Сөж тақырыбы: Кофе және кофе өнімдері,олардың сапасына қойылатын талаптар.Өндіру технологиясы


Кофенің сапасына қойылатын талаптар



бет3/4
Дата24.10.2023
өлшемі3.51 Mb.
#481507
1   2   3   4
СӨЖ КОФЕ ФАРИДА АЛТЫНАЙ

Кофенің сапасына қойылатын талаптар


Кофе сапасы сыртқы түрі , дәмі және ароматы бойынша бағалайды. Сонымен қатар ылғалдылығын, күлділігін, экстративті заттар, кофеин мөлшерін және тарту дәрежесін (ұнтақ кофе үшін) анықтайды. Кофе жоғары гидроскопиялы және иістер мен ылғалды тез сіңіреді.
Оны таза құрғақ, зиянкестермен зақымданбаған бөлмелерде75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтау керек. Кофе және кофелік сусындарды тығыз қағаз қораптарға және ішінде пергаменті бар пакеттерге 50-250г-нан, сонымен қатар 50-200 г-нан металл банкаларға буыптүйеді. Кофе түрлеріне және қаптау әдісіне байланысты 3-10 айға дейін сақтайды
Кофені сақтау кезінде ілестірмелі құжаттарды, қаптамасының күйін және дұрыс маркіленуін тексереді. Сапасын анықтау үшін партия өлшеміне байланысты үлгі таңдалады. Кофе сапасын органолептикалық, физико-химиялық, қауіпсіздік көрсеткіштер бойынша анықтайды.

Өндіру технологиясы

Кофе тұқымын күн көзі жақсы түсетін, ыстық климатта көшет түріне дейін жеткізіліп өсіріледі. Шамамен жарты жылдан соң көшеттер егістікке егіледі. Егістік алдын ала тыңайтқыштармен байытылады. Кофе ағашы 60-70 жылдай өмір сүреді. Егілген кофе ағаштары жыл бойы ерекше күтімде болады. Яғни арам шөптерінен тазаланып, әртүрлі зиянкестер мен аурулардан қорғану үшін өңделіп отырады. Әр кофе ағашынан шамамен 1-1,5 мыңдай жеміс алуға болады. Кофе жемістері жиналғаннан кейін алдыменен ылғалды өңдеуден өтеді. Арнайы жемісіне жұмсағын бөліп алатын машиналарда араластырылады.


Кофе жемісі 2-3 күн бактерге салынады. Аранайы күн көзі жақсы түсетін бетондық терассаларда немесе кептіру столдарында жартылай, табиғи кептіруден өтеді. Ал жартылай ыстық ауамен әсер ететін кептіру шкафтарында екінші рет кептіріледі. Бұл механикалық өңдеулер кофенің сыртқы күміс түстес қабығынан ажыратады. Ал табиғи жолмен, ылғал әсерінен жүрген ферментация процесі нәтижесінде- кофенің жоғарғы сапасы- жұмсақтық қасиеті пайда болады.[

Қорытынды


Кофе - бұл қолдан жасалған өнім. Біз ең жақсы кофені қалай дайындау керек екенін білеміз және кофе түрлерінің бір-бірінің арасындағы тұтынушыларға танымалдылығы және қолданылуы қосымшада көрсетілген. Кофе нарығының даму бағыттарының бірі бәсекелестік ортаның қалыптасуы болып табылады. Қазіргі уақытта кофе өндірісінің мамандары биохимиялық процестің маңызын біліп және түсіндіре алу керек, кофе сақтау және өңдеу, технологиялық тәртібін дұрыс таңдап, өнімдерін өңдеп, кофелердің әр түрлі болатын жағдайларды ескерту керек. Кофе- тропиктік кофе ағашының тұқымы (кофе бұршағы немесе дәні), сондай-ақ олардан дайындалатын өзіндік дәмі бар жағымды хош иісті сусын. Кофе дәнінде: клетчатка, азотты заттар, кофеин, қант, май,минералды тұздар бар. Құрамында кофеин мөлшерінің көптігіне байланысты табиғи кофеден жасалған сусындар орталық нервжүйесін қоздырады және сергітеді. Кофе шикі, қуырылған, ұнтақталған, никориймен араласқан күйінде сатыл алады. Кофенің шикі дәндерінен сусын дайындауға болады, оны шойын табаға қуырып, ұдайы араластыра отырып, қоңырқай тартқанша баяу жанған отқа ұстайды. Кофе дәндерін үйде кофе уатқышпен майдалауға болады. Кофе ұнтақ күйінде тез бұзылады, хош иісін жоғалтады, сондықтан ұнтақ кофені, қуырылған кофе дәндерін қақпақты шыны не қаңылтыр ыдыстарда сақтаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет