СөЖ-2 Тақырып: Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі. Кестелік талдау



бет5/5
Дата06.03.2022
өлшемі61.24 Kb.
#456010
1   2   3   4   5
БӘ.СӨЖ

Қорытынды.

Оқу орындарында оқытылатын қай пән болсын, олардың білім мен дағды, тәрбие беруде өзіндік орны бар.


Әдебиет балалардың рухани дүниесін байытады, туған жерін, елін, жалпы адамзатты құрметтеу сезімдерін тәрбиелейді. Соның ішінде балалар әдебиетінің де мақсаты - балаларға эстетикалық тәрбие беру, оларды халық даналығымен, халық өсиеттерімен таныстыру, сол арқылы адамгершілікке, имандылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу. Халық даналығы халық ауыз әдебиетінде. Ал халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің негізі. Сондықтан, қазақ балалар әдебиетінің даму кезеңдері дегенімізде, бірінші кезекте балалар фольклоры тұрады. Елдікке, ерлікке үндейтін, әділдікке шақыратын жыраулар поэзиясынан балалар әдебиетін тыс қалдыруға болмайды. Махамбеттің патриоттық жырларынсыз, Абайдың ғибраттық ой- толғамдарынсыз балалар әдебиетін көзге елестету қиын.
Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин шығармалары - балалар әдебиетінің күретамыры.
Балалар әдебиеті пәні XX ғасырда профессионалдық деңгейге жеткен қазақ балалар әдебиеті шығармаларын халық ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы, Махамбет, Абай, Ыбырай дәстүрлерімен жалғастықта танытуды мұрат тұтады.
Сөз соңында, Балалар әдебиеті пәнінің міндеті - өзіндік эстетикалық көзқарасы бар, ойлы, ізденімпаз маманды дайындауында, жіне әдебиет пәні - терең ойлаудың және жан-жақты ойлантудың пәні деп қорытындылауды жөн деп білдім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет