Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Астраханка ауылдық округінде



жүктеу 21.51 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі21.51 Kb.




Аққайың ауданы мәслихатының

2014 жылғы ­­­ 30 қаңтардағы № 20-5

шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданының Астраханка ауылдық округінде

бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің

қағидасы

1. Жалпы ережелер
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Астраханка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің осы қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы  39-3-бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Астраханка ауылдық округі ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Астраханка ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді  сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.



2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиын Астраханка ауылдық округінің әкімі шақырады.

Аққайың ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Астраханка ауылдық округі аумағында бөлек жиынды өткізуді Астраханка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды Астраханка ауылдық округінің ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Астраханка ауылдық округінің әкімімен немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Астраханка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Астраханка ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Аққайың ауданы мәслихатының бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.



10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Астраханка ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет