Сөж факультет: Биология және биотехнология Кафедра


Молекулалык ұйымдастырылуына байланысты экзотоксиндер екі топқа бөлінеді



бет3/8
Дата06.03.2023
өлшемі4.84 Mb.
#470454
1   2   3   4   5   6   7   8
Мед микро семинар (1) (копия) (1)

Молекулалык ұйымдастырылуына байланысты экзотоксиндер екі топқа бөлінеді:


Экзотоксиндердін продуценттеріне грам оң және грам теріс бактериялардың көптеген түрі жатады.
Белоктық токсиндердің әсер етуі механизмінің салдарынан клеткада жүріп жатқан маңызды процестер закымдалады. Оларға мембрана өткізгіштігінің жоғарылауы, белок синтезі және басқа да биохимиялық процестерінің бұзылуы, клетка аралық әсерлесудің бұзылуы жатады. Экзотоксиндер күшті антигендер болып саналады, соның нәтижесінде организмде олар антитоксиндерді түзеді.
Экзотоксиндер мен эндотоксиндердің сипаттамасы

Экзотоксиндерді бактериялық клеткамен байланысу дәрежесіне қарай 3 топқа бөледі:


А тобы - сыртқы ортаға бөлінетін (секреттелетін) токсиндер(мысалы, дифтерия таяқшасының токсині).
В тобы - жартылай сыртқа бөлінетін және жартылай бактерия клеткамен байланысқан токсиндер (сіреспе таяқшасыныңтоксині).
С тобы - бактерия клеткасымен толық байланысқан токсиндер. Сыртқа бактерия клеткасы тіршілігін жойғанда бөлінеді (мы-салы, энтеробактериялар экзотоксиндері).

Токсиндердің әсер ету механизмі


1-тип. Цитотоксиндер субклеткалық деңгейдегі белок биосинтезін тоқтатады, Мысалы, антиэлонгаторлар тобына жа- татын дифтериялық гистотоксин, көкіріңді таяқша токсині рибосомадағы полипептидтік тізбектің элонгациясына жауап беретін трансфераза ферментінің қызметін істен шығарады. Осы типтегі токсиндерге энтеротоксин және дерманекроток- синдер жатады.
2-тип. Мембранотоксиндер - гемолизиндер мен лейкоци- зиндер. Эритроциттер мен лейкоциттер үстіңгі мембранасының өткізгіштігін жоғарылатып, эритроциттерді гемолизге, лейко- циттердің бұзылуына әкеледі. Мембранотоксиндер клетка мем- бранасында сыртқы гидрофобты, ішкі гидрофилді болатын ка- нал түзеді. Нәтижесінде клетканың өзін-өзі реттеу қабілеті бұ- зылып, клетка осмостық шоктан тіршілігін жояды.
3-тип. Функционалды блокаторлар - клеткалық аденилат- цилазаны белсендіретін термолабильді (ТЛ) және термостабильді (ТС) энтеротоксиндер. Бұл токсиндердің аденилатцилазаға әсер етуінің нәтижесінде аш ішек қабырғасының өткізгіштік қасиеті жоғарылап, ішектің ішіне қарай сұйықтық көп түседі де, диа- рея ауруын тудырады. Токсин холероген ТЛ энтеротоксинді то- бына жатады. Функционалды блокатооларға аденилацетилаза ферментін инактивациялайтын токсиндер - токсикоблакаторлар жатады. Нейтротоксиндер бас ми және жұлын клеткаларындағы жүйке импульстерінің берілуіне әсер етеді.
4-тип. Эксфолиатиндер және эритрогенин токсиндері. Бұлар клет-калардың бір-бірімен және клетка аралық заттармен қарым-қатынастарын зақымдайтын токсиндер. Медициналык практика үшін маңызды экзотоксин продуценттері ретінде тө- мендегі қоздырғыштар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет