Сөз жауһары — мақал-мәтел Жоспар



бет9/10
Дата01.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#463823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ожсөж5 Омиржанова

    Бұл бет үшін навигация:
  • Мәтел

Сырымның тапқырлығы


Мөңке бидің үйіне арық құнанына мініп, Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би бәйбішесіне ""Балаға айран бер" дейді. Таңертең семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанын көріп, налыған Мөңке би:
– "Құтты қонақ келсе, қойы егіз табады, құтсыз қонақ келсе, малын қырсық шалады" деген, қызыл тұсақ үйелеп өліп қалыпты. Құтсыз қонақ болдың. Үйімнен кет, бала, – дейді.
– Олай болмас, биеке, – депті Сырым. – "Құтты қонақ келсе, малы өліп, өзі аман қалады. Құтсыз қонақ қонса, өзі өліп, малы иесіз қалады". Менің қандай қонақ екенімді қайдан білесіз? Мүмкін құтты қонақ шығармын, – деп жауап берген екен. Мөңке би баланың бұл сөзіне аң-таң болыпты да:
– Рас айтасың, балам, сен шынында құтты қонақ екенсің, – деп, сый-құрмет көрсетіпті.

Мәтел


Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мазмұнында. Мақал – өмірде болған елеулі оқиғаға берілген даналық қорытынды. Ал мәтелде сөз айшықты, көркем теңеу қолданылады. "Көппен көрген ұлы той", "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда" деген мәтелдерден аңғаруға болады, яғни, мақалдағыдай дәлелдеу, қорытынды пікір болмайды. Тек ойды жанамалап жеткізеді. Қалай дегенмен, "мақал да, мәтел де – халықтың қазынасы, тіл майданындағы басты қаруы" дейді Дандай Ысқақ.

Қорытынды


Халық даналығының бір түрі мақалмәтелдердегі мағына, мәні терең, аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізетін шеберлік ұлттық мақтанышымыз десек те артық емес. Сондықтан ата - бабаларымыздың асыл қазынасы, даналық мәйегі көздің қарашығындай сақтап, бағалау басты парызымыз болу керек.
Мақал өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет