердегі май тексеріледі;
3) салқындатқыш қаптамаға су жіберіледі;
4) компрессордың сорғы және тығыздау келтеқұбырларындағы вентилдердің жабық екендігі тексеріледі, одан кейін тығыздау және сорғы коллекторларындағы бекіту вентилдері ашылады;
5) компрессордың сорғы келтеқұбырындағы сұйық бөлгішінен конденсатты герметикалық сыйымдылыққа шығарады.
432. Компрессордың электрқозғалтқышын қосқаннан кейін мынадай операциялар орындалады:
1) картердің алдыңғы қақпағындағы тілше бойынша біліктің дұрыс айналуы тексеріледі;
2) айналымның көрсетілген санына жеткен кезде компрессордың тығыздау келтеқұбырындағы вентиль ашылады және компрессордың сорғы келтеқұбырындағы вентиль біртіндеп ашылады.
433. Компрессорды іске қосқан кезде сорғы газ өткізгішінде СКСГ сұйық фазасының болмауы (конденсатжинағыштың жұмысы тексеріледі) тексеріледі, егер ол болса онда компрессорда тарсылдың болуына немесе сору температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.
Компрессорда тарсыл пайда болған жағдайда компрессор дереу тоқтатылады және газ өткізгіштен өтетін газ конденсаты алынады, одан кейін компрессор қайта қосылады.
434. Компрессорды тоқтату мынадай тәртіпте орындалады:
1) компрессордың сорғы келтеқұбырындағы бекіту вентилі жабылады;
2) компрессордың электрқозғалтқышы тоқтатылады;
3) біліктің айналуы тоқтағаннан кейін компрессордың тығыздау келтеқұбырындағы бекіту вентилі жабылады;
4) суды беру тоқтатылады;
5) магистралдық сорғы коллекторындағы желілік бекіту вентилдері жабылады;
6) салқындату қаптамаларынан компрессорлар ұзақ уақытқа тоқтаған кезде су құйылып алынады.
435. Сорғыларды іске қосу алдында:
1) мойынтіректердің майлануы тексеріледі;
2) сорғының роторы (қолмен) айналдырылады;
3) сорғы газ өткізгішіндегі ысырма ашылады (тығыздау газ өткізгішіндегі ысырма жабық болады);
4) сорғыға газдың сұйық фазасын құяды;
5) жиек желісіндегі вентилі ашылады;
6) электрқозғалтқыш қосылады;
7) тығыздау газ өткізгішіндегі ысырма ашылады.
436. Тығыздау үшін қажетті тегеурін жеткілікті болған кезде жиек желісіндегі вентиль жабылады.
437. Газдың сұйық фазасының қысымын кавитациялауды болдырмау үшін сору алдында СКСГ буының серпімділігінен жоғары болады.
Жұмыс істеп тұрған компрессорлар мен сорғыларды бақылаусыз қалдыруға болмайды.
438. Сорғыларды тоқтатуды мынадай тәртіпте жүзеге асырады:
1) электрқозғалтқышты ажыратады;
2) жиек желісіндегі вентиль ажыратылады;
3) сорғының тығыздау және сорғы желісіндегі ысырмалар, газ өткізгіштердегі барлық ажыратқыш құрылғылар жабылады.
439. Технологиялық жабдық тоқтағаннан кейін сорғылар, компрессорлар мен буландырғыштар ақаусыздықтарды анықтау мақсатында (газдың кемуі, бұрандамалардың босауы және басқалары) тексеріледі.
Барлық анықталған ақаулықтар жойылады және журналға тіркеледі.
440. Жабдықты (компресорларды, сорғыны, буландырғышты) техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден кейін пайдалануға беру технологиялық процеске сәйкес жүргізіледі.
441. Автоматикасы, апаттық дабыл бергіші, сорғылық желдету жүйелері бар бұғаттағышы ажыратылған сорғылар мен компресорлардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.
27-тарау. Резервуарларды куәландыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
442. Резервуарлар ішкі тексеру, гидравликалық сынау, жөндеу және демонтаждау алдында газдан, буландырылмаған қалдықтардан босатылады және газсыздандырылады.
443. Резервуарларды газды шырақ арқылы атмосфераға тастау жолымен босатуға болмайды.
Бу фазасының қалдықтарын өртеу диаметрі кемінде 20 мм, биіктігі 3 м, резервуарлық қондырғы шегінен деңгейжиекке 50 ° С көлбеу 15 м қашықтықта орнатылған «шырақта» жүргізіледі.
Резервуарды сумен толтыру «шырақтағы» жалын 20-30 см өшкен кезде басталады.
Бу фазасын ығыстырылған сумен жағу жалын өшкенге дейін жүргізіледі.
Су беру резервуар әбден толған кезде тоқтатылады.
444. Резервуарларды өңдеу оларды бекітпелердің, буландырғыш және (немесе) инертті газды үрлеу, сумен толтыру көмегімен бу және сұйық фаза газ өткізгіштерімен жүргізіледі.
445. Газсыздандыру сапасы ыдыстың төменгі бөлігінен алынған ауа сынамасының талдамасымен тексеріледі.
СКСГ сынамасының қосылымы газсыздандырылғаннан кейін жұмыс аймағындағы шекті-рұқсат қосылымынан (бұдан әрі - ШРҚ) аспайды.
446. Резервуараларды олардағы қысымның атмосфералық қысымға дейін болжалды төмендеуінсіз, ауаны газсыздандыру үшін қолданбай герметизациялауға жол берілмейді.
447. Резервуарлардың ішіндегі жұмыстарды құрамы үш адамнан тұратын бригада рұқсат наряды бойынша жүргізеді.
Бригада мүшелері жұмысты қауіпсіз жүргізу нұсқаулығынан өтеді.
Резервуарға бір адамнан артық адамды жіберуге болмайды.
Резервуарда жұмыс істейтін адам шлангілік газқағарда, құтқару белдігін киген және оған құтқару арқанымен бекітілген болады.
Резервуардың сыртында екі адам болады, олар қолдарында арқанның ұшын ұстап тұрады, резервуарларда жұмыс істеушіні бақылайды, оған көмек көрсетуге дайын болады және ол жерге бөгде адамның келуіне жол бермейді.
Резервуарда болу уақыты 15 минуттан аспайды.
Әрбір 30 минут сайын резервуар газ күйіне тексеріледі.
448. Резервуардан шығарылған пирофор қыртыстар дымқыл күйде болады және арнайы бөлінген орынға көму үшін СКСГ объектісі аумағынан шығарылады.
449. Су резервуарларды жуғаннан және сынағаннан кейін канализация жүйесіне СКСГ түсуін болдырмайтын тұндырғыш арқылы канализацияға бөлінеді.
28-тарау. Газ қауіпі бар жұмыстар
450. СКСГ объектілеріндегі газ шығу қаупі бар жұмыстар осы Талапқа және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
451. Газ шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуге рұқсат наряды ресімделеді.
452. СКСГ объектілеріндегі газ шығу қаупі бар жұмыстарға мыналар жатады:
1) газды газ өткізгішке қосу және құрылыс салу, қайта құру, кеңейту және күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін пайдалануға берген кездегі, жұмысты қайта жолға қойған кездегі басқа да технологиялық жабдық;
2) іске қосу жұмыстарын жүргізу;
3) резервуарларды жөндегеннен, тазалағаннан, техникалық куәландыру жүргізгеннен кейін, оларды пайдалануға берген кезде сұйытылған газбен алғаш толтыру;
4) бітелгендерді тазарту, жұмыс істеп тұрған газ өткізгіштерге бекітпелерді орнату және алу, газ өткізгіштерден агрегаттарды, жабдықты және кейбір тораптарды ажырату;
5) жұмыс істеп тұрған желіден газ өткізгіштерді ажырату және үрлеу, газ өткізгіштерді, технологиялық жабдықты консервациялау және қайта жұмысқа қосу;
6) СКСГ резервуарларды технологиялық куәландыруға дайындау;
7) қолданыстағы ішкі және сыртқы газ өткізгіштерді, сорғы-компрессорлық бөлімшелерінің жабдықтарын, толтыру-құю колонкаларын СКСГ резервуарларын жөндеу;
8) газ өткізгіштерді, резервуарларды, технологиялық жабдықты демонтаждау;
9) жұмыс жүргізу орындарында арматураны, сорғылар мен компрессорларды бөлшектеумен байланысты ағымдық жөндеу;
10) газдың кему орындарында оны қалпына келтіргенге дейін топырақты қазу;
11) СКСГ объектісі аумағында дәнекерлеу және отпен байланысты жұмыстарды орындауға қатысты барлық жөндеу түрлері;
12) жарылыс қауіпі бар аймақтарда электрлік сынақтарды жүргізу.
453. Мерзім сайын орындаушылардың тұрақты, құрамы осындай жағдайларда орындайтын қайталанатын газ шығу қаупі бар және технологиялық процестің ажыратылмас бөлігі болып табылатын жұмыстар ағымдық пайдалану тәртібінде жүргізіледі.
Ондай жұмыстарға мыналар жатады:
1) бекіту арматурасына, сақтандыру клапандарына техникалық қызмет көрсету және оларды күйге келтіру өлшемдерін тексеру;
2) технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету;
3) құдықтарды жөндеу, тексеру және желдету;
4) құдықтарда, шұңқырларда дәнекерлеуді және кесуді пайдаланбай-ақ жөндеу жұмыстары;
5) автоцистернадан СКСГ резервуарларға құю, резервуарлардан буланбаған сұйытылған газ қалдықтарын сорып шығару, газ баллон автокөліктерін толтыру, асыра толтырылған баллондардан газды құю;
6) технологиялық жабдықтағы ООШ ауыстыру.
Аталған жұмыстар жұмыстарды есепке алу журналында жазылады. Журнал тігіледі, мөрмен бекітіледі, оның парақтары нөмірленеді.
454. Газды газөткізгішке қосу бойынша жұмыстар мен тенологиялық жабдық, дәнекерлеуді және газбен кесуді пайдалана отырып жүргізілетін жөндеу жұмыстары, жабдықты қайта іске қосу, іске қосу жұмыстарын жүргізу, СКСГ резервуарларын толтыру рұқсат наряды және СКСГ объектісінің басшысы бекіткен ұйымдастыру жұмыстарының жоспары бойынша жүргізіледі.
455. Ұйымдастыру жұмыстарының жоспарында оларды өткізу реті, адамдарды орналастыру, механизмдердің, бұйымдар мен материалдардың қажетті саны көрсетіледі, әрбір газ шығу қауіпі бар жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмысты жүргізу мен дайындауды қамтамасыз ететін тұлғаларды көрсете отырып іс-шаралар қарастырылады.
Аталған жұмысты үйлестіруді және СКСГ объектісінде жалпы басшылықты басшы немесе оны ауыстырушы тұлға жүзеге асырады.
456. Газдың кемуін қалпына келтіру және апаттарды жою жұмыстары қызмет көрсетуші персоналға, материалдық құндылықтарға, ғимараттар мен құрылыстарға тікелей қатер төндіруді жойғанға дейін рұқсат нарядынсыз жүргізіледі және апаттарды жою жоспары бойынша орындалады.
457. Рұқсат нарядын СКСГ объектісінің басшысы газ шығу қаупі бар жұмыстарға басшылықты жүзеге асыратын жауапты басшыға береді.
Егер жұмыс аяқталмаса, ал оны жүргізу жағдайы мен сипаты өзгермесе, рұқсат нарядын берген тұлға оның мерзімін ұзартады.
458. Газ шығу қаупі бар жұмыстарға дайындалу үшін рұқсат наряды мен технологиялық регламентте қарастырылған дайындық іс-шараларының кешені орындалады.
459. Газ шығу қаупі бар жұмыстарды бастар алдында оны жүргізу үшін жіберілген тұлға жеке қорғаныс құралдарының саны мен ақаусыздығын тексереді, жұмыс жүргізу кезіндегі қажетті қауіпсіздік шаралары туралы орындаушыларға нұсқаулық өткізеді, одан кейін әрбір нұсқаулық алған тұлға рұқсат нарядына қол қояды.
460. Рұқсат наряды рұқсат нарядын есепке алу, беру журналында тіркеледі.
Журнал тігіледі, мөрмен бекітіледі, парақтары нөмірленеді.
461. СКСГ объектілеріндегі газ шығу қаупі бар жұмыстарды кемінде екі адам жүргізеді.
Резервуарлардағы, станция бөлмелеріндегі жұмыстарды, газбен кесуді және дәнекерлеуді пайдалана отырып жөндеуді жауапты басшының басшылығымен кемінде үш адамнан тұратын бригада жүзеге асырады.
Құдықтарды тексеруді, жөндеуді, желдетуді, буландырылмаған СКСГ қалдықтарын резервуарлар мен баллондардан құюды, газ өткізгіштерге және технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, пайдалану кезінде СКСГ резервуарларын толтыруды екі жұмысшы жүргізеді.
Аталған жұмыстарға басшылық жасау біршама білікті маманға тапсырылады.
Газ баллон автокөліктерін толтыруды бір оператор жүргізеді.
СКСГ объектісінде бөлмелер мен құдықтардың газдануын тексеру журналы жүргізіледі. Үлгісі 19-қосымшада келтірілген.
462. Газ шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде жауапты тұлға жұмысшыларды қауіпті аймақтан тез шығару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
463. СКСГ объектілеріндегі рұқсат наряды бойынша орындалатын газ шығу қаупі бар жұмыстар күндізгі тәулік мерзімінде орындалады.
Кейбір жағдайларда шұғыл газ шығу қауіпі бар жұмыстарды жүргізу жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шараларды орындаған жағдайда түнгі тәулік мерзімінде орындалады.
464. Қолданыстағы газ өткізгіштерде дәнекерлеуге және кесуге, ернемек және бұрау қосқыштарын, оларды ажыратпастан бөлшектеуге және инертті газбен немесе бумен үрлеуге жол берілмейді.
Жабық ажыратылған құрылғыларға бекітпе орнатылады.
465. Сорғы - компрессорлық бөлмесінде газ шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде сорғылар мен компрессорлар тоқтатылады.
466. Барлық газ өткізгіштер мен газ жабдығы жұмыс істеп тұрған газ өткізгішке қосу алдында, жөндеуден кейін сыртынан тексеріледі және ауамен немесе инертті газбен бақылау тығыздамасына тексеріледі.
Ішкі газ өткізгіштер мен жабдықты бақылау тығыздамасы 0,01 МПа қысымымен жүргізіледі. Оның төмен түсуі бір сағатта 0,0006 МПа аспайды.
СКСГ резервуарлары, байлама газ өткізгіштері бір сағат бойы қысымы 0,3 МПа сыналады. Манометрмен немесе аспаптармен анықталатын төмендегішке және сабынды эмульсия көмегімен анықталатын кемуге жол берілмейді.
Бақылау тығыздама нәтижелері сынау актісінде жазылады.
467. Газ өткізгіштер мен жабдық газды берер алдында ауа ығыстырылғанға дейін инертті газбен немесе бумен үрленеді.
Ыдыстарды үрлеуге арналған штуцерлер үрлеу реагентін ең аз жұмсайтын үрлемені қамтамасыз етеді.
Сұйытылған газ буымен үрлеуді ұйымдастыру кезінде оны қауіпсіз жүргізу бойынша қосымша іс-шаралар әзірленеді.
Үрлеу аяқталғаннан кейін оттегінің көлемдік үлесі 1 % аспайды.
468. Газ шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде барлық өкімді жұмысқа жауапты тұлға береді.
469. СКСГ объектілеріндегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын штаттық персонал орындайды немесе газ бөлу ұйымдарының, кәсіби апаттық-құтқару құрамаларының апаттық-диспетчерлік қызметі апаттарды жою жоспары мен іс-қимыл жасау жоспарын белгілейді.
Коммуналдық-өндірістік мақсаттағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын газ бөлу ұйымдарының апаттық-диспетчерлік қызметі орындайды.
470. СКСГ объектісінің басшысы апаттарды жою жоспарын әзірлейді, оны өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келіседі.
Авария болған жағдайда басқа мүдделі ведомстволармен және ұйымдармен бірлесіп іс-қимыл жасау жоспары АЖЖ қосымша болып табылады.
471. СКСГ объектісінің басшысы жоспарларды құруды, оған дер кезінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуді, оларды қайта қарауды және мүдделі ұйымдармен келісуді ұйымдастырады.
472. Апаттар мен оқиғаларды шектеу мен жою бойынша оқу-жаттығу сабақтары СКСГ объектілерінде тоқсан сайын бір рет журналға есепке ала отырып жүргізіледі.
29-тарау. Отпен байланысты жұмыстар
473. Ашық отты пайдаланумен байланысты жөндеу жұмыстары, резервуарлардан СКСГ бу фазасы қалдықтарын өртеу қауіпті өндірістік объектілерінде дәнекерлеу және отпен байланысты жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі бойынша талаптарды белгілейтін өнеркәсіп қауіпсіздіктің осы Талапты сақтаған кезде орындалады.
474. Отпен байланысты жұмыстар объектінің жұмыс басшысы бекіткен жұмысты ұйымдастыру жоспары мен рұқсат наряды бойынша күндізгі уақытта жүргізіледі.
475. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу үшін рұқсат наряды жұмысқа дайындық өткізу үшін алдын ала рәсімделеді.
476. Отпен байланысты жұмыстарды дайындық жұмыстары мен жұмысты ұйымдастыру жоспары мен рұқсат нарядында қарастырылған іс - шараларды орындағаннан кейін жүргізуге болады.
Газ шығу қаупі бар дайындық жұмыстары (үрлеу, жабдықты ажырату, бекітпелерді орнату және газсыздандыру және басқалары) осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.
477. Газ өткізгіштің жөндеуге қатысты учаскесіндегі газ үрлеу шырақтары арқылы түсіріледі.
Бұл ретте механизмдер желдетілген жақтағы күзет аймағында болады.
478. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу орындары өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
479. Жабдықты, жанатын құрылымды қорғау үшін дәнекерлеушілердің жұмыс орындары металл экрандармен, асбестті жабындармен қоршалады.
480. Отпен байланысты жұмысты жүргізу кезінде СКСГ қабылдауды және автокөліктерді толтыруды жүргізуге болмайды.
СКСГ объектісінің аумағына автокөліктің өтуіне жол бермейтін жол белгілері орнатылады.
481. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу үшін жауапты тұлға жұмысшыларға жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқаулық береді.
482. Жұмысты бөлменің ішінде жүргізу кезінде бөгде адамдарды жұмыс орнына өткізбеу мақсатында сыртынан бекеттер орнатылады.
483. Бөлмеде жұмыс істеу барысында ағынды-сору желдеткіштері жұмыс істеп тұрады.
484. Бөлмелерде отпен байланысты жұмысты бастар алдында және оны жүргізу барысында аумақтағы жұмыс орнынан 20 м аймақтағы ауа ортасы құрамындағы СКСГ тексеру үшін әрбір 10 минут сайын тексеріліп тұрады.
Ауада СКСГ буы болған жағдайда қосылымына қарамастан отпен байланысты жұмыстар тоқтатылады.
485. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмысты жүргізу орындары тексеріледі, жанған құрылымдарға су құйылады, өрттің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қолданылады.
486. Отпен байланысты жұмыстар аяқталғаннан кейін жанғыш газ және оттегі бар баллондар жұмыс орнынан тұрақты сақтау орнына шығарылады.
Қолданылған қысқартулар
СКСГ - сұйытылған көмірсутекті газдар;
ГТС - газбен толтыру станциялары;
ГТБ - газбен толтыру бекеттері;
АГҚС - автокөліктік газ құю станциялары;
ТКШ - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
ЭХҚ - электрохимиялық қондырғылар;
БӨА - бақылау-өлшеу аспаптары;
ШТ - шекті төзімділігі.
________________
Сұйылтылған көмірсутекті газдарды
пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік талаптарына
1-қосымша
Кәсіп орын ______________________________________
ГТО № __________________________________________
Мекен жайы, телефоны ____________________________
ГТО техникалық төлқұжат
АГТС сипаттау көрсеткіш тізімі
|
(Типі, көрсеткіш, айналым саны және тағы басқа) мөлшер мазмұны
|
200_ ж. күй бойынша
|
саны
|
құрылыс және
монтаждын енгізу жылы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. ГТО туралы жалпы анықтамасы
|
|
|
|
1.1. Пайдаланымға енгізу жылы
|
|
|
|
1.2. ГТО жобасын жасаған жоба кәсіп орны
|
|
|
|
1.3. Жобаның мінездемесі: типті проектіні байлау (типті жоба номерін көрсету) әлде жекеше проект
|
|
|
|
1.4. Жаңарған жобаның хабары
|
|
|
|
1.4.1. Пайдалануға жобаны енгізген жылы
|
|
|
|
1.4.2. Пайдалану нәтижесі неде (атап өту)
|
|
|
|
1.4.3. Пайдалану жобасын енгізген жоба кәсіп орны
|
|
|
|
1.5. ГТО газды төгу - құю принципті сұлбасы:
сорғыш - компрессорлы
сорғыш – буландырғыш
буландырғыш және басқа.
|
|
|
|
1.6. ГТО біріншы жобасы бойынша жылғы өнімділігі, т
|
|
|
|
1.7. ГТО пайдалану жобасы бойынша жылғы өнімділігі, т
|
|
|
|
1.8. Жылғы дерек өнімділігі, т
|
|
|
|
2. ГТО газды жеткізу амалы
|
|
|
|
2.1. ГТО газдың жіберу мөлшері, т/тәулік,
т /жыл
|
|
|
|
3. Генералды жоспар және инженерлік коммуникациялар
|
|
|
|
3.1. Жер саласынын ауқымы, м
|
|
|
|
3.1.1. Оның ішінде өнімді аймақта, м
|
|
|
|
3.2. Суқұбыры торы, м
|
|
|
|
3.3. Канализациялық торы, м
|
|
|
|
3.4. Жылулық торы м: жылу, ыстық сужабдығы
|
|
|
|
3.5. Электрлік торы, м
|
|
|
|
3.6. Кабелді бағыты, импульсті құбыр, БӨА және автоматика, м
|
|
|
|
3.7. Әлсізтоқты торы, м
|
|
|
|
3.8. Газқұбыры, м
|
|
|
|
3.9. Автожолдар және асфальтты жабын, м
|
|
|
|
3.10. ГТО қоршауы, м
|
|
|
|
4. Төгу - құю жабдығы
|
|
|
|
4.1. Автоцистернадан төгуге арналған колонкалардың саны, дана.
|
|
|
|
4.2. Баллондарға құюға арналған постардын саны, дана.
|
|
|
|
5. Сұйықталған газды сақтау резервуарларының мінездемесі (тип, сыйымдылығы), дана.
|
|
|
|
5.1. Сақтау базасынын жалпы аумағы, м
|
|
|
|
5.2. ГТО газдын қоры, тәулік
|
|
|
|
5.3. (Жер үсті әлде жер іші) резервуарларының қондырғы амалы
|
|
|
|
5.4. Резервуарға қойылған типті теңшамалы жабдық
|
|
|
|
6. Сорғыш - компрессорлы бөлімі
|
|
|
|
6.1. Жайдың (ішкі) аумағы, м
|
|
|
|
6.2. Жайдын аумағы, м
|
|
|
|
6.3. Компрессор (типі, маркасы), дана.
|
|
|
|
6.4. Сорғыш (типі, маркасы), дана.
|
|
|
|
6.5. Буландырғыш (типі, өнімділігі), дана.
|
|
|
|
7. Автоматика және блоктау жабдығы
|
|
|
|
7.1. Технологиялық саймандармен жабдықталған желдеткіш жабдығы бар блок
|
|
|
|
7.2. Опат желдеткіш қондырғымен газдалған сигнал бергіш блогі бар жабдық
|
|
|
|
7.3. «А» категориясы өндірістік жайда (жайды атап өту), газдалған сигнал бергіш (тип, марка) бары, дана
|
|
|
|
8. Электржабдық
|
|
|
|
8.1. Электрқозғалтқыштың қойылған қуаты, кВт
|
|
|
|
8.2. Технологиялық жабдықтау электрқозғалтқыштар және оның қойылған қуаты, дана.
|
|
|
|
8.3. Желдеткіш жабдықтау электрқозғалтқыштар және оның қойылған қуаты, дана.
|
|
|
|
8.4. Басқа электрқозғалтқыштар, дана.
|
|
|
|
8.5. Электржетекпен бекітуші арматура, дана.
|
|
|
|
8.6. Трансформатор подстанциясының типі, онын қуаты, кВт, кернеу, В
|
|
|
|
8.7. Тоттан электрохимиялық қорғау қондырғы (қондырғынын типын және қорғау объектісін көрсету керек), бары, дана.
|
|
|
|
9. Жылумен жабдықтау және желдеткіш
|
|
|
|
9.1. Жылумен жабдықтау көзі
|
|
|
|
9.2. Жылу тасымалдағыштың түрі және параметрі
|
|
|
|
9.3. Химиялық су тазартқыш (тип) бар болса
|
|
|
|
9.4. Ағынды желдеткіш жүйесі (жүйе номері және күтуші жай)
|
|
|
|
9.5. Сорғыштау желдеткіш жүйесі (жүйе номері, күтуші қондырғы және жайы)
|
|
|
|
9.6. Сорғыштардың жалпы саны, дана.
|
|
|
|
10. Сужабдықтау және канал жүргізу
|
|
|
|
10.1. Сужабдықтау көзі (судын қысымы)
|
|
|
|
10.2. Өртке қарсы су қорына резервуардың аумағы мен типі, м
|
|
|
|
10.3. Өрт сорғыш (марка және типі), дана.
|
|
|
|
10.4. Канал жүргізу сорғыш станцияның (типі, өнімділік) бары
|
|
|
|
10.5. Канал жүргізудің төгілу орны
|
|
|
|
11. Өртке қарсы құжаттар
|
|
|
|
11.1. Сорғыш-компрессорлы бөліміндегі бірінші өртке қарсы жабдықтардың тізімі
|
|
|
|
11.2. Толтыратын бөліміндегі бірінші өртке қарсы жабдықтардын тізімі
|
|
|
|
11.3. Сақтау базасындағы бірінші өртке қарсы жабдықтардын тізімі
|
|
|
|
11.4. Автоцистернадан калонкаларға құйылатын өртке қарсы жабдықтар тізімі және газбалонды автокөлікке жанар май кұю тізімі
|
|
|
|
11.5. ГТО аймағына бірінші өртке қарсы жабдықтардың тізімі
|
|
|
|
11.6. Өрт сигнализация (жай тізімі және сигнализация типі) бары
|
|
|
|
11.7. Өртке қарсы автоматтық жабдықтардың тізімі (жай тізімі, маркасы және сигнализация типі)
|
|
|
|
11.8. Резервуарлардың сақтау базасының стационарлық автоматты су салқындату жүйесінін бары
|
|
|
|
12. Алаңнан әрі коммуникациялар және ғимараттар
|
|
|
|
13. Ток алушынын қойылған қуаты, кВт
|
|
|
|
13.1. Электроэнергияның шығыны, тыс. кВт·сағ/жыл
|
|
|
|
13.2. Ыстық су (температурасын көрсету), кВт·сағ/тәулік
|
|
|
|
13.3. Бу қысымымен, МПа (кгс/см), т/ч
|
|
|
|
13.4. Шаруашылық-сусын және өндіріске қажет су (аймақты суару қоса), м/тәулік
|
|
|
|
13.5. Өртсөндіру үшін су (ішкі және сыртқы), л/с
|
|
|
|
13.6. Өртқауіпсіздік қорын толтыру үшін су, м/тәулік
|
|
|
|
13.7. Шаруашылық-тұрмыстық канал жүргізу, м/тәулік
|
|
|
|
13.8. Өндірістік канал жүргізу, м/тәулік
|
|
|
|
13.9. Қысымды ауа (қысымын көрсету керек), м/мин
|
|
|
|
Қосымша. ГТО сұлбасының және оның басты ғимаратының орналасқаны (генплан) масштабы 1:
Ескерту: ГТО сұлбасында бірінші проект бойынша белгілену болады.
«___» ____________ 200 _ ж. Орындаушы:
«___» ____________ 200 _ ж. Тексеруші:
________________________
Сұйылтылған көмірсутекті газдарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына
2-қосымша
Кәсіп орын _______________________________________
ГТО № ___________________________________________
Мекен жайы, телефоны _____________________________
Достарыңызбен бөлісу: |