СөЖ-2 Тақырып: Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі. Кестелік талдау


Қазақ балалар әдебиетінің 50-60-жылдары зерттелуі



бет2/5
Дата06.03.2022
өлшемі61.24 Kb.
#456010
1   2   3   4   5
БӘ.СӨЖ

Қазақ балалар әдебиетінің 50-60-жылдары зерттелуі.
Балалар әдебиеті жайында жазылған сын-мақалалар, әсіресе, Отан соғысы жылдарынан кейін кең қанат жайды. Қазақ балалар әдебиетінің әр түрлі жанрлары жайында С.Қирабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, А.Нұрқатовтың, С.Сейітовтің, Ә.Дербісәлиннің, С.Ордалиевтің, Б.Сахариевтің, Н.Ғабдуллиннің мақалалары баспасөз беттерінде жарияланды.
Соғыстан кейінгі кезеңде С.Бегалин, Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев, С.Омаров, М.Гумеров, Ә.Дүйсенбиев, Н.Серәлиев, Қ.Мырзалиев, Ж.Смақов, Қ.Ыдырысов, Қ.Мұқышев, Б.Ысқақов С.Сарғасқаев, А.Байтанаев сынды ақын-жазушылар қазақ балалар әдебиетінің тұрақты маман кадрларына айналды.
Бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған туындыларымен Қ.Аманжолов, М.Хакімжанова, Қ.Бекхожин, Ж.Саин, С.Сейітов, Ш.Смаханұлы, І.Мәмбетов, О.Әубәкіров, Ш.Хұсайынов, Н.Ғабдуллин, Б.Тәжібаев, С.Жүнісов, М.Ақынжановтар көзге түсті.
50-60 жылдары жарық көрген мақалалар 40-50 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің даму ерекшеліктерін аталмыш қаламгерлер шығармашылығы негізінде қарастырды, балаларға арналған шығармаларда кездескен кемшіліктердің болу себептері мен олардан арылу жолдарын көрсетті, «Кішкентайлардың үлкен әдебиеті» алдына орындалуға тиіс мақсат-міндеттер қойды.
1954 жылы жазылған «Қазақ совет балалар әдебиетінің кейбір мәселелері» мақаласында С.Қирабаев 40-жылдардың алғашқы жартысын қазақ балалар әдебиетінің еркін дами алмаған кезеңі ретінде атап көрсетеді. Қазақ балалар әдебиетінің бұл тұстағы кенже қалуының екі түрлі себебін атайды: біріншісі, тиісті орындардың әдебиеттің бұл саласын өркендетуге мән бере қарамауы, екіншісі, балалар әдебиеті саласында жұмыс істерлік арнаулы маман жазушы кадрлардың жоқтығы.
С.Қирабаев 40-шы жылдардың соңында жағдайдың біршама өзгергендігін баяндайды, яғни 1948-1949 жылдары балаларға арналған кітаптардың көптеп басылып шыққандығын айтады.
Және 40-50 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің жай-күйі 50-60 жылдары жарық көрген ғылыми еңбектерден де көрініс тауып отырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет