Сөж тақырыбы: Сіздің ойыңызша әртүрлі елдердегі ұлтаралық жеккөрініштілік пен этникааралық қақтығыстардың себептері. Бұл себептерді жоюға болады ма?Қандай шаралармен? Орындаған : Турсын Нурила Тексерген: Нұран Динара Алматы 2020 Жоспар


Этносаралық конфликтілердің алдын алу және реттеу: түсініктері, әдістері, тәсілдемелері



бет2/3
Дата25.09.2022
өлшемі78.96 Kb.
#461297
1   2   3
социология

2. Этносаралық конфликтілердің алдын алу және реттеу: түсініктері, әдістері, тәсілдемелері
«Конфликт, оның ішінде этностық конфликт – қашып құтыла алмайтын құбылыс емес, демек оның алдын алуға болады. Алайда, бұл тиісті шаралардың орындалуын қажет етеді. Мәселені ертерек шешу мақсатында конфликтінің ықтимал себептері анықталып, сарапталуы керек, оның үстіне қарулы қақтығысты болдырмау үшін нақты қадамдар жасалуы қажет. Ал егер алдын алу шараларына шиеленіскен конфликт кедергі келтірсе, онда кикілжіңді бәсеңдету үшін ерте дабыл қағу жүйесі уақытында жүзеге асуы керек», – деген еді ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар жөніндегі жоғары комиссары Макс ван дер Стул 1994 жылы. Конфликтінің алдын алу теориясын ұсынушылар мұндай саяси жанжалдарды кәдімгі жол апатымен не ғимараттағы өртпен салыстырады. Жол апатына әкеліп соқтыратын факторлар белгілі, айталық, көліктің техникалық ақауы жоқ болса, жүргізуші ережені бұзбаса және жолдың сапасы жақсы болса, апаттың ықтималдығы азаяды. Сол сияқты ғимараттарда өрт сөндіру ережелері дұрыс сақталса, дабыл қағу, өртті өшіру құралдары жақсы жұмыс істеп тұрса, адамдар өз міндеттерін білсе, онда тұтанған жалынның алдын алуға болады. Этностық конфликтіде де жағдай осыған ұқсас. Сондықтан Еуропаның тарихын зерттеуші Норман Дейвис: «Тарихтағы қасіретті оқиғалардың барлығы жалпыға ортақ факторлар мен ерекше факторлардың тоғысуынан болған», – деген пікір айтқан [4].
1950-жылдардың аяғынан бастап Батыс ғалымдары саяси-әлеуметтік конфликтіні шешудің басты бөлігі ретінде оның алдын алу механизмдерін түпкілікті зерттей бастады. Ағылшын ғалымы Кеннет Боулдинг алғаш рет ауа райын болжап отыратын метеостансалар сияқты конфликтілердің ықтималдығын болжайтын «мәлімет стансаларын» құру туралы бастама көтерді. 1974 жылы Синтия Керман «әлеуметтің температурасы мен қысымын, «жылы және суық ағыстардың» бағытын айқындап отыратын механизмдерді қалыптастыру жөнінде айтты. Конфликтіні бейбіт жолмен шешу теориясының бастауында М.Гандидің «сатъяграха» (зомбылықсыз қарсылық, пассивті қарсылық) принципі жатыр [4]. Ганди үшін бұл тек конфликт шешудің әдісі емес, жалпы өмір пәлсапасы болған. Галтунгтің айтуынша, М.Гандидің принциптері әлде конфликт шешу теориясына негіз болған, әлде керісінше сол идеялардан бастау алған. Бірінші норма – конфликтінің мақсаты мен тараптардың оған қатысты ұстанымы. Яғни, өз мақсатыңды ашық түсіндіру, қарсыласыңның көзқарасын айқын ұғыну, ортақ мақсаттарды табу, фактілерді объективті қарастыру, сондай-ақ конфликтіге позитивті тұрғыдан қарау, оны қарсыласыңмен кездесу, қоғамды, өзіңді өзгерту мүмкіндігі деп қабылдау. Екінші норма конфликт кезіндегі мінез-құлыққа қатысты: қарсыласыңды сөзбен, жағымсыз іс-әрекетпен тұқыртпау, мүлікке нұқсан келтірмеу, зомбылықтың орнына жағымды ишара жасау; мақсатқа жетуде дәйектілікпен әрекет ету: конструктивті болу, ашық әрекет ету; зұлымдықты қолдамау, зұлым күштермен достаспау; жауапкершілікті мойынға алуға дайын болу; жағдайды тым әсірелендірмеу: қарсыласыңның пікірі мен ұстанымына құрметпен және жанашырлықпен қарау; ушықтырмау: сабыр сақтау, қарсыласыңды ашуландыратындай әрекеттерге бармау, кемсітпеу. Ал үшінші норма конфликтіні шешумен байланысты: конфликт шешілуі керек, яғни ұзақ уақыт тәжікелесіп жүруге болмайды; оны трансформациялаудың амалдарын қарастырып, өзіңді және қарсыласыңды жақсы жаққа қарай өзгертуге талпыну керек; әркім қателесуі мүмкін екенін түсініп, қателескен жағдайда кешірім сұрауы және ойы орнықты болуы қажет; қарсыласыңа мәрт болу, яғни оның осал тұстарын бетіне баспау, тым қатаң сынамау және оған сенім білдіру керек; күштеудің орнына қайта түлеуге ұмтылып, екі жаққа да ұнайтын шешімді табу жолдарын іздеу керек. Ганди философиясы бойынша, ойың, әрекетің, сөзің зомбылықтан ада болуы тиіс және тек бейбітшіліктен, ақиқатқа жетуден басқа ешқандай жоспар болмауы қажет [6]. Ғалымдар тобы конфликтіні кез келген қоғам өмірінде қайталанып отыратын циклді жағдай ретінде бейнелейді. Түрлі қауымдардың, мемлекеттердің және этностық топтардың арасындағы жағдай әртүрлі факторлардың қатысына қарай құбылып тұрады. Ең бейбіт кезең «ұзақмерзімді бейбітшілік» (мәселен, АҚШ пен Ұлыбританияның арасы) орнаған кезде қалыптасады. «Тұрақты бейбітшілік» (АҚШ пен Қытай арасы) «тұрақсыз бейбітшілікке» (Ресей мен Эстония арасы) ұласқан тұста конфликтінің алдын алу мақсатындағы шаралар қолға алынуы керек. Мұнда превентивті дипломатия, ерте дабыл қағу жүйесі және тікелей қақтығыстың алдын алу шаралары жүзеге асуы қажет. Олай болмаған жағдайда «қарқыны төмен конфликтілер» «дағдарысқа таяу» жағдайға дейін шиеленісуі ықтимал. Осы кезеңде қолда бар механизмдерді пайдаланып, отты тұтанардан бұрын өшіре алса, циклдік параболаның жоғарғы ұшы тым биік болмайды [6]. Британ ғалымы, «Соғыстың себептері» деген еңбектің авторы Х.Суганами соғысты бастауға себепкер болатын үш алғышартты баса айтады. Біріншіден, бір топтың екінші топ мүшелерін өлтіруге мүмкіндігі болуы керек. Екіншіден, түрлі қауымдастық өкілдері бір-біріне қарсы қару қолданудың қажеттілігі туды деген ортақ тұжырымға келуі және мұны қоғам өкілдерінің талап етуі қажет. Үшіншіден, соғыстың алдын алатын тиімді халықаралық жүйенің болмауы. Осы үш қажетті компоненттің бірін алып тастаса, соғыстың алдын алуға болады. Демек, «қаруға жүгіну – заңды да табиғи әрекет» деп санайтын адам баласының сана-сезімін өзгертіп, соғыстың алдын алатын механизмдерді ойлап тапсақ, соғыссыз өмір сүруге болады.М.Ландтың берген анықтамасына сәйкес конфликтінің алдын алу дегеніміз – «ел ішіндегі және мемлекетаралық қақтығыстар мен дау-дамайларды қантөгіске және қару қолдануға дейін ушықтырмау, конфликтіге қатысушы тараптардың кез келген дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін арттыру және дау-дамайға түрткі болған түпкі себептер мен мәселелерді мейлінше азайту мақсатында қолға алынатын құрылымдық немесе қолдаушылық әрекет» [8].
Этникааралық қақтығыс¬тардың реттелу жолдары - қандай да бір этникааралық қақтығысты түбірімен, түпкілікті біржола шешу мүмкін емес. Этностар бар жерде әйтеуір бір қайшылықтар туындайды. Мәселе осы қайшылықты шиеленістірмей, күш қолдануға жеткізбей дер кезінде алдын алып, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге талпынуда. Көпэтникалы қоғамда этносаралық қарым-қатынастар реттеліп отырылуы керек. Бұл қатынастардың басқару стратегиясын жасау үшін полиэтникалы кеңістікте жалпыға ортақ құндылықтар мен ережелерді табу қажет. Жалпыға бірдей ойын ережесін жасау керек, ол әмбебап, бүкіл көпэтникалы қоғамды құндылықты-ережелік алаңмен қамту, екінші жағынан жеке дәстүрлер мен құндылықтар шектелмеуін ойластырған жөн. Осыдан келіп мемлекет пен оның құрамына кіретін этностар арасында "қоғамдық келісімге" келудің қажеттігі туады. Мұндай келісім этникааралық қатынастардың барлық қырын қамти алмайды, дегенмен негізгі маңызды нормалар мен қағидаттар ұсынылуы керек: жеке тұлға мен этнос қауіпсіздігі кепілдігі, тең құқықтық, қайшылық туа қалған жағдайда күш қолданудан бас тарту, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу және т.б. Осы жағдайда ойын ережесінің ешкімге "бүйрегі бұрмауы" керек,сонда ғана ол тиімді болмақ.Егер этникааралық қақтығыстың алдын алу мүмкін болмай, қақтығыс орын алса, ең алдымен күш қолдануға жол бермей, зорлық-зомбылықты тоқтату керек. Одан кейін қақтығысты тіл табысу кезеңіне өткізу, қандай да бір себеп¬термен қақтығысушы жақтардың арасында диалог мүмкін болмаса ара ағайындық жасау. Қақтығысты реттеудің келесі кезеңі - "қазыға жүгіну" (арбитраж). Міндетті арбитраж қақтығысты реттеу мен күшпен басудың аралығында болады. Қақтығыстарды реттеудің ең соңғы жолы - күшпен басу.
Қорыта келе, этносаралық қақтығыстарды зерттеудің теориялық негіздері этностар арасындағы дүрдараздықты дер кезінде анықтау, оларды әрі қарай ушықтырмай, мәселелердің түп-тамырына терең үңіліп, уақытында шешуге мүмкіндік береді. Бұл үшін қоғамда этносаралық қарым-қатынасқа деген шынайы да объективті көзқарас қалыптасуы керек. Мемлекет сауатты этностық саясатты жүргізуге ықпал ететін нормативтік-құқықтық база әзірлеп, тиісті институттық құрылымдарды қалыптастыруы тиіс. Бұл этностар арасындағы бұрыннан келе жатқан стереотиптерді өзгертіп, позитивті және достық қарым-қатынастың дамуына жәрдемдеседі.Қазақстанның демократиялық даму стратегиясы этносаралық қарым- қатынасты реттеудің қағидаларымен ұштасып жатыр. Яғни, тек адам құқықтары сақталатын, заң үстемдігі орнаған, билік институттары өз міндеттерін мүлтіксіз атқаратын қоғамда этностар арасындағы қарым- қатынасты өркениетті түрде қалыптастыруға мүмкіншілік бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін алғалы бері өз ерекшеліктеріне сай ұлттық саясат жүргізіп келеді. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан-2030» бен «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламалары, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары ұлтаралық қарым-қатынастың ерекше қазақстандық моделін қалыптастыруына жол ашып, этносаралық мәселелерді реттеудің ерекше үлгісі ретінде танылды. Мемлекеттік институттардың, азаматтар мен зиялы қауымның міндеті – осы әркелкілікті ұлттық ұйысудың құралы ретінде пайдалануға күш салуы керек. [9].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет