2. Жерді пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі
Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгіленеді. Бұл орайда, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.
Төлемақы сомасы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органмен жасаған өтемін төлеп, уақытша жер пайдалану шартының негізінде есептеледі. Төлемақының жыл сайынғы сомалары жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органдар жасаған есеп-қисаптарда белгіленеді.
Шарт талаптары, сондай-ақ салық кодексінде белгіленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда жер ресурстарын басқару салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті орган төлемақы сомаларының есеп-қисаптарын қайта қарайды. Салық кезеңінде төленуге тиіс төлемақы мөлшері есеп-қисаптарда көрсетілген төлемақы ставкаларына және жер учаскесін салық кезеңінде пайдалану кезеңінде пайдалану кезеңіне қарай белгіленеді.
Төлемақы мөлшері Салық кодексіне сәйкес осы жер учаскесі бойынша есептелген жер салығы ставкаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.
Төлемақы сомасы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органмен жасаған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шартының негізінде есептеледі. Төлемақының жыл сайынғы сомалары жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органдар жасаған есеп-қисаптарда белгіленеді.
Шарт талаптары, сондай-ақ Салық кодексінде белгіленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті орган төлемақы сомаларының есеп- қисаптарын қайта қарайды. Салық кезеңінде төленуге тиіс төлемақы мөлшері есеп-қисаптарда көрсетілген төлемақы ставкаларына және жер учаскесін салық кезеңінде пайдалану кезеңіне қарай белгіленеді.
Төлемақы мөлшері Салық кодексіне сәйкес осы жер учаскесі бойынша есептелген жер салығының сомасынан кем болмайтындай мөлшерде белгіленеді.
Төлеудің белгіленген мерзімдерінен кейін өтімі төленетін уақытша жер пайдалануға мемлекет жер учаскілерін берген жағдайларда, төлеудің келесі (кезекті) мерзімі төлемақыны бюджетке енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады. Мемлекет өтеміне уақытша ақы төлеуге жер пайдалануға жер учаскелерін төлемінің соңғы мерзімінен кейін берген жағдайларда, жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдың 20-күні бюджетке төлем төлеу мерзімі деп есептеледі.
Өтемін төлеу уақытша жер пайдалану шартының мерзімі біткен немесе салық кезеңі басталғанан кейін ол бұзылған жағдайда, қалған мерзім үшін бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомасы, шарттың қолданылуы мерзімі аяқталған күннен бастап 15 күннен кешіктірілмей төленеді.
Төлеушілер ағымдағы төлемдер сомасының, есеп-қисабын есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді. Салық кезеңі басталғанан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалғаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |