Түркілік кезең Ғұндардың қоныс аударуымен моңғол өңдес белгілер ене бастады



бет1/3
Дата13.12.2023
өлшемі7.02 Mb.
#486499
  1   2   3
Қазақ хандығы

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОГЕНЕЗI

Этнос пен этногенез. «Этнос» гректiң «ethnos» –«халық» сөзiнен шыққан. «Этногенез» ұғымы халықтың құрылу үдерісiн бiлдiредi. Қазақ халқы шығу тегiнiң тарихы (этногенезi) өте күрделi.

Түркілік кезең Ғұндардың қоныс аударуымен моңғол өңдес белгілер ене бастады

Үндіеуропалық қола және ерте темiр дәуiрлерiн қамтиды. Бұл кезеңде Қазақстанның ғана емес, Еуразияның бiраз бөлiгiнiң тұрғындары үндiеуропалық тiл тобына кiрдi. Тайпалардың сыртқы келбетiнен еуропалық белгiлер айқын бiлiндi. Қазақстан жерінде қола дәуірінде өмір сүрген андрон тайпалары – қазақтардың ертедегi ата-бабалары.

Қазақстан аумағында түрлi кезеңде өмiр сүрген андрондықтар, сақ, үйсiн, қаңлы, ғұн, түркi тайпалары (түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғындар т.б.) қазақ ұлысының этникалық негiзiн құрады. Этностың қалыптасу үдерісi монғол шапқыншылығына байланысты тежелдi.

Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Қазақстан аумағындағы тайпалар мен халықтардың одан әрі бірігу үдерісi монғол кезеңiнен кейiнгi

  • Ақ Орда
  • Ноғай Ордасы
  • Әбілқайыр хандығы
  • Моғолстан мемлекеттерiнiң тарихымен байланысты.

ХIV–ХV ғасырларда қазақ тiлi қалыптасты. Тұрғындар бірыңғай антропологиялық түрге ие болды.

  • ХV ғасырдың екiншi жартысы – ХVI ғасырда негiзгi түркі тайпаларының біртұтас Қазақ хандығына бірігуімен қазақ халқының қалыптасуы аяқталады. Монғол шапқыншылығынан кейiн Шығыс Дештi Қыпшақ, Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстанның барлық дерлiк түркi тайпалары алғаш рет ортақ мемлекетке бiрiктi.
  • «Қазақ» -түркі сөзі ЕРКІН, ЕРІКТІ деген мағына береді

ХV ғасырдың ортасында, 1459–1460 жылдары Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған тайпалар Өзбек ұлысынан Жетiсуға көштi. 200мыңдай адам

  • Жәнібек пен Керей хандығының нығаюымен, оларға бағынышты тұрғындардың барлығы қазақтар деп атала бастады.

Қазақ хандығының құрылуы

  • Шу мен Талас алқаптарында 1465 жылы Қазақ хандығы жарияланды, оның алғашқы ханы Керей, ордасы Қозыбасы болды.
  • 2015 жылы Ұлы Далада құрылған Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді
  • Өз алдына дербес хандық құрған Керей мен Жәнiбектiң күшеюi Әбiлқайырды қауiптендiрдi. Сол себептi көшпелi өзбектер басшысы Моғолстанға жорыққа шығуға дайындалды. Бұл туралы Махмұд ибн Уәлидiң шығармасында айтылған. «Көп әскер жиналғаны соншалық, бүкiл дала салт аттылардың мұндай санына таршылық еткендей болды. Әскер Жетiқұдық мекенiне келiп тоқтаған кезде нөсер жауын құйып, қалың қар түстi, оның соңы қатты аязға ұласып, Әбілқайыр әскерінің iс-қимылын тежедi .1468 жылы Әбiлқайыр ауырып, қайтыс болды».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет