Сөж тақырыбы: Дж. Ритцер еңбектерін пайдалана отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлерін оқыңыз және талдаңыз. Оқытушы: Арын Д. А. Студент: Байназарова Адия Мамандығы: Метеорология Алматы, 2023ж Жоспары



бет2/3
Дата12.11.2023
өлшемі70.6 Kb.
#483018
1   2   3
Метео Әлеуметтану СӨЖ

Альтруистік суицид. Дюркгейм талқылаған суицидтің екінші түрі – альтруистік суицид. Әлеуметтік интеграция өте әлсіз болған жағдайда эгоистік суицид орын алса, альтруистік суицид «әлеуметтік интеграция тым күшті» болған жағдайда туындайды . Индивид суицидке баруға мәжбүр болады.
Альтруистік суицидтің бір мысалы – 978 жылы Джонстоундағы Гайана қаласында Джим Джонс ізбасарларының жаппай өздерін өлтіруі. Олар уланған сусынды әдейілеп алып, кейбіреулері балаларына да осы сусынды ішкізген. Джонстың фанат ізбасарлары бұл қауымдастыққа тәуелді болғаны соншалық – осындай әрекетке баруға бел буған. Осындай себеппен 2001 жылғы 11 қыркүйекте Америка Құрама Штаттарында және 2014 жылғы 13 қарашада Парижде болған террорлық шабуылдардағыдай, шейіт болуға ұмтылатындардың әрекетін де Дюркгеймнің тұжырымдамасы бойынша түсіндіруге болады . Тұтастай алғанда, альтруистік суицидке баратындар бұл әрекетті өздерінің міндеті деп сезінеді. Дюркгейм бұл әсіресе интеграция дәрежесі жоғары әскери салада болуы мүмкін құбылыс екенін айтады, индивид өз кесірінен бүкіл топты сәтсіздікке ұшыратып, жолдастары алдында жауапкершілігін ақтай алмай өкінгенде, осындай әрекетке баруы ғажап емес.


Аномиялық суицид. Дюркгейм қарастыратын негізгі үшінші суицидтің түрі – аномиялық суицид – қоғамның реттеуші күштері бұзылған жағдайда пайда болады. Мұндай жағдайда адамдарда қанағаттанбаушылық сезімі тууы мүмкін. Себебі олардың толық бостандықта шексіз өрістей беретін құмарлықтары бақылаусыз болады. Аномиялық суицидтің көрсеткіштері қоғамдағы ауытқу сипаты оң немесе теріс болған жағдайлар бірдей болуы мүмкін. Кез келген ауытқулар барысында ұжым өз өкілеттігін жеке тұлғаларға қолдануға уақытша қауқарсыз болады.
Өзгерістер адамдарды ескі нормалардың енді қолданылмайтын, бірақ жаңа нормалар әлі әзірленбеген жаңа жағдайға әкеледі. Аномия – насихаттық пен нормадан тыс көңіл күй толқынын бұзатын кезең ағымы және бұл ағымдар аномиялық суицид мөлшерінің артуына алып келеді. Бұл – экономикалық депрессия жағдайында болуы тиіс жайт. Дағдарыстан кейін зауыттың жабылуы және соның салдарынан реттеуші күштер тарапынан шарасыздық танытылуы адамдардың жұмыс орнын жоғалтуына әкелуі ықтимал. Осы немесе басқа құрылымдардан адамның шеттетіліп қалуы оны аномиялық құбылыс алдында дәрменсіздікке ұрындыруы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет