СөЖ: Тақырыбы: Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі Пәні: Саясаттану


Саяси жүйедегі адамның құқығы мен бостандығы



бет2/3
Дата24.03.2023
өлшемі55.36 Kb.
#471040
1   2   3
СРС САЯСАТТАНУ

Саяси жүйедегі адамның құқығы мен бостандығы.
Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп адамның белгілі игілік алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына оған өз қалауынша орындауға мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.
Адам өмірге келгенде тең болып туады, мұны Аристотель – табиғи құқық деп атаған. Феодализм уақытында әр таптың өзгеше құқығы болды. Ал капитализм уақытында құқық либерализммен байланысты болды. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес мұра қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. жатады.Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Мысалы: 1776 жылы 4шілдесінде АҚШ –та Тәуелсіздік Декларациясы бекітілді. Мұнда барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы бар, үкімет билігінің қайнары – халық, үкімет – халықтың қызметшісі, барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар: өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі,т.с.с.айтылған.
АҚШ – тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді.
26 мемлекет ұлтшылдыққа қарсы, адам өмірі, бостандығы туралы, тәуелсіздігі оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресу еркіндігі жайлы Декларация қабылдады.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары ғана емес, оларды қорғау шаралары да қарастырылады. 1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін болдырмау туралы конвенция, т.с.с. қабылданды.БҰҰ шешімі бойынша 10 желтқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде атап өтіледі.Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар:
1. Табиғи-тарихи бағыттағы жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Мемлекет бұл құқықты сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды дейді.
2. Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше, азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады.
3. Марсизм де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді.Марсизм комунистік қоғамда мелекетте, саясат та, құқық та болмайды дейді.
Қазіргі кезде әлеуметтік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. ”Адам құқығы” тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынада мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конститутциялық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет