Көлеңкесін тап!
Қалыптастырушы эксперимент
Түзете-дамыту жұмысында жақсы нәтижеге жету педагогикалық процестің барлық мүшелерінің қатысуымен тәрбиеші, логопед, психологпен іске асады. Бірігіп жұмыс жүргізуде педагог әрекеті жалпылыққа иеленеді және білім беру, түзете-дамыту жұмысының мақсаттарын шешуге бағытталады.
Балалардың сөйлеу тілдерін дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Шәйді суытамыз», «Жапырақтарды ұшыр», «Қарды үрле», «Қолды жылытамыз» тыныс жаттығуларын және «Пішіндер әлемі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу, тапсырмаларды, «Тәтті тосап», «Бақалар», «Түтікше», «Кесе», «Тау», «Сағат» артикуляциялық жаттығуларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөйлеу тілдерін дамыта отырып, таным белсендіктерін және саусақ бұлшық еттерін дамыту жұмыстарын жүргіздік:
1 Ұсақ қол моторикасы
2. Монтессории әдістемесі
3.Құм тереапиясы мен жұмыс
4.Логикалық тапсырмалар.
Қорытынды Зерттеу жұмысымызды қорытындылайтын болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына шолу жасалынып, ондағы негізгі міндеттер зерттеу жұмысына негіз болды. Мемлекеттік бағдарламада алдағы білім беру әрекетіне табысты дайындықтың негізі ретінде бала дамуының мектепке дейінгі кезеңінің мәні ерекше айқындалған. - Зерттеу жұмысымыздың мақсатына сай – сөйлеу тілі жалпы дамымаған бірінші кіші топ балаларының сөздік қорын дамыту жолдарын анықтау, логопедиялық сабақтарда тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін ұсыну.
- Көзделген мақсатқа жетуде келесі міндеттер орындалды:
- сөйлеу тілі жалпы дамымаған бірінші кіші топ балаларының сөздік қорын дамыту мәселесі бойынша арнайы әдебиеттер мен бағдарламаларға зерттеліп талдау жасалынды, атап айтсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |