Л.Құлмаханова, М.Қойгелдиев
Мұхаметжан Тынышбаев және қырғыз трагедиясы
Ақиқат, 1996жыл, №5ғ, 85-88б.б.
М. Тынышбаев пен О. Шкапский жергілікті жағдайды орталық билікке өз ауыздарымен жеткізіп, жәрдем алып қайту үшін Петроградқа аттанды. «Қазақ» газеті өзінің 1917 жылғы 24 шілдедегі санында «15 шілдеде» Орынбор арқылы Жетісу комиссары Мұхаметжан Тынышбаев Петроград кетті. Мұхаметжан үкіметке Жетісу облысының хал-жайын доклад қылып, 25-ші июнь жарлығына байланысты бүліншілікке ұшыраған қазақ-қырғызға һәм орыстарға қазынадан жәрдем сұрамақ. Сөйтіп бірін-бірі қырғынға ұшыратқан һәм бұл күнге шейін бір-біріне кек сақтап, іштеріне қан қатқан екі жұртты татуластыру қамына кіріспек», – деп жазды.
Тамыздың аяғында Түрккомитетке үлкен наразылық білдіріп Тьнышбаев пен Шкапский мынадай телеграмма соғады: «Қырғыз-орыс арасында шиеленіскен ауыр жағдайды қалпына келтіру үшін бірінші кезекте олардың шығындарын өтейтін қаржы сұрап майдың басынан Ташкентке – 41, 61, 70, 85, 96, 103, 123-нөмірлі, Петроградта – 29, 42, 79,113, 127, 256 және 344 нөмірлі телеграммалар жөнелткен едік. Жауап жоқ... Қолға түскен орыс бандыларына сот жүргізу үшін жергілікті комитет мүшелерінен уақытша сот құруын сұрап юстиция министрлігіне екі рет хабар жіберген болатынбыз. Өкінішке орай оған да әлі жауап жоқ. Бұл әрине бандылармен күрес жүргізу жұмысына үлкен кесірін тигізуде. Ташкенттен жіберілген өңшең жауапсыз қызметкерлерден құрылған комиссарларыңыз бен солдаттарыңыз істі насырға шаптырьп, шиеленістіріп жіберді. Соның қырсығынан жергілікті халықтың сенімінен айырыльп қалуымыз мүмкін. Тырнақтап жиған абыройымызды айрандай төгетін мұндай іске араласудан бас тартамыз. Өкініштеріміз қанағаттандырылмаса отставка сұраймыз...»
Жан айқайындай ұғылатын бұл хабар Ташкенттегі Түрккомитетті Жетісудағы ауыр жағдайды түзеуге бағытталған бірнеше шараларды іске асыруға итермелейді. Олардың арасында Петроградтағы Орталық үкіметтен Жетісу комиссарлары сұраған қаржыны тез арада бөлуді өтінген тілек те бар еді. Ең ақыры 1917 жылы 7 қазанда Ташкентке Керенский үкіметінен 1916 жылғы көтеріліс нәтижесінде жапа шеккен Жетісу облысы тұрғындарына көмек көрсету мақсатында қазынадан 11 миллион 150.000 сом қаржы бөлінгендігі туралы хабар келіп жетті. Арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша бұл қаржының 5 миллионы қазақ және қырғыз, ал 6 миллионы орыс тұрғындардың шаруашылығын қалпына келтіруге жұмсалатын болды.
Ел арасындағы аштыққа қарсы бұл шаралардың басында тұрған Мұхаметжан Тынышбаевтың өзі еді. Оны біз мынадай фактіден де байқаймыз. М. Тынышбаев Петроградта жүргенде Нарында аш босқындарды тамақтандыруға байланысты қиындықтар туады. Соған орай О. Шкапский Нарынға жедел телеграмма жолдап, онда мынаны көрсетеді: «Комиссар Зиминге. Комитеттеріңіздің тамақтандыратын пунктерді азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырудан бас тартуы орыс революциясының рухына лайықты іс емес. Бірнеше адамның қырсығынан бүтін бір елдің нансыз қалуы қатыгездік. Тынышбаев әзірге Петроградта, ол жанашыры қайтып оралғанша қырғыздар аштан қырылып қалмасын. Нарындағы орыс демократтар адам сүйіспеншілігін іс жүзінде дәлелдейді деп сенемін. 249. Шкапский, 19 шілде 1917 ж.».
Ойымыз дәлелді болу үшін 1917 жылғы маусымда Ташкенттен Петроградқа Керенский атына Түркістан Өлкелік Мұсылмандар Кеңесі жолдаған мынадай мазмұндағы телеграммаға көңіл аударалық: «Біздің жіберген делегаттарымыз Жетісу қырғыздарының өте ауыр жағдайынан хабар беріп отыр. Қытайдан қайтқан қырғыздарды өз жерлеріне жібермей, аңдып жүріп қыруда. Қырғыздар өте ауыр жоқшылықты бастан кешуде. Тамақ жоқ. Аш-жалаңаш. Әйелін, балаларын сатуда. Адам етін жеу алдында. Жетісудың орыс келімсектері қаруланған. Қырғыздар болса қарусыз. Қырғыздардың жағдайын айтып жеткізерлік сөз табу қиын. Қайғы таудай. Көз жасы көл. Жедел шаралар қажет. Түркістан Өлкелік Мұсылмандар Кеңесі» (Президент архиві, 811-қор, 20-тізім, 136-іс 35-парақ).
Б. Тәуімбет
Тынышбаев тағдырының әр қыры.
Жұлдыз, 1997, №4, 182-198б.б.
Сол кездің өзінде Шоқпар варианты туралы пікірге келген екен. Шоқпар вариантының ерекшелігі – Қазақстанның бес облысын өзара байланыстырады. Ал, Қордайды тесіп тоннель жасау қымбатқа түседі. Сондай-ақ Қырғыз өз алдына тілі, әдет-ғұрыпы, тарихи ерекшелігі бар халық. Ендеше басқа елдің жерін басып өткен жол күндердің күнінде өзіндік қиындықтарын тудырмай қоймайды. Келешекте Орталық Қазақстан Оңтүстікпен байланысуы қажет. Сонда Шоқпар варианты ең тиімді вариант болып қалмақшы екендігі айтылады.
Айтыс-тартыстан кейін Шоқпар варианты Алматы арқылы шешіледі. Алматыдан Семейге қарай ұлы желінің жоспары жасалған. Олар Балқаш варианты, екінші Қапал, Көктерек, Аякөз, үшінші вариант Қапал, Сарқант, Үшарал, Аякөз. Мұхаметжан Тынышбаев Балқаш вариантына өзіндік өзгерісімен қосылады. Балқаш варианты Іле ауылынан Қызылқайнар, Тектұрмас арқылы тура Қабанға тарту көзделген. Алайда оны жобалаушылар Дос асуынан өтетін жолдың жағдайын таба алмаған. Жер жағдайын жақсы білетін Мұқаң Дос асуынан өтетін жолдың желісін тартады. Сонымен бұл вариант Балқаштың мысына, Жаркент пен Қоғалының астығына және шекараға жақын стратегиялық маңызы бар ең тиімді вариант болып қалды. Бұл вариант қағаз жүзінде «Березин варианты» деп атады.
«Ғасырлар бойы жан баспаған, бай шикізат қорына арналған қыраттан алып мыс құрылысын салу үлкен қиыншылықпен жүзеге асты. Біз пойызбен Түркісібтің 32-ші бекетіне дейін жүріп өттік, бекеттен Балқаштың оңтүстік-шығыс жағалауына дейін, 12 километрлік темір жол Бөрлітөбеге дейін тартылды. Құрылысқа қажетті негізгі жүкті жеткізу үшін
Бөрлітөбе Балқаш жағалауындағы, ең негізгі базаға айналды. Балқаш құрылысына баруға тілек білдірген адамдарды аттандыратын бірден-бір орын
осы болды. Тынышбаев өз қолымен салып, туғанындай қамқорлық жасаған осы 12 километрлік жол 1931 жылдан 1947 жылға дейін жұмыс істеді»,
- дейді Д.Қонаев.
Ф.Осадчий
Қазақтың тұңғыш теміржол инженері
Өркен, 1989жыл, 12 август, 9б.
Лениннің Жаңа экономикалық саясаты күш жинап келе жатқан кез. 1926 жылдың декабрінде СССР Еңбек және Қорғаныс Советі Түрксіб құрылысы туралы қаулы қабылдады. Қаулыға Алексей Иванович Рыков қол қойғанды. Ешқандай қиындық пен кедергісіз Түрксіб құрылысына үкімет тарапынан көмек көрсету комитеті құрылды да, оған РСФСР Халық Комиссариаты Советі председателінің орынбасары Тұрар Рысқұлов басшылық ететін болды.
Ер тұлғалы Тынышбаев салмақпен орнынан тұрып, жиналғандарды асықпай бір шолып өтті де, Түрксіб құрылысында алғаш рет қолданылған аэрофотосуреттердің оның есебінің дұрыстығын көрсеткенін айтты. Қордай дегеніміз өте қиын асу. Онда ұзындығы 50-60 метрлік жер асты жолдарын салу керек. Сондай-ақ, бір составқа үш паровоз тіркеуге тура келеді. Біреуі басында, екеуі артынан итеріп жүру үшін соңынан тіркеледі. Ал Шоқпарда ұндай қиындықтарға кезікпейміз. Бұл, – пайдалану жұмысы кезінде халық қаражатын көп мөлшерде үнемдеуге мүмкіндік береді деген сөз. Сондай-ақ, Шоқпар арқылы жол салу оңай болғандықтан, құрылысының жұмысына кететін қаржы 26 миллиюн сомға аз жұмсалады. Сондай-ақ бір жыл уақыт үнемделейін деп тұр.
– Сендер бес жылда да бітіре алмайсыңдар – деп салды Қордай вариантын жақтаушылар.
1930 жылдың 28 апрелінде белгіленген мерзімнен 540 күн бұрын ұлы магистральдың соңғы рельстері төселді. Түрксіб құрылысшылары үш күн қатарынан жеңіс күнін тойлады.
1931 жылдың бірінші январында, өте қысқа мерзім ішінде, Түрксіб пайдалануға берілді. Бұл іске инженер Тынышбаевтың қосқан үлесі өте зор. Алайда, рұқсат етілмегендіктен, тарихшылардың бірде біреуі оның есімін осы уақытқа дейін атап көрген емес.
Ә.Тәкенов
Тынышбаевтың екінші ұлы табылды.
Түркістан.
«Ескендірдің өлімі туралы сіздерден үлкен өкінішпен естідім, онымен хат-хабар алысуды маған жазбапты (ол менің кінәмнан емес) сондықтан біз оның туыстарынан да қайғылы хабарды уақытында ести алмап едік. Ол мені Қазақстанмен ойша ғана байланыстыратын. Өзінің қарындастары жайында да маған ештеңе айтпай кетті. Мені Қазақстанмен байланыстыратын бір-ақ нәрсе, ол – Ресейдің паспорты. Онда ұлты – Қазақ, туған жері – Алматы, әкесі – Мұхамеджан деп жазылған».
Мен өз фамилиямды (Шейхали – ред.) әкемнің талабына сай алыппын. Әкем осылай деп ұсталып жатқанда шешеме хабарлапты. Өзіңіз де білетін боларсыз, мен әкемнің екінші некелі әйелінен туғанмын. Менің анам – Шейхали Әмина Ибрагимқызы, ұлты – құмық, тегі – Дағыстаннан. Оның туыстары Мұхамеджанды тіпті Санкт-Петербургта оқыған кезінен біледі екен. Олар, мұсылман жастары, генерал Шейхалидың үйінде кездессе керек. Әкемді соңғы рет 1937 жылы тұтқындағаннан кейін біз шешеммен бірге, онымен туыс нағашы апамның қолында Уфада тұрдық. Мектепті, одан соң мұнай институтын бітірдім. Ғылыми-зерттеу институтына қызметке тұрдым, кандидаттық диссертация қорғадым.
Докторлық диссертациямды, ойда-жоқта Башқұртстаннан тыс жерде ұзақ уақыт қызмет атқаруыма байланысты, тәмамдап үлгермедім, тақырып бойынша жарыққа шыққан 70 тен аса еңбектерім бар.
Мысалы, Ескендір аға өз естеліктерінде, бізбен сөйлескенде де, шешесі Гүлбахрам (Алматыдағы белгілі фельдшер Бақи Шалымбековтің қызы) 1923 жылы Шымкентте тырысқақ (холера) ауруын емдеу кезінде инфекция жұқтырып өлгенін, сондықтан денесін кислота құйып өртеп жібергенін айтқанды. Одан көп кейін өзінің құмық досы профессор Шейхалидың қарындасы Әминаға үйленгенін есіне алып, Әмина әкеме жақсы жар болып, 1932 ж. Воронежге айдалғанда да әкеммен бірге кетті деген болатын.
Әминадан ұл қалғанын айтпап еді. Оның мәнін енді ғана түсіндік. «Халық жауы» атанған адамға жақын жүру қауіпсіз еместігін Ескендір аға өз басынан өткерген еді. Ол 1934 жылы әкесіне – Воронежьге барып, қайтар жолында Мәскеуде КГБ-нің тырнағына іліккен болатын. Сөйтіп өмірінің он жылын Соловецкіде, Ақтеңіз-Балтық каналын қазуда, Төменгі Тагилда ГУЛАГ лагерлерінде өткізді.
Осы арада 80-жылдардың соңында Ескендір ағаймен алғашқы танысқаным есіме түседі. Мен М. Тынышпаевтың еңбектерін жинап шығарғым келеді деген ойымды білдіріп, әкесі жайлы кейбір естеліктерін тыңдадым. Содан бері Ескендір ағаймен етене жақындастық. М. Тынышпаевтың Сарқандағы асында да бірге болдық. (Тіпті 1995 ж. жаңа жылмен құттықтап телефон соққаны бар) Мұхамеджан Тынышпаевтың туған жеріндегі осы жиынға еліміздің белгілі қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев ағамыз да қатынасып, сөз сөйледі. Ол кісі кезінде Мұхамеджан Тынышпаевқа тиесілі құрмет, дәріптеу жасай алмағанына өкініш білдіріп еді. Өмірінде инженер Тынышпаевпен кездесе де алмапты. Өкінішке орай, бұл Димаш ақсақалдың халық алдындағы соңғы сөзі болып шықты.
Ескендір ағай өте сақ кісі болатын, көрінгенге сыр ашпайтын және саясатқа сенбейтін. Сондағы маған қойған шарты: бір-бірміздің үйімізге қатынаспайық кездесу үшін телефон арқылы келісіп, үйден тыс жерде сөйлесуіміз керек. Осы шарт әр уақытта сақталып келді.
Бұның бәріне туыс-бауырларды бір-біріне, ата-ананы балаларынан айырған, тіпті аты-жөнін де жасыруға мәжбүр етіп, араларын алшақтатқан сталинизм, тоталитаризмнің сұм заманы кінәлі еді...
Ендігі хабарды Дәулет Мұхамеджанұлының өзіне берелік. Дәулеттің хаты (түпнұсқасы орыс тілінде жазылған):
«Құрметті профессор Тәкенов, саламатсыз ба!
Сізге жазып отырған МұхамеджанТынышпаевтыңұлы – Дәулет. Біздің қарым-қатынасымыз әуел бастан сенімді сипат алу үшін мен сізге өзімнің туғандығым туралы куәліктің, әкемнің ақталғаны туралы анықтаманың және оның фото-суретінің (сыртындағы жазу Мемлекеттік Дума 1907 ж.) ксерокөшірмесін жіберіп отырмын.
Біздің Мұнай ғылыми-зерттеу институтына Гурьевтен (Атырау-ред.) келген бір қазақ мұнайшысынан мен кездейсоқ әкемнің «История казахского народа» деген кітабы Алматыда басылап шыққанын естіп, әрине шексіз қуандым. Өкінішке орай, ол маған тек сіздің Байғалиевпен (Бейсенбай-Ұлттық Ғылыми академиксының ғылыми қызметкері. – Ред.) бірігіп жазған кіріспенің бір бөлігіннің және ксерокөшірмесін ғана жіберіпті. Өзіңіз байқаған боларсыз. Мен үшін бұл мүлде жеткіліксіз, енді мен сіздің қатысуыңызбен шыққан әкемнің кітабын алғым келді. Сөз жоқ, кітапты сатып алуға және жолға кеткен қаржыны өтер едім. Екінші жағынан, егер әкемнің еңбектерін жариялау жалғасса, менің де пайдам тиетін сияқты, өйткені менде бірсыпыра, әрине, көп емес материал бар.
Қысқаша өзім туралы:
Мен өз фамилиямды (Шейхали – ред.) әкемнің талабына сай алыппын. Әкем осылай деп ұсталып жатқанда шешеме хабарлапты. Өзіңіз де білетін боларсыз, мен әкемнің екінші некелі әйелінен туғанмын. Менің анам – Шейхали Әмина Ибрагимқызы, ұлты – қүмық, тегі – Дағыстаннан. Оның туыстары Мұхамеджанды тіпті Санкт-Петербургта оқыған кезінен біледі екен. Олар, мұсылман жастары, генерал Шейхалидың үйінде кездессе керек.
Әкемді соңғы рет 1937 жылы тұтқындағаннан кейін біз шешеммен бірге, онымен туыс нағашы апамның қолында Уфада тұрдық. Мектепті, одан соң мұнай институтын бітірдім. Ғылыми-зерттеу институтына қызметке тұрдым, кандидаттық диссертация қорғадым. Докторлық диссертациямды, ойда-жоқта Башқұртстаннан тыс жерде ұзақ уақыт қызмет атқаруыма байланысты, тәмамдап үлгермедім, тақырып бойынша жарыққа шыққан 70-тен аса еңбектерім бар. ҒЗИ-нда мен ғылыми-зерттеу бөлімін басқаратынымды, «Башқұртстан Республикасының ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер» деген құрметті атағым бар екенін айтсам, мақтанды демессіз.
Менің Асқар атты ұлым – металтанушы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қызым – Аделя дәрігер. Жұбайым – музыка мектебінің оқытушысы, қазіргі кезде зейнеткер.
Хатымның әдрес бойынша сізге тиетініне толық сенбегендіктен, осымен аяқтаймын. Сіздің хабарыңызды асыға күтемін.
Құрметпен және игі тілектермен Дәулет Шейхали (Тынышбаев)... 30.05.95 жыл.
неж, она сразу поехала ним. Они сняли там комнатушку из окраине города Я получил за свои фильмь кучу денег и тоже поехал Воронеж; купил им дом, корову. Отца^ взяли на работу инженером проектного отдела на строительстве железной дороги Москва — Донбасс. Он не уяызал, мол, произошло досадное недоразумение. Все выяснится, и опять можно 'будет работать в Казахстане. «Доброжелатели» учили меня не ездить в Воронеж. И вообще на некоторое время позабыть, что у меня есть отец. Мне давали работу, хорошо платили за фильмы, постоянно подчеркивали: дескать сын за отца' не отвечает. А я говорил — отвечаю! Могу отвечать! Хочу отвечать эа отца! Ручаюсь за каждый его поступок. За каждое его слово»,
Искандер Мухамеджа-
нович, в казахской мин о л е- ,
тописи есть ваш фильм, по
священный какой-то юби- '
лейной дате комсомола, вы
были комсомольцем?
Фильм этот не фильм. !
Так... дежурный ф иль мок. <
Комсомольцем я был 21 день, (Секретарь райкома стал уговаривать меня от-, | речься от отца. Пришлось!' набить ему морду. А^ЁГТ^Зг году меня посадили. Десять лет путешествовал из гулэга в гулаг. Долго не знал, что отца в 1937 году опять арестовали. Реабилитировали 29 сентября 1959 года. Посмертно...». ^—
Про гулаги Искандера Тынышпаева, как было договорено, не 'расспрашиваю. Мимоходом: «оидел на Соловках», «вкалывал -на 6е-ломор-канале», «Закончил я срок в Ни»»нем Тагиле. Написал письмо Ромену 1Кар-:мену: мол, нет :Де1Н'ег на дорогу. И вообще не эн>аю, куда ехать. Возвращаться в Алма-Ату опасался, к-а« бы опять «е посадили; уже «отдохнул» по горло, Кармен прислал деньги, посоветовал податься а Ташкент».
А дальше... В Ташкенте И. Тыны'шпаев снимает свой первый художественный фильм «Тамир и Зухрв», который почти сразу стал хрестоматийным для начинающих операторов; «а студии «Казахфильм»: «Его время
Достарыңызбен бөлісу: |