Мақал – мәтелдер қай тақырыпқа көп арналған?
Өмір, тұрмыс – тіршілік, қоғамдық құбылыстар;
Төрт түлік мал туралы;
Адалдық, адамгершілік, ізгілік, достық туралы;
Еңбек, байлық, кәсіп пен нәсіп туралы;
Сақтық, қырағылық туралы көп айтылған.
– Мақал адам өмірінің барлық саласын қамтыған. Алайда заман талабына сай өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, еңбек туралы айтылған мақалдардан халықтың оған деген көзқарасын білуге болады. "Еңбегі бардың – өнбегі бар", "Еңбек түбі – мереке", "Бейнет түбі – зейнет", "Бейнетсіз рахат жоқ", "Еріншекке ошақтың екі бұты айшылық жер". Сонымен қатар мал сырын жақсы білетін қазақ төрт түліктің өзіне тән қасиетін де атап өткен.
"Мал бақсаң қойдан бақ, май кетпейді шараңнан", "Ат шаппайды, бап шабады". "Жатқанға жан жуымас, Жалқауға жан жуымас", "Ұрыға мал құтаймас", "Жортуылшының басы жолда қалады". "Жылқы – малдың патшасы" деп ойын анық аңғартып отырған. Бір айта кетерлігі, қазақ мақал-мәтелдерінің басты ерекшелігі қанша уақыт өтсе де мәнін жоймаған, ескірмеген, – дейді филолог.
XIX ғасырда туындаған мақал-мәтелдердің негізгі тақырыбы – егіншілік, адал еңбек, бірлік, ынтымақ туралы болып келеді. "Жер-ырыстың кіндігі", "Егін еккеннің есесі көп", "Астығы бар аш болмайды", "Бірлік болмай, тірлік болмас", "Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ", "Ырыс алды – ынтымақ", "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді", "Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ" деген мақалдар осының дәлелі.
Сонымен қатар ел мен жерді қорғау, ерлік тақырыбындағы мақалдардан халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін патриотттық сезімін аңғаруға болады. Мысалы, "Ел іші – алтын бесік", "Туған жердің тауы ыстық", "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол".
Халық – қоғамдағы барлық материалдық, рухани байлықтарды жасаушы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тұрмысты қалыптастырушы, алға қарай дамытушы негізгі күш иесі болғандықтан, "Көпке топырақ шашпа", "Көп қорқытады, терең батырады" деген мақалдарымен көппен санасу керектігін аңғартады.
Қазақ малдың сырын жақсы білген / Фото ғаламтордан алынды
Достарыңызбен бөлісу: |