Сөж тақырыбы: Ринолалиядағы жарықұшалардың баланың психикалық, физикалық және тіл дамуына әсері. Орындаған



бет2/4
Дата19.05.2022
өлшемі23.19 Kb.
#457540
1   2   3   4
Сөйлеу

Ринолалияньң түрлері.

Таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы қызметінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолоалия әртүрлі болады.




Жабық ринолалия.
Жабық ринолалия сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылу кезінде мұрыннан жақсы естілудің физиологиясының төмендігін сипаттайды. Мұрын жолды м,н,ң,ц дыбыстарының дұрыс айтылатындығы үндерінің өте ашық естілетіндігі байқалады. Бұл дыбыстардың артикуляциясының барысында мұрын жұлқыншақ ашық қалады да ауа мұрын жолына кіріп кетеді. Егер мұрыннан үн жақсы естілмейтін болса онда бұл дыбыстар м — б, н — д, ң-ғ болып ауыздан айтылады.

Жабық ринолалияға шалдыққан кезде мұрын жолды дауыссыздардан басқа дауысты дыбыстарды айтқан кезде әлсіз ыңылдаған үн шығады.


Жабық ринолалияның пайда болу себебі мұрын кеңістіктеріндегі органикалық өзгерістердің немесе таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы функционалдық бұзылудың салдарынан болады. Органикалық өзгеріс ауруға шалдыққан мұрынның ауа өтетін жолы тарылып, тыныс алуының қиындап кетуі салдарьнан болуы мүмкін.


Функционалды жабық ринолалия балаларда жиі кездеседі, бірақ анықталуы әр уақытта дұрыс бола бермейді. Оның бір ерекшелігі мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды жабық ринолалия мұрын және дауысты дыбыстардың әуезділігі органикалық жабық ринолалияға қарағанда күштірек бұзьлған болуы мүмкін. Оның себебі жұмсақ таңдай фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезінде әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетеді де дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар нерв ауруына шалдыққан балаларда байқалады.




Ашық риналолия.

Ауыз бен мұрын жолы аралығында қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады. Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір шеті ашык қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстын үні жаңғырып естілетін болады. Бұндай жағдайда, әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуезі өзгереді. Дауысты дыбыстардың ішінде и мен у дыбыстарының үн әуездері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстар артикуляциясында ауыз жолы басқаларына қарағанда көбірек тартылады. Е мен о дыбыстарын айтқана үн әуездері білінер — білінбес қана естіледі. Ал а дыбысының мұрыннан естілуі тіпті білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстыны айтқанда ауыз жолы кең ашылады.


Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып екіге бөлінеді.


Органикалық ашық ринолалияға іштен туа біткен жұмсақ қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы соққының залалынан пайда болатын органикалық ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы және жұмсақ таңдайдын сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады.


Функционалдық ашық ринолалияның шығу себептері әртүрлі болады. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылу кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады. Функционалды ашық ринолалияның бір түрі тамақ, көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге дейін қимылдай алмайтындығынан пайда болады.


Ашық ринолалияның функционалды түрін тексергенде жұмсақ және қатты таңдайдың органикалық өзгерісі байқалмайды. Функционалды ашық ринолалияның белгісі, бұнда әдеттегінше сөйлеу тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады, ал бұл уақытта тіліндегі дауыссыз дыбыстарды айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және олардың үндері мұрыннан шықпайды.


Ринолалиядағы таңдай мен еріннің іштен жарық болып туудың себебі логопедия мен бірқатар медицина ғылымы үшін маңызды мәселе болып табылады. Ерін мен таңдайдың жырығы өмірде тараған және іштен дамыған ауыр кесел. Осы кеселдің салдарынан баланың дамуы барысында қатты функционалдық бұзылу пайда болады. Ерні мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың біреуінің жырылуы баланың соруына ерекше қиындық туғызса, ал екеуі бірдей жырылған бала сору қабілетінен мүлдем айырылады.


Баланы тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және ол ауруға шалдыққыш келеді. Жырық балаларды көршілігі жоғарғы тыныс жолының қабынуы, бронхитке, қан азаюы, өкпенің қабынуы, мешел ауруына бейім болады. Бұндай балалардың лор мүшелерінде: мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын желбезегінің өзгеруі, тамақ, көмей бездерінің өзгеруі сияқты патологиялық өзгерістер байқалады. Бұл балаларда мұрындарының ісіп қызаруы жиі болып тұрады. Ісі қызару барысы мұрынның шырышты қабығына, жұтқыншықтың және құлақтың қабынуын қоздыруы мүмкін. Жиі ісулердің созылмалы ауруға айналуы есту қабілетінің нашарлауына себепші болады. Ерін мен таңдай құрылысының анатомиялық ауытқуы үстіңгі жақ сүйектің дұрыс дамуына және дұрыс орналаспаған тістердің дұрыс тістенбеуімен тығыз байланысты.


Қазіргі кезде нәресте өмірінің бірінші жылы бүтіндей педиатрдың міндетіне жүктеледі. Ол нәрестенің күнделікті тамақтану ережесін, сақтандыру және емдеу шараларына жетекшілік етеді. Қажет болған жағдайда қатынап және жатып емдеуге кеңес береді. Үстіңгі ерінде хирургиялық емдеу жолымен қалпына келтіруді нәрестенің дүниеге алғаш келген күндерінде перзентханада жасалады. Отолоринголог құлақтың, мұрын жолының, мұрын жұтқыншақтың және көмей ауруларын шықтайды, өзгерістерін емдеп, алдағы болатын хирургиялық емдеу жұмысына дайындылады.


Ақыл ойының дамуына кемістік бар және жүйке ауруы айқын білініп тұрған балаға невропатолог кеңес береді. Таңдайдың жырығын қалпына келтіру үшін хирургиялық емдеуді көп жағдайларда мектеп жасына дейінгі балаларға жасайды.


Ерін және таңдай жырықтарының сөйлеу тілінің дамуының қалыптасуына әр түрлі роль атқарады. Бұл анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты.


Жарықтың мынандай түрлері кездеседі:


Үстіңгі еріннің жырығы, үстіңгі ерін және жақ сүйектер жырығы;


Қатты және жұмсақ таңдайдың жырығы;
Үстіңгі еріннің жырығы, тіс түбі қызыл ес ескіні және таңдайдың бір жақты немесе екі жақты жырығы;
Таңдайдың шырышты қабығы астының жарығы.
Жырық ерін мен жырық таңдай сөйлеген кезде барлық дыбыстарды мұрыннан естіртіп, түсініксіз етіп шығарады. Сөйлеген кезде бала әдеттегідей аузын аз ашады және тілінің үстін қалыптағысынан жоғары көтеріледі. Тілдің ұшы осы себептен жеткілікті мөлшерде қимылдамайды. Бұндай әдет сөйлеу тілінің сапасын нашарлатады, себебі жақ сүйегі мен тіл жоғары көтерілген кезде ауыз қуысы мұрын қуысына өтіп кететіндей жағдайға келеді де мұрын дыбысының ренің күшейтеді.

Сөйлеу тілі органдарының жұмыс істеуінде қауіпті өзгерістердің пайда болуынан сақтап қалу үшін баламен логопедиялық жұмысты операцияға дейін бастау қажет. Логопедиялық бұл жұмыста жұмсақ таңдайдың белсенділігін дайындайды, тілдің түбін қалыпты жағдайға дұрыстайды, ерін бұлшық еттерінің қызметін арттырады, ауыздан шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді. Осының барлығы хирургиялық емдеудің және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі болып шығуына қолайлы жағдай туғызады.


Бала есейген сайын сөйлеу тілі дамуының көрсеткіші нашарлайды, жазу тілінің әртүрлі үлгілерінің бұзылу салдарынан ақаулығының құрылымы асқынады.


Ринолалиясы бар баланың оқуда және келешекте мамандық таңдауда кедергі болатын қиындықты алдын алу үшін сөйлеу тіліндегі кемістікті жас кезінде түзетіп қалпына келтірудің психолого – педагогикалық ерекше маңызы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет