У.Пенфилд көмекші рөл ойнайтын жоғарғы сөйлеу аймағын тапты. Автор барлық үш сөйлеу механизмі сияқты басқаратынын дәлелдеді.
М.М.Кольцова белгілегендей, сөйлеу тітіркендіргіштеріне келетін бас миының қозғалыс бөлімін сөйлеу қимыл орталығы деп аталады. Сөйлеу-қимыл анализаторы тек сөйлеу қалыптасқаннан кейін әрекет ете және дами бастайды.
Т.Е. Визель өз зерттеулерінде ішкі сөйлеудегі 1-ші сигналдық жүйенің спецификасын көрсетті. Ол ұғымның сөйлеу жүйесін меңгеру сөйлейтін адамда ойлаудың басқа формалары - көрнекі - бейнелік, көрнекі-тәжірибелік ойлау болатынына әкеледі деді. Олар ішкі сөйлеу түрінде сақталатын, сосын белсендіретін ұғымның тілдік негізде жүзеге асырылады.
Кіші топ балаларындағы сөйлеу тіліне сипаттама:
Бірінші критикалық кезең (1-2жас) - бұл сөйлеу тілінің алғышарттарының қалыптасуы. Бұл кезеңде сөйлеу тілінің дамуы басталады, коммуникативті мінез-құлық негіздері қалыптасады. Бір жарым жаста бала фразалық сөйлеу тілін қолдана бастайды, оның енжар сөздік қоры 150 сөзді, ал белсендісі-50 сөз шамасын құрайды. Осы уақытта Борк аймағындағы сөйлеу тілі қыртыстарының белсенді дамуы жүреді. Критикалық сәт болып 14-18 айлық жас кезеңі саналады, онда сөйлеу тілі дамуына болмашы қолайсыз факторлар әсер етеді.
Екінші критикалық кезеңде (3жас) сөйлеу тілінің белсенді дамуы жүреді. Бала қарым-қатынас тіліне көшеді. Бұл жаста келеңсіздіктерді байқауға болады және т.б. Сөйлеу жүйесінің шамадан тыс жүктелуі нәтижесінде түрлі бұзылыстар, мысалыға тұтығу пайда болуы мүмкін. Бала сөйлеу қарым-қатынасына түспей, тұйықтанады. Кейде мұндай тұтығудың түрін эволюционды деп атайды, яғни баланың нақты жасымен байланысты. Былай болуы мүмкін: мутизм туындап, сөйлеу тілінің дамуы артта қалады.
Үшінші критикалық кезең (6-7 жас)- балалардың көпшілігі мектепке барып, психикаға қосымша күш болып табылатын жазбаша сөйлеу тілін меңгере бастайды. Балаға жоғары талаптар қойылады, соның нәтижесінде тұтықпаға әкелетін жүйке жүйесінің ақаулықтары пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |