Тьютор –ерекше балаларды қолдаушы
1. Лайықты оқу тапсырмаларын әзірлеу. Баланың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін нақты білетін, осындай баламен жұмыстағы арнайы педагогикалық технологияларды меңгерген тьютордың сыныпта болуы мұғалімге балалар үшін деңгейі сәйкес келетін оқу материалын таңдауға көмектеседі. Осының нәтижесінде барлық оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері қанағаттандырылады және барлық балалардың ерекше қажеттілігі бар балалардың ерекшеліктерін түсініп, қабылдаған жағдайында, балалар ұжымының ынтымақтастығының қажетті деңгейі қалыптасады.
2. Кез келген туындаған мәселені тиімді шешу. Бұл жағдайда тьютор әдеттегі мұғалімнің серіктесінің рөлін атқарады, арнайы білім, білік және дағдының жоғары деңгейін меңгерген ол мұғалімге қажетті кеңестер береді. Тьюторлық қолдау кейбір әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді тиімді шешуге қажетті ресурс ретінде анықталады. Барлық балаларды білім беру ортасына табысты қосуға көмектесетін балалар ұжымындағы өзара қатынасты құру тьютордың жеке көзқарасына да байланысты болады.
3. «Треккинг» (мүмкіндігі шектеулі баланы оның білім алуда ерекше қажеттілігіне байланысты басқа оқушылардан уақытша оқшаулау) және «стримингтің» (мүмкіндігі шектеулі баланы инклюзивті сыныпқа және одан қандай да бір табыстарға жеткен оқу және\немесе әлеуметтік әрекеттердің компонентеріне қосу) стратегияларының бірігуі. Тьютор мұғалімнің көмекшісі ретінде оқытудың құрамдастырылған тактикаларын жүзеге асыруға көмектеседі, балалар жеке оқу пәндері бойынша өздерінің қабілет деңгейіне сәйкес топтасқанда, сыныптың әлеуметтік аспектісі және басқа да кейбір оқу пәндері, қабілеттері әр түрлі оқушылар жалпы топтарға біріктірілген мейнстриминг мәнмәтінінде өтеді. Осыған байланысты тьютордың рөлі әрбір бала үшін бірыңғай бастау сәтін ұйымдастырудың және қалыптастырудың медиаторлық стратегиясын жүзеге асырумен байланысты болады. Бұл мәнмәтіндегі тьюторлық көмекті жүзеге асырудың негізгі талаптарына арнайы мұғалімнің өзінің икемділігін көмекке мұқтаж баланың жеке ерекшеліктеріне бағдарлау жатады.
4. Жақсартуды жете қадағалау. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баламен тьютордың жүргізген жеке жұмысы оған оқыту процесінің динамикасын терең сезінуге және баланың әлеуметтік және оқудағы жетістіктерін ерекшелеуге мүмкіндік береді. Инклюзивті сынып мұғалімі үшін 8 берілген талдау балалардың жеткен жетістіктерін есепке алуға және жаңа талпыныстарын ескеруге мүмкіндік береді, бұл балаларға әлеуметтенудегі өздерінің келешектерін жақсартуға және қоғамға қосылуға көмектеседі.
Инклюзивті сыныптағы тьютордың рөлін бұлайша түсіну тиімді, себебі мүмкіндігі шектеулі баланы қолдаудың терең жүйесін құруға және осымен бір мезгілде инклюзивті сыныптың бірыңғай команда ретінде қызмет атқаруына көмектеседі. Тьютордың сыныпта болуы мұғалімнің ұйымдық және үйлестіру жұмыстарын жеңілдетеді, осыған байланысты инклюзивті оқу-тәрбиелеу жұмыс стратегиясын толық әзірлеуге қол жеткізеді.
Инклюзивті сыныптағы тьютордың атқарымдық қолданысын ұғынуды педагогикалық технология ретінде талдау жұмыстың тьюторлық стратегиясын жалпы білім беру процесіне енгізудің қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдейді, бұл жағдайда инклюзивті білім беру процесінің барлық субъектілеріне қатысты белгілі бір өнімділікке қол жеткізуге болады.
Тьюторлық рөлді барабар түсіну оқу-тәрбиелеу жұмысындағы жалпы психоэмоциялық атмосфераны тұрақтандырады, бұл педагогикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сәйкес қызмет атқарушы тьютор мұғалімнің жеке және топтық сабақтарды өткізу мүмкіндігін жеңілдету үшін балалар ұжымында командалық атмосфераны құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде осындай практика әдеттегі сыныптағы ерекше қажеттілігі бар баланы оқыту фактісін қалыптандырады, ол жергілікті инклюзивтік қауымды құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда әлем елдері инлюзивті білім беруді балаларды кез келген түрде шеттетуді болдырмайтын, барлық тұлғаларға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай жасауды қарастыратын идеологияға негізделген оқытуды ұйымдастырудың перспективті формасы ретінде мойындайды. Осы орайда «инклюзивті қоғамға көшу» адамдар арасындағы айырмашылықтар тұрақтылық қауіпі ретінде емес, өзара бір бірін байыту қоры ретінде қарастырылатын әлеуметтік қарым-қатынастарды қалыптастыру терең және күрделі процесс екендігін түсінген жөн.
Инклюзивті білім беруді әрбір адамға өз қабілеттерін іске асыруға және әлеуметтік, саяси, экономикалық процестерге араласу мүмкіндігін берумен байланыстыра отырып, бала мен оның қажеттіліктері проблема болып табылмайтынын ұғынған жөн. Білім жүйесі, білім беру кеңістігіндегі адамдардың ойлау жүйесі өзгеріп, трансформация процесіне ұшырауы керек.
Инклюзивті процестерді іске асыратын заманауи мектеп толерантты қоғамның және жоғары инклюзивті мәдениеттің нышаны бола отырып, ең алдымен толығымен және сөзсіз инклюзивті білім берудің сегіз негізгі принциптерін қабылдап сақтауы қажет:
1. Адам құндылығы оның қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталмайды.
2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3.Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4.Барлық адам бір - біріне қажет.
5.Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6.Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8.Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі (ЕБҚ) бар балаларды қолдауды ұйымдастыру бойынша шетелдік тәжірибеге шолуды жүзеге асыруда кеңестік дефектологиялық ғылым мен арнайы білім жүйесінің бай мұрасы бар таяу шетелдің тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінді. Бүгінгі таңда кеңестік жүйеден шыққан барлық елдер трансформация мен интеграция процестерінен тұратын білім беру жүйесін жаңғырту жолымен жүріп келеді. Бұл процестердің мәні бір болғанымен, әрбір ел өз жолын ұстанып келеді. Көптеген тиімді кіріктіру модельдері арасындағы айырмашылықтар инклюзивті білім беру қоғамдастығын ұйымдастыру әдістері оқыту технологиялары, көмек беруші қызметкерлердің рөлі, оқыту бағдарламаларын өзгерту тәсілдемелері, жағымсыз мінез-құлықты түзету және алдын алуға қатысты болады.
АҚШ-тың арнайы білім саласындағы қазіргі заманғы саясаты жалпы және арнайы білім беруді біріктіру болып табылады. Бұндай біріктіруді жүргізудің үш негізгі тәсілдемесі ұсынылады: негізгі бағыт, жалпы білім бастамасы, қосылу. Бұл тәсілдемелер арнайы білім саласында қызу талқыға түсуде.
«Негізгі бағыт» дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы мектеп сыныптарына орналастыруды қарастырады. Оның қажеттілігі бұл балалар қоғамда болатындығына байланысты оларды әлеуметтік және оқу әрекетіне қосуға ықпал ету үшін мектепке жіберу керек.
Мектепке ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды анықтау міндеттемесі жүктеледі. Заң арнайы білім алуға ғана емес, сондай-ақ қосымша қызметтерді (көлік, логопедиялық сабақтар, психолог көмегі, аудиологиялық тексеру және т.б.) алуға да құқық береді. Заң бойынша әрбір балаға жазбаша тұжырымдама және жеке оқу бағдарламасы құрылады және даму бұзылыстары бар балаларды міндетті түрде мүмкіндігінше жалпы білім беру мектептерінде оқытуға, сондай-ақ оларды бұзылыстары аз ортаға қосуға міндеттеме алады.
Зерттеулер кіріктіру моделін жүзеге асыруда, ең алдымен қарапайым балалармен қатар дамуында әр түрлі ауытқулары бар балаларды оқыта алатын мұғалімнің құзыреттілігіне қойылатын жоғары талаптарға байланысты қиындықтар туындайтынын көрсетеді.
Шведтік білім беру жүйесінде жалпы ұлттық жоспарлау және басқару элементі өте маңызды. Оқытудың мақсатын, ұзақтығын, білім беру бағдарламаларын қаржыландыруды Парламент шешеді. 1989 жылға дейін үкімет те жалпы білім беру бағдарламаларын құруға қатысқан.
Соңғы жылдары Швецияда білім беру саласында көптеген реформалар жүргізілді. Оның ішінде ең бастысы жүйеге және жеке оқу орындарына үлкен дербестік беру, сондай-ақ оқушылардың мүмкініктерін кеңейту мақсатындағы орталықтандыруға қол жеткізу болды. Мектепте оқыту бойынша көптеген мәселелерді шешуге қатысуға муниципалитеттер ғана емес, оқушылар ұжымы мен ата-аналар да құқық алды. Енді Білім беру министрлігі оқыту бағдарламаларының тек жалпы мақсаттарын ғана бекітеді.
Оқыту әдістәсілдерін, материалды таңдау, жұмыс талабы мен жалақы мөлшерін, оқу процесін ұйымдаструдың барлығы қазір мектеп директорлары мен мұғалімдердің құзыретінде. Сонымен, ата-аналардың мектепті өз баласының жеке ерекшеліктеріне қарай таңдау мүмкіндіктері кеңейді.
Швецияда балалық шаққа көмек көрсету жүйесі жоғары құрамдастырылған, құрылым орталықтандырылған. Көмектің әрбір түрі әкімшілік, құқық және қаржылық тұрғыда дербес мәртебесі бар арнайы мемлекеттік мекеменің бақылауында болады. Аймақтың кеңесі (коммуна) жанында әрекет ететін муниципалдық Балаларды оңалту орталығының арнайы педагогы ата-аналар мен мектеп мұғалімдеріне кеңес береді. Баланың мүмкіндігіне қарай, олар бірігіп, орындалуы үшін мектеп мұғалімі жауап беретін жеке оқу жоспарын құрады. Қажет болған жағдайда педагог-ассисент шақырылады.
Шведтік Арнайы білім беру агенттігі (SIH) жанұя мен мектептерге кеңес беру мен оларға қолдау көрсетуге жауап береді; практикада кеңес беруді нақты баламен жұмыс істейтін кеңесші жүзеге асырады. SIH кеңесшісі оқу пәндеріне қатысты ұсынымдар береді; муниципалды үкіметке ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмек береді.
Әр түрлі мемлекеттердің инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибесі де біркелкі емес. Мысалы, Финляндия, Норвегия, Италия және Канадада бірнеше онжылдықтар бойы шамамен мектептердің барлығы инклюзивті болып табылады. Ал Германияда бұндай біріктіріп оқыту басқа батыстық елдерге қарағанда кейінірек тәжірибеге ене бастады. Салыстырма ретінде, бүгінгі таңда Норвегияда мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 95 %-ы жалпы мектепте оқытылса, ал Германияда бұл көрсеткіш 22%-ды құрайды.
Кәсіби ортада бұл мәселе бойынша қажетті ақпаратты тарату жүзеге асырылуда.
Оқытушыларды даярлау саласында елеулі өзгерістер байқалады. Алдымен инклюзияға құндылық деңгейіндегі қарым-қатынас қалыптастырылады, содан соң оқу процесін ұйымдастырудың нақты принциптері талқыланады.
Германияда мұғалімдерді даярлаудың үш моделі бар.
Кейбір жерлерде арнайы педагогтер мен пән мұғалімдерін оқыту курстары бір бірінен тәуелсіз жүргізілетін ескі модель сақталған.
Екі университетте алдымен жалпы және арнайы педагогика мен психологияға байланысты мәселелер қарастырылатын негізгі даярлық жүргізіледі де, содан соң пәндер бойынша мамандандыру басталады. Бұндай оқу орнының түлегі, мысалы, физиканы ерекше балаларға үйрете отырып, бүкіл сыныпты оқыта алуы керек. Ол жалпы білім беретін мектеп мұғалімі және арнайы педагог деген екі диплом алады. Алайда, бұл дамуында жеңіл бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеуге қатысты.
Сондай-ақ басқа педагогикалық университеттерде жүзеге асырылатын даярлаудың аралас моделі бар. Онда студенттер үшін (болашақта мектепте оқытатын пәніне қарамастан) инклюзивті тәсілдеме бойынша даярлықты қарастыратын арнайы міндетті пән енгізілген. Бұл оқытылатын қалған курстардың сағатын біраз қысқарту арқылы іске асырылады.
Берлиннің инклюзивті мектептерінде жалпы және арнайы педагогтердің өзара әрекеттестігі қалай ұйымдастырылатынына тоқталсақ. Оның екі моделі бар:
1. Жалпы білім беретін мұғалім мен арнайы педагог оқытатын пәндерді өзара бөлісе отырып, сыныпқа бірдей жауап береді. Сонымен қатар, арнайы педагог мұғалімге ерекше балаларға қатысты кеңес береді, оларды оқыту барысында туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі, әріптесіне қателіктерін түсіндіреді. Оған арнайы уақыт бөлінеді.
2. Сыныппен жалпы мұғалім жұмыс істейді, ал арнайы педагог аптасына 5 сағат сабақтарға қатысады. Ол ерекше балаларға да, мұғалімге де көмектеседі. Бұл жағдайда сонымен қатар, арнайы педагогтің басқа мұғаліммен проблемаларды талқылауына да уақыт бөлінеді. Қазір Берлинде бастауыш мектепте орта есеппен 25 бала оқитын сыныпта 5 ерекше бала, олардың бір немесе екеуінде күрделі ақыл-ой кемістігі болады. Орта мектепте 23 оқушысы бар сыныпта үш-төрт бұзылысы бар бала оқиды. Берлиндегі вальдорф мектебінде инклюзияны енгізу тәжірибесіне толығырақ тоқталсақ. Бұл оқу орны мемлекетпен де, материалдық мүмкіндігіне байланысты ата-аналармен де қаржыландырылады. Берілген мектепке баруды қалайтындар саны, әдетте, оның қабылдай алатын бала санынан үш есе көп. Мектепке қабылдаудың негізгі факторы отбасының материалдық жағдайы емес, баланың білім беру ортасына қосылуы болып табылады.
Қорыта келгенде, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, тьюторлық – қызметтік міндеттер қатарын игерген маман. Ерекше білім беругеқажеттіліктері бар балаларды оқу күні барысында сыныпта, жеке сабақтарда, үзіліс кезінде, басқа да шараларды орындауда тікелей қолдауды жүзеге асыратын педагог. Тьютордың негізгі міндеті – білім беру ортасында бейімделуде, білім беру дағдыларын, бейімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда балаға, оның ата-анасына, мұғалімге және білім беру процесіне басқа да қатысушыларына көмек беру. Тьютордың қолдау бойынша әрекетті ұйымдастырушы маман ретінде өзгермелі тұлғамен бірге жылжып, мұғалімге қажетті қолдау мен көмек көрсете отырып, онымен бірге жеке білім беру бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға көмектеседі. Осылайша, тьютор әрекетінің мақсаты ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және білім беру арқылы тұлғаның білім беру әлеуетін, өзін өзі дамыту әлеуетін толыққанды іске асыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |