Сөз жауһары — мақал-мәтел Жоспар



бет4/10
Дата01.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#463823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ожсөж5 Омиржанова

Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі және алуан, ол халықтың әлеуметтік шаруашылығы, рухани өмірін түгел қамтиды. Сол арқылы әр түрлі тақырыптар Отан, туған жер, атамекен, адамгершілік пен достық, еңбек туралы болып келеді. Елі мен жерін емірене сүйген халық Отанды шексіз сүюді ұрпағына өсиет етеді. «Ел - елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жердей жер болмас - туған елдей ел болмас», «Ө¬з елің - алтын бесік», «Ер жүрегі – ел үшін туады, ел үшін өледі»,- деп халықтың туған жеріне, еліне деген шынайы сүйіспеншілігі терең түйінделген. Сол арқылы туған жерді алтын бесіктей аялап, бағалау керектігін, ол үшін өміріңді берсең де артық еместігін бейнелейді. Мақалмәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады.


Мысалы: «Өнер алды қызыл тіл», «Елін сүйген ер болар», деген мақалда ешқандай астар, тұспал жоқ болса, «Не ексең соны орасың» дегенде астарлы ой жатыр. Халық бұл арқылы істеген ісінің нәтижесі сол ісіңе орай дегенді, ишара етеді. Мақал - мәтел қосарлана айтылып, бір - біріне туыс болғанымен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтармақал - мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да байқалады. Мысалы: Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алса екі жай сөйлемнен тұрады, ой тиянақты. Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгерек. «Әлін білмеген әлек», Көппен көрген ұлы той» деген тұспал мәтелде басым. Алайда екеуі де халықтың ғасырлар бойы жинақталған даналық ойының мәйегі болғандықтан егіз қозыдай сыңарымен мақал - мәтел деп бірге айтылады.


Мақал да, мәтел де - сөз асылы, сап алтыны. «Мақал - сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен, өрнегімен ерекшеленеді. Мақал мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Мақал - мәтелдерде бейнелі ойға жетелейді.


«Түсіне қарасаң күндей, ішіне қарасаң түндей»- деп жүзі күндей жарқырап күлімдеген адамнан да жаны жамандыққа құмар, зұлым адамның шығатынын дәл суретімен өрнектейді.
Сөз қолданысы айтуға жеңіл, өткір ойлы, ұшқыр мақал - мәтел халқымыздың ой шеберлігін, бай тілін дәлелдей түскендей өшпес мұра екені де сондықтан болар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет