Эмоционалды-ерік сфераларының дамуы бұзылған балалардың ерекшеліктері және оларды педагогикалық қолдау
Эмоционалды дамуы бұзылған балалардың психологиялық – педагогикалық сипаттамасы
Эмоциялық-еріктік аумақтың қалыптасуы бала тұлғасының қалыптасуындағы маңызды шарттардың бірі болып саналады. Эмоциялық аумақтың дамуына отбасы, мектеп, баланы қоршап тұратын және оған үнемі әсер ететін өмір жағдайлары ықпал етеді. Ақыл-ойы кем балалардың эмоциялық-еріктік аумағын мақсатты түрде зерттеу мінез-құлық бұзылысының негізгі себебі баланың өз кемістігін сезіну, қолайсыз орта және басқа да жағдайлар болатынын анықтауға мүмкіндік берді.
Эмоциялық–еріктік аумақ білім, білік, дағдыларды игеруде, сондай-ақ, айналадағылармен қарым-қатынас орнатуда, баланың мектепте және мектептен тыс жерлерде әлеуметтік бейімделуінде үлкен рөл ойнайды. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан күрделі жаңалықтар, өзгерістердің кемтар балалар мәселесіне де байланысты екендігі айқын. Атап айтқанда, ақыл-ойы кем балалардың дұрыс тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына көп көңіл бөлініп, олардың іс-әрекеттеріне және барлық қасиеттерінің ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізіліп, өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Сонымен қатар мұндай балалардың біліміне, іскерлігіне, қабілетіне, эмоциялық ерік жігеріне ден қойылып, арнайы мектептер, үйірмелер, бала - бақшалар ашылды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу, ойын, еңбек үстіндегі қоршаған ортасымен эмоцианалды қатынасы бақыланып, жағымсыз эмоциялардың жойылуы үшін әдістемелер пайдаланып, қолға алынған тиімді шара. Түрлі ауытқушылығы бар балалардың эмоционалды күйлерін бір-бірімен және қалыпты күйдегі балалармен салыстыру қандайда бір қорытындының щығыуына себепші бола алады. Өмірге келген әр кемтар баланың қыр-сырын білу үшін жан-жақты бақылаулар жүргізіледі.
Мінез-құлқы, эмоциясына байланысты бұл балаларды мектеп жасына жеткеннен - ақ қоғамдық өмірмен, жаңа ортадағы өз міндеттерімен таныстырамыз. Осы кездерде кемтар балалардың өздерінің ішінен қабілетті, эмоциялық ахуалын қалыпты меңгере алатындарын көре аламыз.
Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатынас жасауын қиындатады. Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріндегі мінез-құлқының ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді.
Олигофрен баланың психологиясы ақылы кешеуленген бала психологиясының өзіндік дамуын зерттеумен айналысып, олардың жекелік тұлғасын қалыптастыруға, оқу және тәрбиедегі тез өзгеру мінезінің даму жолдарына ыпал жасайды. Олигофрен баланың тұлғалық негізгі мінездемесіне оның эмоционалды ахуалының пісіп жетілмегендігі жатады. Эмоция және сезім тұлға дамуында негізгі рольге ие. Олигофрен балада эмоциялық ахуалдың алғашқы дөрекі өзгерулері психопатологиялық өзіндік бейненің құрылу мінезіне, оның жаңа қарсылық сапасына, негізгі психологиялық ахауды күрт ауырлататын түзетуіне байланысты. Міне сондықтан да ақылы кешеуленген баланың эмоциясы мен сезімін, қалыптасуын және тәрбиеленуін оқып-білу өте маңызды. Басқада балалар сияқты ақылы кешеуленген балалар да өздерінің өмірлік ағымына байланысты дамып отырады. С.Л.Рубинштейін белгілегендей, ақылдың кешеуленуі терең деңгейде болса да, психика дамиды. Психика дамуы-бұл балалық шақтағы ағзаның кез-келген ең ауыр паталогиясынан өтіп шығатын өзгешелігі. Ақылы кешеуленген балаларда өзгешелік (спецификалық) психикалардың дамуымен қатар, жас балалық шақта өзіндік эмоциялық ахуалдар да өтеді. Ақылы кешеуленген баланың эмоция және сезімінің пісіп жетілмеуі бірінші орында оның қажеттілігінің дамымауымен, мотивтер және ақылының дамуымен ерекшеленетіндігімен ескерілген. Оқушы олигрофеннің тұлғалық жетілмегендігі, ойын қалыпты жағдайдағы оқушы сияқты олигофрен бала үшін де әлеуметтік тәжірибені меңгеру үлгісі қажет болмайды. Сондықтан да баланың белсенді ойнай білуін ақылы кешеуленгендіктің диагностикалық көрсеткіші деп атайды. Осыдан олигофрен баланың жаңа қажеттіліктерге білімқұмарлыққа, танымдық қызығушылықтарға әсерленгіш екендігі байқалып, жаңа қызметтер түрінің орындалуына талаптануы төмен екендігі анықталды. Мүмкіндігі шектеулі бала денсаулығына ерекше ықпал етуді қажет етеді. Оның тұлғасының қалыптасуын тиімді басқару үшін баланың барлық жас кезеңдеріндегі дамуының спецификасын, соның ішінде эмоционалды сферасын түсіндіретін психологиялық заңдылықтар туралы терең білім қажет. Көмекші мектеп ондағы тәрбиеленушілерде ұжымдық сезімді, оларға қамқор болып отырған ересек адамдарға сыйластықты және еңбек пен оқуда қол жеткізген жетістіктеріне қанағаттану сезімін қалыптастыруға бейімдейді. Осы мақсаттарға жету жолында көмекші мектеп педагогтарына алдында ақыл – ойы кеміс балалар дамуының ерекшеліктерімен байланысты көптеген қиындықтар тұр. Уайымдау мәселесі қазіргі заманғы психологиялық ғылымның приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясы шеңберіндегі теоретикалық өңдеулерді біз ақыл-ойы кем балалар тұлғасының эмоционалды-ерік сферасын зерттеу кезіндегі приоритеттік әдістемелік негіз ретінде қарастырамыз. Бұл теоретикалық жағдайларға байланысты биологиялық факторлар баланың психикалық дамуының шарттары болып табылады, оның әлеуметтік қайнар көзі, ал қоршаған ортамен белсенді қатынаста болу-оның әрекет ету күшін білдіреді. Бала қоршаған ортамен қатынас поцесіндегі қоғамдық тәжірибені белсенді түрде меңгеретін дербес субъект болып табылады.
Ақыл-ес кем балалардың эмоция мәселелерін өңдеулер 30-жылдарға жатады, ол кезде Л.С.Выготский ақыл-есі кемдіктің жаңа сұрақтарын теориялық түрде өңдеген. Ақыл-есі кем баланың жоғарғы психикалық қызметтерінің интелектуалдық әрекетін дамыту және түзету процесінде интеллект пен аффект қатынасының өзгерісі жайлы жағдайлары оның негізгі болып табылады, ол кезде өзінің мінез-құлқы мен әрекетіндегі интелектуалдық саналы регуляция қабілеті өседі, онда сезім мен аффект алғашқы жетекші рольді алады. Эмоционалды ортаның ықпалы олигофрен-оқушының кемістігін түзеуге әсер етуі мүмкін. Алайда егер де пайда болған эмоциялар балада өлшеммен талқыланбаса, онда жалған талқылау пайда болады. Кейде реттелмеген сыртқы аффект балалардың тұлғасын қайта бағалауға, ұжымдағы дұрыс емес көзқарастарға, жағдайларға әкеледі. Олигофрендердің сезімдері мен эмоцияларының ерекшеліктерін аша отырып, М.С.Певзнер (1959) кейбір балаларда олардың пайда болуы тежеулі, жай өтетіндігін айтып өтті. Олар ықпал етуші тітіркендіргіштерге немқұрайлықпен қарайды, индифферентті болып табылады. Бірақ балалардың біраз бөлігінде эмоционалды-ерік аймағы қатаң бұзылыстарды иеленбейді. Алайда олигофрендердің сезімдері жеткіліксіз дифференциалданған, ал уайымдардың диапазоны шектеулі, қуаныш пен өкініш көріністеріне қарағанда сезімдердің қарапайым көріністері жиі байқалады. Кейбір ақыл-есі кем балаларға сезімнің адекватсыз көріністері тән.
Алғаш рет көмекші мектеп оқушыларының эмоционалды-ерік аймағының динамикасын М.С.Певзнер мен В.И.Лубовский (1963) зерттеген. Олигофрен балаларды алғашқы оқу жылынан бастап бітіргенге дейінгі уақытта кешенді түрде зерттеу арнайы түзете ықпал етудің әсерінен психикалық процестер, соның ішінде эмоционалды аймақ пен мінез-құлық қалай өзгеретіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудегі ерекше бағалы олигофрен-балалардың түрлі клиникалық нұсқасындағы тұлғасының даму динамикасы болып табылады. Егер де оқытудың алғашқы кезінде қозғыш олигофрендердің психологиялық ерекшеліктері психопотологиялыққа ұқсас болса, онда жоғарғы сыныпта олардың эмоционалды-ерік аймағында жағымды жылжу байқалады. Едәуір анық жылжу тежеулі олигофрендерде байқалған. Эмоциялық ахуалдың бұзылу нышандарына ашушаңдық , жоғарғы қозғыштық, қозғалудағы мазасыздық, бір орында отыра алмаушылық, жанама түрдегі мотивацияның болмауы дәлел болып отыр. Қалыпты жағдайдағы оқушымен салыстырғанда олигофрен балада әлеуметтік сезімі қалыптаспаған. Оқу кезеңіндегі оқу жасындағы баланың эмоциялық ахуалының пісіп жетілмегендігін, оның тапсырманы толық орындай алмауынан байқаймыз. Бұл мектеп жасындағы баланың даму кезеңдерінде бірдей орын алмауымен ерекшеленді және баладан мүлдем жаңа психикалық әрекетті талап етеді.Егер, мектеп жасына дейінгі бала ойын және қатынас жасау әрекеті арқылы дамыса , мектепте ол қатаң бағдарламалық талаптарғатүседі.Жүргізуші әрекет ойын түрінен оқуға ауысады, және мотивтер құрылады.Негізгі мотивке мұғалімнің жөн көрсетуі жатады .
Олигрофрен баланың-(амандасу, сенгіштік, қызығушылық) эмоциясы жақсы дамыған. Мұндай балалар қызметтерді өздері атқара алмай, бір жұмыстан екінші жұмысқа тез ауысып отырады. Ойын ойнау кезінде басқа балалардың істеген әрекеттерін қайталайды. Ойын ойнау кезінде басқа балалардың істеген әрекеттерін қайталайды. Сонымен қатар, олигофрен балаларда эмоциясы мен сезімі мінезіне сай емес уақытта өзгеріп кетеді. Кейбір балалардың өмірлік жағдайларды қабылдауы тым жеңіл болады. Ақылы кешеуленген баланың ойы шашыраңқы, толық пісіп жетілмеген, әлсіз болады. Олар көбінесе сандырақтап, балада жоғарғы сезімдер қалыптасады. Осындай балалардың эмоция және сезімдерін оқып, білу үшін оның мінез-құлқын және психикалық ақауының не себептен болғанын біліп, алып оған дұрыс тәрбие беріп жатыр ма? жоқ па? Екендігін анықтаған жөн.
Баланың толық дамуы үшін оның ең алғашқы күнінен бастап анасымен жан-жақты байланыста болуды қажет ететіндігін зерттеулер көрсетіп отырғаны айқын. Мұндай байланыстың жоқ болуы баланың жүйкелік психикасын қолайсыздыққа ұшыратып қана қоймай, оны түзету үшін көп күш жұмсауды талап етеді. Баланың әрбір қобалжып, қиналуы оның дұрыс дамуына және көрсетілген көмек нәтижелерінің теріс болып шығуына жол ашады.
Эмоция патогенетикалық факторлардың ролін атқара алады. Қазіргі кезде осындай әсерлердің механизмдері жеткілікті тереңдетіліп зерттелуде.Сөйлеу функциясының негізгісі болып, қатынас құралы ретінде эмоцияның берілуі табылады.Сөйлеудің эмоционалды айқындылығы, оның толық тәрбиеленуінің маңызды факторы. Сондықтан да баланың сөйлеуінің бұзылысы кезінде, оның эмоционалды ахуалының дамуына дем берген дұрыс. Дамуында ауытқушылығы бар балалардың көп бөлігі оларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатындағы ересектердің, қоғамның талпыныстарына қарамастан әлеуметтік-экономикалық өмірдегі интеграцияға дайын болмауы. Сонымен қатар дамуында кемістігі бар кез келген адам қажетті жағдайлар арқасында толық тұлға ретінде қалыптасып, рухани дамып, өзін-өзі материалды қамтамасыз етіп және қоғамға пайдасын тигізе алатынын зерттеу мен тәжірибе нәтижесі көрсетеді.
Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі бала ерекше ықпал етуді қажет етеді. Оның тұлғасының қалыптасуын тиімді басқару үшін баланың барлық жас кезеңдеріндегі дамуының спецификасын, соның ішінде эмоционалды сферасын түсіндіретін психологиялық заңдылықтар туралы терең білім қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |