Сөж орындаған: Түменбай Ы. Н тексерген: Атанбаева Г. К факультеті: Тарих, археология және этнология Мамандық: Тарих (ғылыми) 1-курс Жоспары



бет3/6
Дата15.03.2022
өлшемі0.78 Mb.
#456295
1   2   3   4   5   6
charlz-darvindің-evolyutsiya-teoriyasy

Тіршілік үшін күрес

Қорғаныштық бояу – ол қоршаған ортаның түсіне сай жануарлардың түстерінің сәйкестігі. Сол себептен олар дұпашдарына аз байқалады. Мысалы, шөлдерді мекен етушілер әдетте құмның түсіне ұқсайды. Солтүстік және қоңыржай ендіктердің құстары және аңдары қанық жазғы бояулар қысқа қарай ақпен алмастырылады.

  • Түр түзілік механизмін зерттеуде Дарвин жаңа қолтұқымдар жасап шығарудың, әсіресе үй жануарларының, кептердің дараларын ау туралы мәліметтерді қолданды. Ол үй кептерлерінің барлық қолтұқымдары бір түрден көк кептерден пайда болғандығын дәлелдеп шықты, олардың алуантүрлілігі селекционерлердің өздерінің алдына қойған мақсаттарына орай өзгеріп отырды. Сол кезде кептерлердің түрлі қолтұқымдары арасындағы аралық формаларды селекционерлер көзін жойып отырғандықтан, ол формалар кездеспейді.
  • Ч.Дарвин табиғаттағы түрлер табиғатта сұрыптау әсерінен де пайда болатынын болжады. Артықшылыққа өз ататегіне физиологиялық құрылысы жағынан ұқсамайтын түрлер ие болады, ал аралық формалар тіршілігін жояды. Бұл бір-бірінен ажыратылатын белгілері бар формалар өздерінен кейін сапалы ұрпақ қалдырып, әлсіз тіршілік үшін күресте ары қарай тіршіліктерін жалғастырумен сипатталады. Себебі олар бір-бірімен аз бәсекелеседі, нәтижеде белгілердің ажырауы орын алады. Олар түр ішінде жаңа даралар топтарын құруға бастама береді. Дарвиннің ойынша, тірі организмдер өз белгілерімен нақтырақ ерекшеленетін болса, осындай топ даралары берілген территорияда ұзақ уақыт тіршілік ете алады. «Тіршіліктің үлкен сомасы, — деп жазады ол, — құрылысының алуантүрлілігімен іске асады».
  • Дарвиннің эволюцияның дивергенттік сипаты туралы ілімі монофилия принципіне сүйенеді, ол бойынша бір түрге жататын барлық түрлер бір түрдің ұрпақтары және бір түрдің тұқымдас туыстары бір діңнен таралған. Осылайша, шығу тектің бірегейлік заңы бүкіл жануарлар және өсімдіктер әлеміне таралады.
  • Дивергенция процесін Дарвин иллюстрациямен де түсіндіріп өткен болатын. Егер қандай да бір А түрінің ұрпақтары одан бірнеше белгілері бойынша алшақтаса, онда осы ұрпақтар арасындағы түраралық күресте өте бейімделгіш ұрпақтар тірі қалып, ары қарай ұрпақ қалдырады. Осы принципте Дарвин айтқандай, тірі организмдердің алуантүрлілігі жатыр
  • Дивергенция таксондардың эволюциясының негізгі формасы саналады, бірақ оның басқа да түрлері кездеседі. Егер, түрлі топтың жануарлары қоршаған ортаның бірдей жағдайларына түссе, оларда эволюция барысында ұқсас белгілер дамуы мүмкін. Мұндай процесті Дарвин конвергенция деп атады. Секіргіш сүтқоректілердің дене пішіні мен аяқтарының, теңіз бауырымен жорғалаушыларының және теңіз сүтқоректілерінің дене пішіндерінің ұқсастықтары осылайша пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет