Бизнес-идея мазмұны және оны түсіндіру тәсілдері
Бизнес-идеяны жүзеге асыруда жетістіктерге жету үшін оны инвестор тұрғысынан қарастыру керек. Бизнес-идеялар – бұл өнімнің жарнама парағы немесе техникалық тапсырма емес, бұл шешім қабылдауға арналған құжат және ол үш сұраққа жауап беруі керек.
1. Бизнес-идея қандай мәселенің шешімін табады, оның тұтынушы үшін пайдасы қандай (не)? Нарық жағдайында жетістік таң қалатын құжаттарға емес, қанағаттанған тұтынушыларға тәуелді болады. Тұтынушылар өз қажеттіліктерін қанағаттандырып, мәселелерінің шешімін табу үшін өнімді сатып алады. Бизнес-идея әлеуетті тұтынушылар үшін маңызды мәселелердің шешімін табуы керек. Олардың өнімді тұтынудан алған пайдасы оның жаңалығы, балама шешімдермен салыстырғанда жақсартылуымен байланысты болады. Осылардың барлығы бизнес-идеялардың нарықтағы жетістіктерін қамтамасыз ету мен дифференциалдау құралы болып табылады.
2. Ұсынылатын өнім немесе қызметтің нарығы қандай (кімге)? Бизнес-идеяның нақты экономикалық маңызы тек адамдар бір зат сатып алғысы келгенде ғана байқалады. Сол себепті сәтті бизнес-идеяның екінші ережесі – бұл оның өнім үшін тартымды нарықтың болуын көрсетуі және мақсатты тұтынушылар тобын сәйкестендіруі болып табылады.
Осы мақсатта нарыққа толықтай талдау жасау қажет. Нарық өлшемдеріне қатысты жасалған ұсыныстар бизнес-идея үшін жеткілікті болады.
3. Кіріс алу механизмі қандай (қалай)? Бизнестегі кірісті анықтаудың классикалық сызбасы келесі түрде болады: кәсіпорын шикізат, материал немесе қызметтерді жеткізушіден сатып алады, олардың ақысын төлейді. Төлем өлшемдері оның шығындарын көрсетеді. Кәсіпорын өзі өндірген өнімдерін сатқанда ол кіріс және өткізу түсімін алады. Бастапқыда кіріс мен шығысты жай есептеумен шектелуге болады.
Бизнес идеяларды іздеу бойынша 10 кеңес
Қолайлы бизнес идеяны табу, болашақ үйдің іргетасын дұрыс қалаумен бірдей. Жұмыс қаншалықты сапалы атқарылса, құрылыс та соншалықты ұзақ тұра алады. Сондықтан бизнес идеяны іздеу үшін бар күш-жігеріңізді жұмсағаныңыз абзал. Сізге бірнеше жақсы кеңестер көмектеседі.
1. Идеяларды іздестіру үшін адамдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, оны мақсатты түрде әр түрлі жерлерде жүргізу қажет.
2. Кез-келген бизнес идеяны, тіпті ол "ақылсыз" және "үмітсіз" көрінсе де жазып алған жөн. Бұл үшін жиналған идеяларды санаттар бойынша бөле отырып, картотека құрған дұрыс. Бір кезде бұл материалдар пайдалы болуы мүмкін.
3. Есте сақтаңыз, идеялар жетілдіру және генерациялау үшін уақыт қажет, одан кейін шешім қабылдау, нақты іс-әрекеттерге көшу басталады. Әрбір қадам үшін міндетті түрде шектеулі мерзім орнатып, оны қатаң сақтау керек.
4. Өзіңізді әлеуетті тұтынушылардың орнына қойыңыз және оларға сіздің өңіріңізде не жетіспейтінін талдаңыз. Бұл сіздің бірегей іскерлік идеяны табу мүмкіндігіңізді арттырады. Идея бірегей болмаса да, сіздің өңірдегі бәсекелестікті бағалап, табысты пайдалануға болатын бәсекелестік артықшылықтарды анықтаған жөн. Бұл жақсы бизнес идеяны табу қиындығын қарапайым құралдармен шешуге мүмкіндік береді.
5. Қолдағы бар нәрсені тиімді пайдалану үшін өз қабілетіңізді түсіну маңызды.
6. Іскерлік идеялар генерациясы – ол ақпаратты жинау және нұсқаларды іздеу ғана емес, сонымен қатар, нақты іс-әрекетке және кәсіпкердің қолында бар бастапқы мүмкіндіктерге бағытталған бизнес-жоспарлау.
7. Сіздің тұлғалық және қаржылық-ұйымдастырушылық қабілеттеріңізбен бизнестің қай түрі анағұрлым қолайлы екенін анықтап, сіз іскерлік идеялар іздеу секторын тарылтып, қажет бағытта сырғыта аласыз.
8. Ұқсас бизнес идеяны таңдау кезінде,міндетті түрде табысты иесімен қарым-қатынас жасау өте пайдалы.
9. Бастапқыда теңдесі жоқ идеяларды іске асыру неғұрлым қиын. Тәжірибесін пайдалануға болатын ізашардың болмауы әсер етеді. Әдетте, осындай жобалар үлкен инвестицияларға мұқтаж, ал сенерлік прецеденттер жоқтығынан банктер мен инвесторлар оларды қаржыландыруға әрең келіседі. Алайда, дәл осындай идеялар ең үлкен капиталдарды алуға мүмкіндік береді.
10. Бизнес идеяны таңдау онша маңызды емес. Естен шығармаңыз, ең үлкен бастапқы капитал– бұл сіздің мақсаттылығыңыз, батылдығыңыз, көздеген мақсатқа жету үшін жігерлігіңіз және еңбекқорлыққа ұласқан ақыл.
Достарыңызбен бөлісу: |