Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»


Кусаинова Айнагүл, 10-сынып



бет3/3
Дата21.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#151879
түріСочинение
1   2   3

Кусаинова Айнагүл, 10-сынып

Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Қазақстан - тәуелсіз де баянды ел! Ата-бабаларымыздың арманы орындалып, қазағым тәуелсіздігін алды. Тәуелсіздік таңы атып, айрандай ұйып отырған тыныш заман орнағанша, не көрмедік десеңші?! Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, Ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы Желтоқсан оқиғасы. ХХ ғасырдың қазақ халқына көрсеткен азабы ауыр болды. Бірақ, біз жеңдік, бойымыздағы қазақ халқына тән қайсарлық, батылдық, патриоттық сезім, қасиет болғандықтан туымыз желбіреді. Біз тәуелсіздік алдық. Өзге елдермен теңесе алатын ел құруға ұмтылдық. Және сол мақсатқа өмірдің талай сынынан сүрінбей өтіп жеттік. Өмірдің құнын, бостандық пен бейбітшіліктің қымбатын түсіндік. Біз ХХI ғасыр ұрпағы жүрек түршігетін заманды өткермесек те, « Тәуелсіздік » десе, оның мәнін, біз үшін қаншалықты маңызды екенін сезінеміз. Әрине, Қазақстан еліне қара бұлт үйірілмесін, - деп тілеймін. Бұл - естен кетпес Қазақстан тарихы! Өткен күнге көз жүгіртіп, Бауыржан Момышұлы, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы, Әлия Молдағұлова сынды жауынгер аға-апаларымыздан үлгі алып, Отанымыз мақтана алатын, сенім арта алатын азамат қалыптастыру – міндетіміз.

Қазақстан тәуелсіздік жолын ядролық қарудан бас тартудан бастады. Бұл бүкіл қазақ жұрты үшін және жер бетіндегі елдерге үлгі болатындай әрекет болды. Сондай-ақ Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі орасан зор болды.

Қазақ елінің баға жетпес қазынасы - адам. Яғни, нағыз елін сүйетін, елі сүйетін азаматтардың Отанға деген патриоттық сезімі нық болса, онда ел тыныштығы мен өркендеуіне алаңдамасақ та болады. «Отан-оттан да ыстық» демекші, жұдырықтай жүрегімізде әрқашан « Отан» деген сөз лаулап, жанып тұру керек.

Қазақстанның шекарасын, ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бүкіл қазақ елі сенім артатын ұландарымыз - жауынгерлер. Отанды қорғау сияқты үлкен міндетті, борышты арқалап жүрген жауынгерлеріміз әр кезде аман жүрсін! Отанға деген патриоттық сезіміміздің нығайып келе жатқанын білеміз. Өйткені жыл сайын Отан алдындағы борышын атқаруға дайын ер-азаматтар саны көбейіп келеді.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында еліміздің бас қаласы Астанада «Қазақ елі » монументі алдында ел Президенті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен әскерлер шеруі өтті. Былтырғы жылдың басты оқиғаларының бірі болған, 30 тамызда телеарнадан тікелей эфирде көрсетілген бұл көрсетілім менің жадымда әлі күнге дейін сақталған. Түсінгенім, ертеден халқым жүрек жұтқан батырларымен мақтанса, ал қазір біз өз сарбаздарымызбен мақтана алатын деңгейге жетіппіз.

Ұрандаған әскерилердің дауыстарын бүкіл қазақ елі естіді дер едім. Бұл шерудің ерекшелігі - әскери қызметкерлер осы шеруде жаңа әскери киім үлгісін тұңғыш рет киіп шықты. Бұл 25 тамыздан бастап Ел президентіміздің жарлығымен енгізілген жаңа, жетілдірілген мерекелік және күнделікті киіп жүретін әскери киім үлгісі. Сондай-ақ жаңа әскери техниканы, жасақтарды алғаш рет тамашаладық. Осы парадқа 2500 әскери қызметкер, 130-дан астам қару-жарақ пен әскери техника, 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ қатысты. « Жас ұлан» мектебінің жас дабылшылары осы әскери шеруді ашты. Содан кейін бірінен соң бірі сап түзеп жүріп өтті.

Санитарлық нұсқаушылардың топтастырылған ротасы мен жауынгерлік тапсырма орындауға әзір әйел әскери қызметкерлері ер жауынгерлерден қалыспай Отан қорғауға дайын тұрғандарын дәлелдеді.

Мұндай жасақтың, Қазақстан әскерінің, болашағы зор.

Ешқашан жауынгерлеріміздің, әскеріміздің рухы түспесін, жоғалмасын! Отанымызды қорғауға, қазақ халқының құқығы мен бостандығын қорғауға берген анттарына берік болса екен деймін!
Төмендегіжыр жолдарын ержүрек сарбаздарға арнағым келеді!

Қазағымның тыныштығын қолдаған,

Күн-түн демей өз міндетін атқарған.

Сарбаздарым, қырандарым елімнің,

Туған жерін сырт жаулардан қорғаған.

Сап түзейді бүгінде бұл сарбаздар,

Қанат жайған, қайсар жүрек қырандар.

Ант береді, өз борышын өтеуге,

Елімнің Қарулы күші «Ұландар!»

Қабдраш Абзал,

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды

балаларға арналған облыстық

қазақ гимназия- интернатының 11-сынып оқушысы,

дайындаған Ақжолов С.К.
Мен - қазақтың патриоты

Мен - қазақтың патриоты, мен болам,

Мен - ҚАЗАҚПЫН, менікі бұл - жер, далам.

Жұмыр басын дарға дайын тігуге,

Туған жер мен халық үшін төл балаң.
Мен - қазақтың патриоты, мен болам,

Сенімменен қарап отыр ел маған.

Момын елім мұзарттардан көрінсе,

Таң қалмаңдар, таң қалмаңдар енді оған.


Келешекке көш түзуге қамданам,

Асуым бар әлі күнге алмаған.

Мен - ҚАЗАҚПЫН! Ұялман мақтанудан,

Неге десең, қазақ болған бар бабам,

Неге десең, ата қаным бойымда -

Тектілердің түп тамырын жалғаған.


Осы қазақ! Өз жолын өзі таңдаған,

Неткен ғажап, дана халық, таңданам.

Жер жастанып жатқан емес тарихта,

Бірақ оны жауы талай арбаған.

Қай бүйірден қыспап еді тар қоғам?

Ал қыран ел қияларда самғаған.

Мен осы үшін мақтанам,

Мен осындай жұртым үшін от болам,

Сызды күні суық тартып тоңбаған,

Қазақ болып туу деген бақыт қой,

Мақтануың жөн саған,

Мақтануым жөн маған.


Әлем тыңда, орын алам төріңнен,

АҚШ-пенен Ресейден неміз кем?

Соңғы демім таусылғанша шайқасам,

Біреу келіп бүкпейінше белімнен.

Тынышталмай қоймаймын мен бәрібір,

Сүйегімді көрмегенше көрімнен.

Қазақ үшін қай ажалдан қорқамын,

Мағжандар да қорықпаған өлімнен.




Қабдылқақ Азамат, 9 сынып оқушысы

«Қызылжар селолық округінің орта мектебі» ММ
Қазақстан

Туған ел, туған жерім - Қазақстан,


Таныттың қиын сәтте ғажап ұстам,
Тәуелсіздік іргесін берік қалап,
Қазағымды әлемге әйгілі еттің.

Елім менің еңсесі көтерілген,


Саясатын айқындап, жете білген.
Ақындары шаттана мадақтап жүр,
Жүректен-жыр, көмейден от өрілген.

Ата – баба арманына енді жеттік,


Көгінде көк байрақты желбіреттік.
Береке мен бірлікті ұштастырып,
Халқымызға достықты ұран еттік.

Қазақстан етек жиып, жеңді түрген,


Жасқанайық алаңдап, енді кімнен.
Азияның «барысы» болу үшін
Тәуелсіз Қазақстан мәңгі гүлден!
Сүйем, сені Отаным

О, Отаным менің туған анамсың,


Аялаған бала кезден панамсың.

Мен үшін сен асқар биік дарасың,


Мәңгілікке сенен бақыт табам шын!

Сүйем сені, Отаным төрің үшін,


Жайқалған көк шалғынды жерің үшін.
Қорғаған өз Отанын сыртқы жаудан,
Жауынгер, елін сүйген ерің үшін!

Қымбатсың сен, Отаным елің үшін,


Тәуелсіздік теңдігін алған үшін.
Көк байрағын көгінде желбіретіп,
Әнұранын асқақтап салған үшін!

Дарасың сен, Отаным халқың үшін,


Тарихың бар сан ғасыр таусылмайтын.
Қойнауың бай қазына сарқылмайтын,
Достығың бар мәңгіге айнымайтын!

Бақыттысың сен, Отаным мәңгілікке,


Ата заңын ардақтар халқың бар да,
Қастерлейтін ата-баба салтың барда,
Ел бастайтын кемеңгер басшың барда!

Қасым Жанбота, 8 сынып оқушысы

«Қызылжар селолық округінің орта мектебі» ММ
Байтақ ел - Қазақстан!
Қазақ деген - батыр халық. Ол еңкейгенге еңкейеді, шалқайғанға шалқаяды. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, иен елін көреді, қаз-қатар тұра қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе, Қазбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Бауыржандай өрлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолына қиыстырып жол табар Абылайдай тірлігі бар ел.

Қазір міне, Қазақстан тәуелсіз, дербес, әлем деңгейінде өз орыны, беделі бар мемлекет. Осы күнге жету үшін бостандықтың жолында қанша ата-бабаларымыз жандарын пида етіп, қанша апа-аналарымыздың көз жасы төгілді десеңші?! «Елім» деп еңіреп, жері, халқы үшін аянбай еңбек еткендері, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның күн сайын гүлденуі дәлел болып отыр емес пе?! Осы күнге дейін қазақ даласының киелі топырағы асау желмен бір аунап, үлкен қозғалысқа түскен сияқты. Дүбірмен өткен өмір асулары арайлап атқан таңмен таласып, дүниені дүр сілкіндірді. «Қазақ» деген есім әлемдік тарихтың сахнасына төрт құбыласы түгел, елдігі мен еркіндігі өрлеген қасиетті ел ретінде танылды. Себебі, осы жиырма жыл ішінде біздің ең қымбат табысымыз-ұлтымыздың рухани байлығы жаңғырып, тұрмысымыз бен санамызға ене бастады.


Иә, «Мың өліп, мың тірілген» қайран халқым, жатса түсінен, тұрса есінен кетпеген арманың - Тәуелсіздік!
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім,


- деп Жұбан ақын жырлағандай, біз ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған, елі үшін қасықтай қанын қиған байтақ, кең өлкенің, «Қазақ» дейтін халықтың ұрпағымыз. Тәуелсіз еліміздің көгінде желбіреген көк байрағын құлатпай, биік ұстау жас ұрпақтың, яғни біздің парызымыз, міндетіміз деп білемін. Тәуелсіздік - ешкімге, ештеңеге мұқтаж болмау, өзіңді өзге елдің тануы, өзге елмен терезеңнің тең,керегеңнің кең болуы.

Міне, менің анам бесігінде тербеп, әлдилеп өсірген Отаным. Осындай сұлу да көркем, тәуелсіз де дербес, ерекше табиғаты бар, қонақжай халқы бар, асқар-асқар таулары бар, елі, жері үшін жаның пида еткен қайсар батырлары бар өлкеде дүниеге келгенім – Алла тағаланың маған берген үлкен сыйы деп білемін. Менің болашақтағы мақсатым - жоғары білім маман иесі болып, Отанымның дамуына теңізге тамған тамшыдай болсын үлесімді тигізсем, бұл әлемдегі ең бақытты жан болар едім.


Отанымыз гүлденіп, Тәуелсіз еліміз көркейе берсін!
Нұр атаның нұрлы жолы
Ұлыларын ұлтының ұлықтайтын,
Ата-баба ұранын ұмытпайтын.
Халықтанбыз қаһарман «қазақ» деген,
Қасіретін қайсарлықпен құрықтайтын.

Сөз асылын таңдадық даналықпен,


Ерлікті елдік еттік даралықпен!
Тау тұлғаны танытып тамырынан,
Дарыттық санамызға саралықпен!

Тамыры тектіліктен нәр алған,


Жан жүрегі адалдықтан жаралған,
Басшымыз бар Нұрсұлтандай кемеңгер,
Қазақылық қанына сіңіп таралған.

Қолдау тапқан қазақ деген халқынан,


Даналықпен қаймықпады қасынан.
Алаш деген бар қазақтың қамы үшін,
Егемендік көш бастады басынан.

Ел бастады кемеңгерлік ісіменен,


Ақылдасып елінің асқақ үніменен.
Мақтанбады ұлт алдында «дарамын»деп,
Сөз бастады халқы сенген «данамын»деп.

Ел бастады қара қылды қақ жармаққа,


Қазақ халқын тура жолға дәл салмаққа.
Сенім артқан елінің мәңгілікке,
Нұр атаның «нұрлы жолы» боп қалмақ.


Майтах Көгершін, Қызылжар селолық


округі орта мектебі ММ

8 сынып оқушысы

Қазақстан
Қазақстан - түп қазығым, айбыным
Сенсің менің қасиетті ай-күнім.
Кең дария шалқарсың сен, айдыным,
Сенсің мәңгі шырқалатын ән-жырым.

Қазақстан ата мекен қонысым,


Еңбек ету алдыңдағы борышым.
Атамекен – ыстықсың сен мен үшін,
Бас иемін қасиетіңе сол үшін.

Туған жерін қарлығаш та біледі,


Көктем сайын ұшып келіп жүреді.
Шетте жүріп Отаныма келмесем,
Қазақ болып несіне өмір сүремін.

Отанымсыз бұл өмірде мән бар ма?


Не жетеді Отанда атқан таңдарға.
Атамекен тек өзіңе табынамын,
Отаным деп сені ғана сағынамын.

Отаным деп жыр арнаймын жүректен,


Балалықтың балғын жыры тілекпен.
Отанымды қастерлеп сүйіп өту,
Перзенттік адал менің борышым.

Мейрамов Айдын,

Ы.Алтынсарин атындағы
дарынды балаларға арналған облыстық қазақ
гимназия –интернатының 10 сынып оқушысы

Қазақ... Қарағай басын шортан шалған заманнан бері босағасы солқылдап, борша –боршасы шыққан, ботасы өлген түйедей зарлап, буыны қалтырап бойын билей алмай бүйені бүгімен, түйені түгімен жұтатын алпауыт елдердің қыспағында қалып талай тар жол тайғақ кешуді басынан өткерген қайран жұртым. Кескен жерінен қан шықпайтын, кірпігінен қырау тамған қара жаулар керегесін кертіп, сонау «ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» жылдарында көкірегі қарс айырылған қазақ елін бірін Хиуаға боздыртып, біріне орысты паналатып, кірпігі зорға қимылдайтындай халге жеткізді. Осындай аласапыран кезенде қамшысынан қан сорғалаған қан құйлы дұшпандарға, қазақ даласын қанға бояған қандыбалақ қарақшыларға қарсы тұрған кімдер еді? Әрине, қазақ батырлары қанжығаға қанды басты байлаған, қасіреттен қан жұтқан қазақ елін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қауқары кетсе де қорғауға тырысып баққан қазақ әскерлері туралы біреу білсе, біреу білмес. Бұл қазақ бұдан мыңдаған жылдар бұрын айбаты арыстанға ұқсаған, қайнаған ботқаша бұрқылдаған Қытай әскерін Талас шайқасында көшкен елдің жұртындай жермен жексен етіп, қайшыдай қырқып түскен жұрт еді. Бұл қазақ бір кездері сиырдың бүйрегіндей бөлшектеніп, құмалақтай бытырап, тоз-тозы шығып, әрең дегенде есін жиып қапсырған жерден қан алған, ата жау болып саналған, безбүйрек болып жаралған қыл жалаулы қалмақтарға, он екі баулы өзбектерге, ойраттарға арыстанша атылып ойсырата соққы берген, қызыл кеңірдек болып шайқасқан, жанын арының садағасы еткен жұрт еді. Бұл қазақ кешегі Желтоқсан көтерілісі кезінде қақ бастан қамшымен ұрғандай ауыр соққы алып, бойы тітіркеніп бүрсең қағып еді. Әркім өз күлшесіне күл тартқан заманда, яғни ХХ ғасыр соңында Қазақстан тәуелсіздігін алып, құлазыған көңілі көтеріліп, таңның ақтаңдақ сәулесі шығып, тамтығы қалмаған тақиясы бүтінделіп, өң мен түстің арасында түрленіп, жаңа ғана таяқтай сүйеніш тауып, қадам баса бастаған сәби еді. Ал қазір қандай?

Қазақстанның алдындағы аса маңызды міндет - жас мемлетттің егемендігі мен аумақтық тұастығын сенімді қамтамасыз ететін өзінің қорғаныс жүйесін құру еді. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының қарулы күштерін құру туралы 1992 жылғы 7 мамырдағы жарлығы әскери қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі келесі шешуші құжат болып еді. Осылай Қазақстан қарулы күштері дамыған,басқалармен терезесі тең елге айналды.

Ал мен кіммін?..Мен тарлан тарихтың парақтарында сақталған, таңы атып, тауығы шақырған осындай елдің ұрпағымын. Сондықтан мен өз елімді, кіндік кескен жерімді, топшысынан үзіле жаздаған тілімді, жойылудың аз-ақ алдында қалған дінімді, бойында қазақтың қаны бар найза ұшында отырса да сескенбеген қазақ дейтін асыл елдің батырларын, ақындарын, ең бастысы бес-ақ әріптен тұрса да қатпар-қатпар бес ғасырдың мұң зарын жырлап тұрған қазақ дейтін асыл елді сүйемін, құрметтеймін, мақтан етемін, дәріптеймін. Себебі «Мен-Қазақстан патриотымын».


Оразбек Саяхатұлы,

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы
Мен патриотпын!
Еркін елдің ойнаған құшағында,

Ерік берер елім деп күш ағынға.

Мен патриотпын, патриот болып қалам,

Тексіздіктің қалмаймын тұсауында.


Сусындаған батырдың ерлігінен,

Басымдылық байқалар белдігінен.

Мен патриотпын қайсармын қайраттымын,

Бабамыздың нәр алған өрлігінен.


Жүрегіме жинаумен таң нұрын кіл,

Болашаққа кетейін қалдырып жыр.

Мен патриотпын ел үшін бола туғам,

Сондықтан да еліммен тағдырым бір.


Елім деп жаудың отын сөндіремін,

Сонда ғана істерім оң білемін.

Талғанынша жүрегім соғып тұрад,

Қалғанынша жалғанда соңғы демім.



Салыкбай Нуржан, 11класс,

СШ Достыкского сельского округа
Быть патриотом своей страны-

это носить Казахстан в своем сердце

Н.А Назарбаев
Сказать честно, до шестнадцати лет я знал и много слышал о том, что надо любить свою родину и быть патриотом. Я знал, но не чувствовал. И все изменил один момент в моей жизни, когда мы с семьей решили съездить в кинотеатр, на премьеру фильма «Кочевники».

Фильм был о тех временах, когда Казахскому ханству угрожало нашествие врагов - джунгаров. И еще, в фильме была показана жизнь кочевого народа, подвиги и храбрость великих батыров казахской степи, мудрые стратегические решения талантливых военачальников.

Заканчивался фильм, шли титры со словами нашего Президента страны Нурсултана Абишевича Назарбаева, весь зрительный зал одновременно встал и долго аплодировал стоя. Я видел слезы на глазах у мамы, я видел лицо своего отца – именно в этот момент у меня в сердце зажглась искра гордости за свой народ, которая превратилась в огонь познания исторического прошлого моего героического народа.

Оценивая каждое событие и факты, я сделал вывод: зная каких трудов, кровью и потом, какими жертвами достались свобода и независимость нашей родины, невозможно не любить ее. Мечта наших предков сбылась – у нас есть свое независимое государство.

Но мы, наше поколение, должны сохранить все, что нам оставили наши предки. Можно бесконечно говорить о патриотизме, о любви к Родине, но не быть патриотом.

Мои родители воспитывались на идеалах советских времен. Но перемены в истории нашей страны никак не отразились на их взглядах на жизнь: быть честными, трудолюбивыми, культурными. Они закончили один и тот же университет, филологи по образованию, переехали из города и работают в сельской школе учителями. Выучили и воспитали не одно поколение. Вырастили двоих сыновей. Я с гордостью могу их назвать патриотами нашей страны.

Мой старший брат, которого очень уважаю и горжусь им, учится по государственному гранту в университете. В этом году я заканчиваю школу, являюсь претендентом на получение медали «Алтын белгі». Мне кажется, наши маленькие хорошие дела и поступки - это тоже проявление патриотизма. Призыв в армию считаю своим гражданским долгом. Возможно, слово армия и патриотизм, в нынешнем его понимании, исчезнут тогда, когда каждый из нас будет патриотом всей планеты, а не отдельно взятой страны.

Сейтахмет Ернар, 11 сынып оқушысы

Трофимовка ЖОББМ
Жауынгерлер

Жауынгер


Намысты ұлдар, арлы ерлер,

Елі үшін жанын пида еткендер.

Шекараны күні-түні күзетіп,

Елі үшін түн ұйқысын бөлгендер.


Жауынгенлер

Олар үшін «үйреншікті» ұрыстар,

Олар үшін «үйреншікті» таластар.

Өмір-өлім арасында тұрса да,

Көк туымды қолдарында тік ұстар.
Қарулары түспеген белдерінен,

«Отан» деген таймаған серттерінен.

Ел үшін туып өткен жауынгерлер

«Алаш» десе айыққан дерттерінен.


Дала үшін бабадан мұра болған,

Қан төгіп қаншама ер жанын қиған.

«Елімізді бөтен жау алмасын» деп,

Қабанбайлар найзаға үкі таққан.


Жеріме ұлан-ғайыр созылып жатқан,

Қаншама қас пиғылдар көз алартқан.

Ақ білектің күшімен қорғағаны –

Тарихта жазылды ғой «Қалмаққырған».


«Ереуіл атқа ерлер ер салмады ма»,

Ер басына күн туған заманында?

Ержүректі алашым ел атанған,

Кенесеры күркіреп тұрмады ма?


«Отан үшін отқа түсіп күймеген»,

Намысын биік ұстап түсірмеген.

Еуропа басын иген фашисттерді

Мәскеуден қумап па еді Батыр Баукең?!


Осыны біл, осыны біл, қазағымның,

Еркөкірек жауынгер ұландары.

Ешкімге де бас иіп, бой ұрмаған,

Бойыңда ағып жатыр қазақ қаның.


Жауынгерлер,

жауынгерлер,

ұландар!

Өздеріңді әркез қазақ ұлықтар!



Сейтенгазинова Эльмира, 9 сынып оқушысы

Еңбекші ЖОББМ,

мұғалім Көшербаева І. Қ.
Қай елге барсаңызда шаңырақтың иесі қай ұлт екені көрініп, сезіліп тұрады. Мемлекеттік саясаттары сол ұлттың өкілі екенін мақтан тұтатындай сезім қалыптастыруға тырысуда. Мына бір сөз көп елдерде айтылып, жазылады: «Мен малай ұлтынан болғаныма мақтанам», «түрікпін деп айтқан адам қандай бақытты» осы мағыналас ұрансөздер көп елдерде саналарына сіңіріліп жатыр. Осы әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, біз де «қазақпын деген қандай бақытты» деген ұран сөзді, оған қоса «Ұлы Қазақстан», «Ұлы қазақ елі» деген терминдерді бұқаралық ақпарат құралдарында көп қолданып, халықтың санасына сіңіру саясатын ұстанғанымыз абзал.

Ешқандай мемлекетте немесе тарихта ұлтқа қарсы саясат жүргізген билік те ұшпаққа жетпеген. Түптің түбінде ұлттық саясат алдымен санада жарылыс беріп, соңы қантөгіске ұласқан. Табиғаттың заңына қарсы жүргізілген жұмыстар әрдайым жаңылыс тауып, табиғаттың заңымен жазаланып отырған. Сондықтан Қазақстан тарих бойы қазаққа мекен, Отан болып, мәдениет, ұлт қалыптастырғаны үшін ағысқа қарсы жүзбей мемлекеттік саясатты қазақтың ұлттық саясатымен, яғни ұлттық патриотизммен ұштастыруға мәжбүрміз. Бұдан басқа жол мемлекетімізді адастыратыны хақ. Дамуға ұмтылған елдердің бәрі де ұлттық патриотизмді дамыту арқылы ғана жетістікке жеткен.

Мың өліп мың тірілген қазақ халқы осы бір Отан үшін не көрмеді, не істемеді. Елін, жерін қорғау үшін кескілескен соғыстар жүргізді, одан кейінгі ұрпақ қорлық пен зорлықтың сан түрін көріп, «Елім, Отаным» дегені үшін атылып, түрмеге қамалып, қуғын көрді. Тәуелсіздікті көру бір арман болып, іш құсамен өмірден өткендері қаншама. Осының барлығы не үшін еді? Әрине Отан үшін. Сонша ғасырлар бойғы ата-бабамыздың арманы болған Отанды қорғай алмасақ сүйегімізге қара таңба болмай ма? Соншама тағдырларды жұтқан, құрбан еткен тәуелсіздікті, Отанды қорғау – Абылайхан, Кенесарыдан бастап, Әлихан, Ахмет, Мұстафа, Смағұлдар бастаған тұлғаларымыздың алдындағы, қазақ халқының алдындағы перзенттік парызымыз. Қазақ халқының Отан қорғау мәселесіндегі ерекше асқақтықпен, мақтанышпен айтуға тұратыны, көп елдер тәуелсіздігімізді қорғадық деген желеумен өзге елдің жеріне басып кірсе немесе өзге ұлттың құқын таптаса, өзге елдің жеріне сұқтанбаған әлемдегі санаулы ұлттың бірі осы қазақ халқы. Қазақ, қазақ болғалы бері тарихта ешқандай елдің жеріне басып кірмепті. Елбасымыз айтқандай «біздің тарихымызда ұялатындай ешнәрсе жоқ». Тек ұстанған саясатымыз, мақсат-мұратымыз тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді қорғау ғана болды. Тәуелсіздігімізге, Отанымызға көз алартқандарға жеріміздің құшағы кең бәріңізге де жеріміздің астынан орын табылады дегім келеді.

Қазақтың патриотизмі қанында бар. Тек соны қайта жаңғыртып, сілкіндіру керек. Қазақ ешқашан бір үйде құл болып қызмет етпеген. Қазақ дегеннің өзі еркін, тәуелсіз деген мағына береді. Сондықтан тәуелсіздік, еркіндік ұғымдары қазақ сөзімен егіз, мағыналас.

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

Елімнің қарулы күшерінің мерейлі 20 жылдығымен құттықтай отыра, ел тыныштығын сақтап, халыққа бейбіт те жайдарлы күндерді тілегім келеді.



Фадеевой Юлии, 9 класс,

Железинская общеобразовательная СШ 2,

учитель Смагулова А.С.
Родина – это самое дорогое, что есть у человека. Это поля, леса, реки…

Это улыбки матерей и отчий дом… Моя малая Родина – село Железинка, что расположена на берегу Иртыша. За всю свою небольшую жизнь я была во многих уголках нашего государства: огромных мегаполисах, маленьких и уютных селах, но нигде мне не было так хорошо и спокойно, как здесь, в моей Железинке. Возвращаясь в свой родной край, я поражалась его красоте и величию просторов. И, видимо, удачное расположение Железинки тут не причем, а жизнь села, людей – это главное для меня и моих земляков, которые защищают нашу Родину в армии. Мне хотелось бы рассказать о простых людях, героях, защищавших страну во время Великой Отечественной войны. Я думаю, что именно с них нужно брать пример моему поколению, которое будет служить в рядах казахстанской армии.

Иван Васильевич Бабин, Герой СССР, родился в 1899 году в селе Железинка. Его отец рано умер. Кроме Ивана в семье еще было пятеро детей. Ваня с детства познал тяжесть труда, голод и холод. Он нанялся работать у царского офицера Сыроежкина. Уже тут Иван проявил свои наилучшие качества: добросовестность, честность и порядочность, тем самым, заслужив уважение окружающих.

В начале войны пришли похоронки на трёх братьев И.В. Бабина. Он решил отомстить за смерть родных, за русский народ и отправился на фронт. От него долго не было вестей. Лишь в конце 44-го пришло скорбное письмо от его друзей. Они и рассказали, как погиб их друг, отважный воин Бабин Иван Васильевич. …Шли ожесточенные бои за польскую деревушку Кояты. Во время наступления Иван собственноручно одолел семнадцать фашистских солдат. С призывом «За Родину!» бросился в бой к подступающим противникам. И тут заработал вражеский пулемет, сея вокруг смерть и ранения. Со словами «Вперед, товарищи, за Родину!» он совершил подвиг: закрыл амбразуру своей грудью. Вражеский пулемет, захлебнувшись кровью героя замолк. Это случилось 13 сентября 1944 года, за что И.В. Бабину присвоено звание Героя Советского Союза посмертно.

Наша земля прославлена еще одним героем. Иван Григорьевич Ледовский родился в 1920 году в прииртышской казачьей станице Железинка. Когда его, восемнадцатилетнего парня, провожали на службу в Красную Армию, больше всего ему было жаль расставаться с родным Иртышом. Память об этой величавой сибирской реке всегда жила в его сердце. Это и помогло Ивану совершить подвиг на реке Березине. Ледовский был в числе тех солдат, которые первыми приняли на себя удар фашистских захватчиков. 22 июня 1941 года он служил в Брестской крепости, участвовал в тяжелых оборонительных боях. После раненный помогал выбраться из крепости женщинам и детям. И я думаю, что великое звание Героя он заслужил по праву.

Всем ветеранам войн, защитникам Отечества хотелось бы пожелать здоровья и долголетия, а подрастающему поколению, будущим солдатам – сил и мужества в их нелегком труде, служить на благо своей Родины!



Шакишева Алия, 11 класс,

ГУ «Средняя общеобразовательная школа 34

инновационного типа города Павлодара»
«Жизнь, ты помнишь солдат, что погибли, тебя защищая?»

Как разглядеть за днями след нечёткий?

Хочу приблизить к сердцу этот след…

На батарее были сплошь девчонки.

А старшей было восемнадцать лет.

Р.Рождественский


Вот уже несколько десятилетий назад победоносно завершилась битва свободолюбивых народов против фашизма, задавшегося целью завоевать мировое господство. Зачастую люди воспринимают всё, что у них есть, как должное, даже не задумываясь о цене этого «должного». Голубое небо над головой, смех и улыбки детей, радость жизни – всё это в годы второй мировой войны было только мечтой. За неё отдали свои жизни миллионы ребят и девушек, а те, кто смогли выжить, потеряли свои самые лучшие годы.

Мы не видели войны, но мы знаем о ней. Мы – наследники Великой Победы. Поэтому обязаны знать, какой ценой завоёвано счастье. Солдаты умирали, но не сдавались. Сознание своего долга перед Родиной заглушало и чувство страха, и боль, и мысли о смерти. Навязанная Советскому Союзу война вырвала из жизни двадцать миллионов его дочерей и сыновей. Не осталось семьи, которую не опалило бы пламя войны… Сегодня многие говорят о патриотизме, о любви к Родине. Чувство патриотизма ни в коем случае нельзя смешивать с чувством враждебности к другим народам. Не разрушай у других, а созидай у себя. И помни: любовь к родине у родного очага зарождается… Так говорили мои предки…и я им верю!

Быть патриотом – это просто любить свою семью, школу, город , страну, уважать традиции моего народа, чтить память великих предков. Для этого совсем не обязательно кричать о своём патриотизме на всю страну: достаточно просто чувствовать себя ответственным за всё, что происходит на нашей земле. Теодор Рузвельт сказал: «Важно, чтобы ты был готов умереть за свою страну, но ещё важнее, чтобы ты был готов прожить жизнь ради неё!» Так вот, я готова прожить жизнь в моём родном городе, потому что для меня нет ничего роднее милых и так знакомых с детства улочек нашего города.

Быть патриотом – это значит гордиться великими земляками. Все мы знаем, сколько великих имён подарила миру наша павлодарская земля. Я хочу рассказать о своей великой землячке, о Герое Советского Союза Маншук Маметовой.

Известие о войне в семью Маншук ворвалось неожиданно, сметая на своём пути спокойствие и надежду. Ей было всего девятнадцать… Рано потерявшая родителей, воспитанная в семье родственников, мечтавшая о самой мирной профессии решила однозначно: на фронт. Но только в 1942 году осуществилось её желание. 21-я стрелковая дивизия…Изнуряющие занятия, кровопролитные бои, потеря близких…Нам остаётся только догадываться, что творилось в душе этой хрупкой девушки. Но мы знаем точно, что в сердце Маншук не было места трусости, слабости, желания спрятаться за чужие спины и выжить любой ценой. В 1943 году при обороне Невеля именно ей предстояло повести за собой солдат и ценой собственной жизни отстоять высоту. Наверно, ей хотелось жить, бегать с подружками в кино, любить…

У войны не женское лицо… Я мысленно представляю, как совсем юная девушка спасает жизни солдат, рискуя собственной. Есть поговорка: «На войне детей нет». Те, кто попали на войну, должны расстаться с детством. Их детство сжигали, расстреливали, убивали бомбами, и пулей, и голодом… Вот откуда столько мудрости в раскосых глазах великой дочери степи. В них не только мудрость, но и жажда свободы, той, которую её предки отстаивали в боях тысячелетиями. Маншук – дочь свободного народа.

Мои земляки, колхозники Павлодарской области, с целью увековечить имя прославленной пулемётчицы, собрали деньги на снаряжение танкового полка имени Маншук Маметовой.

Есть на земле люди, чьи судьбы словно падающие звезды: их короткое пребывание с нами озаряет светом высших сил жизни многих и многих…Именно такой была жизнь дочери казахского народа Моншагым…Так называла её мама...

Годы идут. Всё дальше от нас грозные дни Великой Отечественной. Давно перепаханы минные поля, засыпаны воронки от бомб, на местах схваток поднялись новые города и шумят сады…

Годы идут. Зарубцевались раны, нанесённые лицу Земли, но не зарубцевались раны, нанесённые сердцу народа.

Годы идут. В бронзе, в граните, в мраморе обелисков, в названиях улиц и площадей увековечена память о славных воинах, ставших гордостью нашего народа.

Вот и Маншук смотрит на нас бронзовыми глазами, почти моя ровесница, красивая девушка. Её не по-детски мудрые глаза взывают: « Защитите мою молодость! Отомстите палачам! Я хочу быть женщиной! Я хочу любить и рожать детей!» Но законы войны неумолимы.



Годы идут. Давно нет с нами Маншук. Но её доброе, прекрасное лицо, руки, спасшие не одну жизнь, я не могу забыть, да и не хочу. Я не хочу, чтобы голос орудийной канонады услышали мы и наши будущие дети. Я не хочу, чтобы доты обнажались, как раковые опухоли земли, хотя они вновь оживают в Ливии, Ираке, Чечне, Осетии. Сейчас произошло качественное изменение средств ведения войны. Если за всю историю человечества войны унесли миллионы жизней, то третья мировая война уничтожит полностью жизнь на всей планете. Не останется ни клочка жизни, если над ней пронесётся ядерный ураган. Перед лицом смертельной опасности народы бывшего Советского Союза сумели объединиться против общего врага. И сегодня сплочённость народов способна стать мощной преградой на пути тех, кто толкает мир к ядерной катастрофе. Люди! Давайте вскинем миллионы ладоней и защитим прекрасный лик солнца от гари пепелищ и от боли войны навечно! Навсегда!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет