Сонымен, паллиативті көмектің негізгі міндеттері


Пациенттің төсек ыңғайлығын қалыптастыру төсек орнын ауыстыру тәсілдерін туыстарын үйрету



бет5/5
Дата14.06.2022
өлшемі35.68 Kb.
#459209
1   2   3   4   5
Паллиативті

Пациенттің төсек ыңғайлығын қалыптастыру төсек орнын ауыстыру тәсілдерін туыстарын үйрету.
Ең бастысы кез-келген уақытта пациентке төсек-орынды ыңғайлы, жайлы етіп беру керек.
Науқас көп уақытын төсекте өткізеді, сондықтан төсек орны ыңғайлы, таза, матрастарының қаттылығы орташа, зәрін ұстай алмай төсегіне өтетін болса астына сықырламайтын, жатқан орнын былғамайтын пленка төсеу керек. Матрас ақжаймамен жабылуы тиіс. Ауа райына,күн мезгіліне байланысты қалың көрпе тысымен берілуі керек. Ауыр науқастың ақжаймасында, жастықтың, көрпенің тысында түймелер болмауы керек. Халі ауыр пациенттің төсек орнын, іш киімін уақытылы, әрі 7 күнде 1 рет ауыстырылады. Төсек орын бөлінділерімен (зәр, нәжіс, құсық) ластанса, онда тез арада ауыстыру керек.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «…біздің елімізде паллиативті көмекті дамытуға мемлекеттің мүдделі екендігін растайтын оңалту және паллиативті көмек қызметін дамыту (хоспистер, мейіргерлік күтім ауруханалары және т.б.)» міндеттері тұр .
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасында өлім-жітімді төмендету, белсенді ұзақ жасауды арттыру арқылы халықтың қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудың негізгі индикаторлары анықталған .
Қазіргі уақытта Қазақстанда паллиативті қызметті жетілдіру жолдарын анықтауға, арнайы медициналық ұйымдар – хоспистердің жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Сондықтан, «Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012- 2016 жылдарға арналған бағдарламасында» :
– онкологиялық диспансерлер мен көп салалы ауруханалар базасында онкологиялық науқастарға қалпына келтіру емін жүргізу және оңалту бөлімдерін құру,
– стационарлық және амбулаториялық деңгейде диагностика жасау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу,
– стационарға орналастыру технологияларын дамыту,
– амбулаториялық деңгейде толық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету,
– паллиативті емдеу бөлімдерін (орталықтарын) құру қарастырылған. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін паллиативті көмекті ұйымдастыру және басқарумен байланысты бірқатар мәселелер бар. Паллиативті көмек әдетте онкологиялық науқастарға айтарлықтай қолжетімді. Қатерсіз аурудан қайтыс болатын науқастарға көрсетіліетін көмек мардымсыз. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін әртүрлі патологиядағы ем қонбайтын науқастарға жасына байланысты медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек қажеттіліктері туралы нақты статистикалық база жоқ. Алынған мәліметтер республикада паллиативті көмекті одан әрі дамыту және мамандандырылған медициналық ұйымды ұйымдастыру қажеттігін дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет