Сөж тақырыбы: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері



бет3/4
Дата01.03.2024
өлшемі3.92 Mb.
#493695
1   2   3   4
тарих слайд

Көшпелі тұрмыстың ерекшелігі
Ұлы даланың кез-келген көшпелі қоғамында негізгі мал шаруашылығынан бастап жер өңдеу, қалалар мен қоныстар және т.б. мәдени- шаруашылықтың бірнеше түрлері болды. Жалпы көшпелі шаруашылығы толыққанды қоғамға айналды деуге дәлелдер жеткілікті. Негізінде таза көшпелі қоғам болған емес, ол үнемі жартылай көшпелі және жартылай отырықшы сипатта өтті. Сондықтан да ғылыми әдебиеттердегі қолданылып жүрген «көшпелі қоғам» мен «көшпелі мемлекет» деген ұғымдардағы «көшпелі» сөзі шартты мағынаға ие. Дала өркениетінде Қазақстанның кең байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениетінің дамуы ежелден ерекшеленген.

Түркі көшпенділер қоғамда қалалар мен қамалдар Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ертіс, Есіл, Жайық өзендерінің аңғарында, көлдердің жағасында, таулардың бөктерінде, сауда жолдардың бойында жайғасқан. Қала мен дала біртұтас экономикалық тұрмыстың өзара байланыстағы салаларына айналды.

Белгілі зерттеуші М.Қ. Қозыбаев жоғарыда айтып өткен «Қазақ тарихы – Дала өркениетінің құрамды бөлігі» деп аталатын көлемді мақаласында түркі дәуіріндегі дала мәдениетін: «Қорытып айтсақ, Үйсін мемлекеті пайда болып, өркендеп, шығанға шыға бастаған кезде көне түрік өркниеті – Дала өркениеті бой көтерді. Түрік қағанаты – империя құрылып, түркі нәсілі бір тудың астына жиналған сәтте өркениет өзін әлемга танытты. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет - 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет. Ендеше қазақ тарихы әлемдік тарихтың құрамды бөлігі, оның әлемдік дамуға қосқан үлесі, ол – адамзат баласының мақтанышы, болашақ даму, шарықтау басқышы» [34, 24 б.], - деп көтеріңкі рухта қорытындылайды
Сондай-ақ зерттеуші жалпы көшпелі мәдениетке берілген жағымсыз бағалардың объективті себептері туралы өз ойын қорыта келе: «Сайын даладағы өркениеттің тұтастығы Ресейдің қол астына кірген кезде бұзылды. Ол Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтарын жаулап алудан басталды. 35 млн. Ресей мұсылмандарының ұлт-азаттық күресінің өркениеттік мәні бар еді. Олар ұлттық мемлекет үшін, түркі халықтарының біртұтас мәселелері үшін, діні үшін, тілі үшін күресті» [34, 24 б.], - деп әділ тұжырымдағанын көреміз.
Себебі, кезінде ұлан-байтақ аумақты алып жатқан қуатты мемлекетерін құрған, өз мәдениеті мен салт-дәстүрін барлық көрші халықтарға мойындата білген түркі халықтарының бүгінгі мұрагерлері қазақ және т.б. түркі халықтарының негізінен көшпелі мал шаруашылығына негізделген өркениеті көптеген себептермен Ресей империясының отарына айналғаннан кейін патша үкіметінің отарлау саясатының салдарынан XIX-XX ғасыр басында терең дағдарысты күйге ұшырады. Сондықтан тарихи дамудың осы кезеңінде дамуы жағынан алға шыққан халықтардың өкілдері болып саналатын шет елдік зерттеушілер көшпелі түркі халықтарының жаңа замандағы жай-күйімен таныса келе, «өркениет» ұғымы мен «көшпелілік» ұғымдарының «мүлдем сиымсыздығы» туралы қорытындыларға келіп, өз зерттеулерін осы бағытта жазған.

Зерттеуші-ғалым У.Х Шәлекеновтың соңғы жылдары жарық көрген “Түркілердің отырықшы өркениеті” атты жинағына түріктердің, соның ішінде қазақтардың отырықшы тарихына арнап әр жылдарда жазылған ғылыми еңбектерінің кейбіреулері енген. Бұл ғылыми зерттеулер Орта Азияны мекендеген түріктердің, сондай-ақ қазақтардың отырықшы өркениетіне арналған. Мәселенің археологиялық, тарихнамалық, этнологиялық, әдеби және т.б. негіздері дәлелденген. Еңбектің жалпы мазмұнында түріктердің отырықшы мәдениетінің дамуына қосқан отырықшы, жартылай отырықшы, көшпелі халықтардың үлестері мен еңбектері туралы айтылады [35].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет