Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі.
Ғалымдар арасында саяси жүйенің жіктелуі туралы ортақ пікір әлі де қалыптаспаған, оны жіктеу таңдаған өлшемге байланысты болған. Саяси жүйені жіктеуде ең кең таралған үш түрі бар.Олар саяси тәртібіне қарай: демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық деп бөлінеді. Әр жүйеге жеке тоқталып,қарастыратын болсам: Демократиялық жүйе дегенді жалпы алып қарастырар болсақ, демократия деген «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Демократиялық саяси жүйеге тән қасиеттерді айта кетсем, азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы, билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі, жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының - парламенттің болуы, сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы, мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңдылықтарына бақылау орлататын тәуелсіз соттар жүйесінің болуы, өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы, көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі. Екінші қарастырар жүйе ол- авторитарлық жүйе, жалпы айтар болсақ, демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қарсы саяси жүйе болып келеді. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халықтың ешқандай қатысы болмайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда халықтың қосқан өз үлесі мүлдем жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Жоғарыда көрсетілгеннің барлығы авторитарлы саяси жүйенің саяси өміріне қарапайым халықтың қатысуы өте аз екенін дәлелдеп көрсетеді. Дәстүр не болмаса билеушінің харизмалық тұлғасы авторитарлы билік заңдылығының негізі болып табылады.Сонда да, авторитарлы саяси жүйені тек теріс жағынан қарау дұрыс емес. Адамзат тарихындағы даму жолдың басым бөлігінде осындай саяси жүйелер арқасында өмір сүрген. Авторитарлы саяси жүйе индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болған. Соңғы қарастырар жүйе ол-тоталитарлық жүйе. Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке азаматқа толықтай, толық бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Тоталитарлы саясаттық жүйеге тән өзгеше белгілер: жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы; кез-келген деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің мүлдем болмауы, яғни, биліктің барлық түрінің тұтасып кетуі; басында билігі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен бір болып кетуі; басқа партия және ұйымдар қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы тек қана мемлекет басқаратын БАҚ-тың болуы, қандай да болмасын ақпарат қатаң тексерілістен өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік биліктің орнығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |