Геометриялық кристаллографияның екінші заңы – бүтін сандар заңы кристалдық заттардағы микропериодтылықтың макроскопиялық көрінісі болып табылады. Кристалдық тордың кез келген атомдық жазықтығы координаттық осьтер бағытында тор периодының бүтін сандарымен сипатталады. Кристалдың жақтары симметриялы болады, жақтары мен қырлары бір-бірімен симметрия амалдарының нәтижесінде беттесе алады. Әрбір амал симметрия осіне, жазықтығына не центріне байланысты орындалады. Кристалдық көпжақтар да симметрияның белгілі бір элементтерінің жиынтығымен сипатталады. Симметрияның 32 класы (32 нүктелік тобы) бар. Әрбір класс симметрияның белгілі бір элементтерімен сипатталады. Кристалдық тордың ерекшелігіне қарай кристалдың сыртқы формасы белгілі бір класқа және сингонияға бөлінеді.
Mикропериодтылықтың макроскопиялық көрінісі
Температураның не қысымның өзгеруіне байланысты кристалдың құрылымы да өзгереді. Кейбір кристалдық күйлер (фазалар) метастабильді (салыстырмалы тұрақты) күйде болады. Берілген зат құрылымының әр түрлі бірнеше кристалдық фазада болуы полиморфизм деп аталады. Керісінше, әр түрлі қосылыстар бірдей кристалдық құрылымда (изоқұрылымдық) болуы мүмкін. Кристалдың кеңістіктік топ бойынша таралуы бір қалыпты емес. Заттардың формуласы қарапайым болған сайын олардың кристалының симметриясы да жоғары болады.
Таза кристалл
Қатты кристалдар
Заттардың формуласының күрделілігі олардың кристалдық симметриясының төмендеуіне әкеліп соғады. Кристалл атомдардың арасындағы байланыстың түрлерімен оның көптеген қасиеттерін анықтайды. Ковалентті кристалдың қаттылығы жоғары, электр өткізгіштігі төмен, сыну көрсеткіші үлкен болады. Керісінше, металдық кристал электр мен жылуды жақсы өткізеді, майысқыш әрі мөлдір емес. Иондық кристалда екеуінің аралық қасиеттері болады. Молекулалық кристалда атомдар нашар байланысқан, сондықтан олар жылдам жанады, әрі олардың механикалық қасиеттері де төмен болады.
Қатты кристалға қарағанда, сұйық кристал мен аморфты денелерде (мысалы, шыны) атомдардың орналасу тәрітібі нашар сақталады. Кристалдың өсуі кезіндегі тепе-теңдік шарттарының бұзылуы, кристалдану кезінде қоспалардың араласуы тәрізді әр түрлі әсерлердің салдарынан кристалдың идеал құрылымында ауытқулар байқалады. Оларға: нүктелік ақаулар (вакансия), сызықтық ақаулар (дислокация) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |