СоөЖ №12 Қандастарымыздың Қазақстанның тарихи отанына оралуы


Қазақстан халқы Ассамблеясын (ҚХА) – Қазақстан халықтарының келісімі мен бірлігі қоғамдық институтын, Президент жанындағы консультативтік және кеңесші органды құру



бет2/3
Дата02.11.2023
өлшемі25.06 Kb.
#482204
1   2   3
СОӨЖ №12

Қазақстан халқы Ассамблеясын (ҚХА) – Қазақстан халықтарының келісімі мен бірлігі қоғамдық институтын, Президент жанындағы консультативтік және кеңесші органды құру.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында жариялады. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Жарлық шықты. 1995 жылы 24 наурызда Ассамблеяның 1-ші сессиясы сол тұстағы астана Алматы қаласында өтті. Оған қатысуға барлық облыстарда кіші ассамблеялар құрылып, олардан 260 делегат сайланып, 40 ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері енген.
Ассамблеяның міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау әрі дамыту.
Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының тікелей күш салуымен этносаралық қатынастар саласын саясаттан тыс сақтап, азаматтық қоғам қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіп отыр.Жалпы алатын болсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуы бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - 1995-2002 жылдар аралығы.
Соңғы қабылданған жаңа Конституцияда мемлекеттік тұғырдың басым бағыттары деп жалпы азаматтық қағидаттар толықтай қарастырылды. Ескі Ата Заңдағы қазақстандықтарды байырғы ұлт және кейіннен қоныс аударған этностар деп екіге бөлу қысқартылып, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі жарияланды. Аталған мәселелер қоғамның бірігуін жеделдетіп, ел тұрғындары тарапынан толықтай қолдауға ие болды. Жаңа Конституция заңнамалық деңгейде этностардың ұлтына, тіліне, діліне, дініне, нәсіліне қарамастан тең құқықтылықты қамтамасыз етті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктіруші күші, еліміздегі барлық этностарды жұмылдырушы қасиеті мемлекеттік ұлттық саясаттың басты тұғырына айналды. Ассамблея этномәдени бірлестіктерді дамыта отырып, саяси, құқықтық және мәдени бағытта қазақстандық жаңа үлгіні тәжірибеге енгізді.
Ассамблея тоталитарлық «біркелкілік» жүйесінен шыққан этностардың дәстүрі, тілі мен мәдениетін қалпына келтіруге, дамытуға толық жағдай жасалуына күш салып, халық ықыласына бөленді. «Сан алуандық арқылы бірлікке» деген бағытта дамыған этносаралық қатынастың қазақстандық үлгісі қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет