Сөж орындаған: Түменбай Ы. Н тексерген: Атанбаева Г. К факультеті: Тарих, археология және этнология Мамандық: Тарих (ғылыми) 1-курс Жоспары



бет5/6
Дата15.03.2022
өлшемі0.78 Mb.
#456295
1   2   3   4   5   6
charlz-darvindің-evolyutsiya-teoriyasy

Тірінің құрылымдық деңгейі

  • Тіршілік дегеніміз — тірі ағзалардың ұрпақ қалдыру аркылы өмір сүруінің ерекше сапалық көрінісі. "Тіршілік" ұғымына алғаш анықтаманы Ф.Энгельс берген. Оның анықтамасы бойынша, тіршілік дегеніміз — тірі ағзалардың коршаған ортамен тұрақты түрде зат алмасуына негізделген, нәруызды денелердің тіршілік ету тәсілі. Тірі азғалар мен қоршаған орта арасында зат алмасу процесі тоқтаған кезде, нәруыздар ыдырап, тіршілік жойылады. Қазіргі кезде биология ғылымдарының соңғы ғылыми жетістіктеріне сүйене отырып, тіршілікке мынадай анықтама беріледі. Тіршілік дегеніміз — құрылымы нәруыздар (белоктар) мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын, өзін-өзі реттейтін, өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдырып отыратын тірі азғалар жиынтығының ашық жүйесі. Тіршілік ұғымындағы негізгі орында — нәруыздар мен нуклеин қышқылдары тұрады. Өйткені бұл қосылыстар барлық тірі азғалар жасушаларының түрлі құрылымдық түзілістерінің құрамында кездеседі. Табиғаттағы барлық тірі азғалар бір-біріне ұқсас біркелкі құрылымдық деңгейлерден тұрады. Бұл, жалпы, тірі ағзалардың бәріне тән биологиялық заңдылық болып саналады.

Тіршілік деңгейлері:

  • молекулалық,
  • жасушалық (клеткалық),
  • ұлпалық, мүшелік,
  • ағзалык,
  • популяциялық- түрлік,
  • биогеоценоздық және
  • биосфералық деп бөлінеді.

Молекулалық деңгей. Бұл — тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі ағза құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин қышқылдарыннәруыздардыңкөмірсулардың, т.б. органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады. 

Жасушалық деңгей. Жер бетіндегі тірі ағзалардың көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі—жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет