8
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
Қазақстан аумағы моңғол ұлысының құрамына енді: үлкен (далалың) бөлігі Жошы қлысына, Оңтүстік жəне
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысын Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына қарады. Жошы
ұлысы Ертістен батысқа
қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудің солтүстік белігі мен бүкіл Дешті-қыпшақты, Еділдің
төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы
жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен
Мəуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Моңғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі.
Шыңғыс ұлдары өз
ұлыстарын тəуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе
түсіп, империя бірнеше тəуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Алтын Орданың отырықшы облыстарында бұлғарлар
мен мордва,
орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер т. б. тұратын. Моңғолдардың өздері тіпті аз еді. XIII
—XIV ғғ. шамасында, əсіресе XIV ғ. монғолдар іс жүзінде түріктеніп
кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы
«татарлар» деп аталды.
Аса маңызды мемлекеттік мəселерді шешу үшін билеуші əулет мүшелері бастаған ақ-сүйектердің жалпы
жииалысы-құрылтай шақырылатын болған. Армияны, басқа мемлекеттермен арадағы
елшілік қарым-қатынасты
беклербегі басқарған. Атқарушы өкіметтің орталық орыны — Диуан басында уəзірі тұрған. Қалалар мен бағынышты
ұлыстарға. Даруғалар
мен басқақтар тағайындалған, олардың міндеті — алым-салық жинау болған. Ең маңызды
қызметтерді хан отбасының мүшелері атқарған.
Іpi-ірі нояндар, бектер, əмірлер, баһадұрлар əскербасы-теменбасы,
мыңбасы, жүзбасы болып тағайындалған.