Сөж орындаған: Түменбай Ы. Н тексерген: Атанбаева Г. К факультеті: Тарих, археология және этнология Мамандық: Тарих (ғылыми) 1-курс Жоспары



бет4/6
Дата15.03.2022
өлшемі0.78 Mb.
#456295
1   2   3   4   5   6
charlz-darvindің-evolyutsiya-teoriyasy

ДНҚ құрылысы және қызметі

  • ДНҚ (ДезоксирибоНуклеин Қышқылы) - бұл біздің генетикалық мәліметтеріміздің жолсерігі және барлық ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ағзамыздың қан жасушасынан өзге барлық жасушасы біздің ДНҚ- көшірмесіне ие. Адам баласы ұрықтану кезінде әкесі мен анасынан ДНҚ алады. Біздің әрқайсымызда 23 хромосома бар. Оның әрбір жұбының бірі әкесінен екіншісі анасынан алынған. Бұл 23 хромосома ядролық ДНҚ ретінде де белгілі, себебі ол әрбір жасушаның ядросында (қанның қызыл жасушасынан өзге) жатады. 23-ші хромосома – бұл жыныстық хромосома. Анадан - әрқашанда Х-хромосома алынады. Ал, Әкеден бала Х-хромосомасын немесе Y-хромосомасын еншілеуі мүмкін. Әкеден алынған X-хромосома ол қиылыса отырып XX айналады да, әйел жынысына тән болады. Y-хромосома ол қиылыса отырып XҮ айналады да, сәбиге ер жынысын беретін болады. Біз сонымен қатар, еркектен берілмей тек анадан ғана берілетін митохондриальды ДНҚ (мтДНҚ) мирас тұтамыз. Митохондриальды ДНҚ жасуша ядросының сыртында орналасқан.
  • ДНҚ төрт негіздемеден тұрады: аденин (А), цитозин (C), тимин (T) және гуанин (G). Бұл негіздемелердің реті ДНҚ ізбасары деп аталады. Әркезде оның салалық негізі шиыршықтың бір жағында болғанда, оның қосымша негізі екінші жағында орналасады. Негіздің әрқашанда қосымша жұбы қалай болатындығы мысалда көрсетілген (суретті қараңыз). Гуанин (жасыл) әрқашан цитозинмен (қызыл), ал, тимин (сары) аденинмен (көк) жұп құрайды. Сондықтанда кез келген осы шиыршықпен ДНҚ ізбасарын жаза аламыз. Келтірілген мысалда бір жағы былай: A G T T C C A G, ал, келесі жағы автоматты түрде - T C A A G G T C деп оқылады.
  • Ген деген не? Барлық жерде Ген туралы айтылады. Гендер – бұл, ақуызды (РНҚ) кодтау туралы мәліметтер жинақталған ДНҚ-ның белгілі бір бөлшектері. Гендер ағзада және сыртқы белгілерде болып жатқан барлық үдерістерге жауапты, көздің түсіне, мұрынның пішініне және т.б. Тіпті мінез-құлықта тұқым қуалай отырып – генмен анықталады. Бірақта, ДНҚ-ның көп бөлігінде ген жоқ болғандықтан, оны «қоқыс бөлігі» деп атайды. Барлық хромосомалар араласуға (әрекеттенуге) ұшырайды – сондықтан бұл күрделі үдеріс, әрбір жұп хромосомалар бір-бірінің түрлі үзінділерімен айырбасталып отырғанда, мыңжылдықтардан мыңжылдықтарға еш өзгерместен ұрпақтан ұрпаққа берілетін бір ғана хромосома бар, ол, «жыныстық» – Y-хромосомасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет