Сонымен, паллиативті көмектің негізгі міндеттері


Пациент туыстарына пациенттің жеке гигиена ережелерін сақтауын және дұрыс тамақтану тәртібін үйрету



бет4/5
Дата14.06.2022
өлшемі35.68 Kb.
#459209
1   2   3   4   5
Паллиативті

Пациент туыстарына пациенттің жеке гигиена ережелерін сақтауын және дұрыс тамақтану тәртібін үйрету.
Науқастың денсаулығы бұзылмас үшін оны әртүрлі қосымша аурулардан алдын ала қорғау керек. Мысалы, үйде жатқан науқас адам жеке басының тазалығын үнемі сақтап отырса, онда бұл науқастың тезірек жазылуына септігін тигізері сөзсіз. Науқас адамның жағдайы неғұрлым ауыр болса, онда оны күту де соғұрлым қиын болады.
Науқастың жеке басының тазалығы дегеніміз - күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралар. Бұған тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау,шашын жуу, тырнақтарын алу, қырындыру, жыныс мүшелерін жуу жатады.
Тән гигиенасы дегеніміз - бұл ең алдымен тері күтімі. Науқасқа күтім жасап жатқан туыстарына тінді зақымдау қаупін азайтуды үйретеміз:

  • жүйелі түрде науқас қалпын өзгерту;

  • қысымды азайтуға арналған әрекеттерді қолдану;

  • науқастың орнын ауыстыру және көтеру ережелерін сақтау;

- теріні күініне бір рет қарап тексеру, дұрыс тамақтану және сұйықтық ішуін қамтамасыз ету.


Теріде ойылудың дамуы мүмкін болатын аймақтарды күнделікті қарау: сегізкөз, өкше, тобық, жауырын, шүйде, жамбасты. Қарау барысында теріде бозарған және қызарған аймақтарды байқағанда дереу дәрігерге хабарлап емдік шараларды бастау керек. Тамақтан соң төсек жаймаларында қиқымдардың төсектің және іш киімнің қыртыстарын болмауын қадағалау. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағат сайын ауыстырып отыру. Ойылудың мүмкін болатын жерін тәулігіне 2 рет жылы су мен нейтральды сабынмен жуу қажет. Сүлгімен теріні құрғату, қолда бар ерітіндінің біреуімен өңдеу. Ойылудың мүмкін болатын жерлерге жеңіл массаж жасау ұсынылады.

Ал ауыр халде төсек тартып жатқан науқастардың аузын күніне 2 рет тазалайды.


Ауыздың шырышты қабығына қандай да бір дезинфекциялайтын ерітіндімен немесе жылы сумен малынған зарарсызданған дәке салфеткаларын 3-5 минут салып ұстау. Бұл процедура күніне бірнеше рет қайталанады. Ауыр халдегі науқастың тістерін тазалау үшін
құрамында фтор бар, тіс эмальін қорғап тіс жегін болдырмайтын пастаны қолданған жөн. Тіс шеткасы жұмсақ, қызыл иекті зақымдамайтындай болуы керек. Тіс шеткасын белгілі уақыт аралығында ауыстырып отырған жөн (6 айда бір рет ).
Ескірген шетка тісті дұрыс тазаламайды. Тіс тазалайтын жіпті абайлап ұқыпты қолдану керек, дұрыс қолданбау қызыл иекті зақымдап, қан кетуі мүмкін.
Ауыз қуысын тазалап болған соң міндетті түрде шеткамен тілді тазалау керек, себебі тілде микробтар, бактериялар болады.
Егер науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалса, оның шашын төсек үстінде жуады. Легенді керуеттің бас жағына қойып, желкесіне дейін шалқайтып, астына көтеріп қояды.
Ал науқас еркек болса, шашы қысқа етіп алынып, 7-10 күнде бір рет су сабынмен жуылуы тиіс. Ұзын шашты әйелдердің шашын жуып болғаннан кейін, оны сүлгімен құрғатып сүртеді. Сосын майда тісті тарақпен екіге бөліп тарайды.
Ауыр науқастарды күту туыстарынан сабырлықты, шеберлікті және мейірімділікті талап етеді. Әдетте, ауыр науқастар ренжігіш, талап қойғыш, шыдамсыз болып келеді. Науқастың мұндай тәртібі оның өзінен емес, оның ауруының психикасына әсер етуінен болады. Мұны аурудың әсері деп қабылдау керек. Мұндай науқастар тамақ ішуден бас тартады. Мұндай тынышсыз науқасты тамақтандыруға көптеген әдіс-тәсілді талап етеді. Науқасты тамақтандырар алдында барлық емдеу шараларын жасап, іш-құрылысын босату керек. Содан кейін бөлмені желдетіп, науқастың гигиеналық тазалығына мән беру керек. Науқасты тамақтандырар алдында науқастың жағдайы болмаса, науқасты қырымен жатқызу керек. Тағам сұйық, ұнтақталған болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет